Акимат » Семей қаласындағы жастар саясаты 2012 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласындағы жастар саясаты 2012 жылдың 1 қаңтарына

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес,  Семей қаласының жастары 100 935 адам, яғни тұрғындардың 30% құрайды, оның ішінде қалада – 94727 адам, ауылда -6208 жастар тұрады. Ер адамдар -48 915, әйел адам – 52 020.

Қалада жастар саясатының іске асуының аясында  30 шақты қоғамдық ұйым белсенді жұмыс атқарады.

Жастар саясатының іске асыру үшін жыл сайын қала бюджетінен қаражат бөлінеді. 2011  жылы 11 млн. 649  мың тенге бөлінді.

Қала   әкімдігі   жанындағы   жастар   ісі жөніндегі кеңесі жұмыс атқаруда.  Кеңестің мақсаты жастар саясатының негізгі  мақсаттар бойынша ұсыныс шығыру және жастардың мәселелерін шешу болып табылады. 

2008 жылдан бастап Балалар және жастар сарайында  «Жастар салауатты өмір үшін» ШҚО ЖҚБ негізінде жастар және жастар ұйымдар үшін ресурстық орталық әрекет етеді. Жобаның мақсаты қаладағы және жақын ауылды мекендердің жастар ұйымдарға ақпарат беру, білімділік, кеңес беру және әдістемелік қолдау, күшейтумен үйлесімділік белсенділігі, сонымен қатар жастар ұйымының теңдік шарттарымен даму және жағдайға байланысты әлеуметтік мәні ісі бар шешім қабылдап, кешенді әлеуметтік  мүмкіндік беруге қызмет көрсету.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша қалалық бағдарламасына сәйкес жастардың мәселелерін шешу және әр-түрлі бағыттар бойынша дамуына әсер ететін әлеуметтік қызметтер және жобалар іске асырылды:

2011 жылы жастар үшін 5 әлеуметтік  жобалар мен қызметтер жұмыс атқарды:

1. Жастар арасында салауатты өмір салтын және нашақорлықтан сақтануды насихаттау бойынша әлеуметтік қызмет

2. Жастар арасында волонтерлік мәдениеті дамыту бойынша әлеуметтік қызмет

3. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша әлеуметтік жоба

4. Ауыл жастарын ынталандыру бойынша әлеуметтік жоба

5. Жастардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру және бәсекелестігін арттыру бойынша әлеуметтік жоба

Сонымен қатар  әлеуметтік жобалармен бірге мәдени-көпшілік, спорттық шаралар, акциялар, сайыстар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер, жастармен кездесулер, ойындар өткізіліп, әдістемелік құралда, ақпараттық материалдар, кітапщалар және анықтамалар шығарылды.

Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту жұмыстары жүргізілуде.

2011 жылдың 12 айының ішінде 29 жасқа дейінгі 2343 адам жұмысқа орналыстырылған. 

Жастардың басым бөлігіне манандандыру әрекеті бойынша «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындар»  және қоғамдық жұмыстарға тартылуда.

«Жастар практикасы » бағдарламасына 877 түлек қатысты. Әлеуметтік жұмыс орындарына 59 адам, қоғамдық жұмыстарға 406 адам тартылды. 

Жоғарғы оқу орындарымен колледж, мектеп оқушылары «Жасыл ел» және  ҚСЖО бағдарламасымен жұмыс жүргізуле.

Қазіргі уақытта аяқталған «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасында 291 адам жұмыс жасаған. Республикалық бюджеттен осы мақсаттарға 3141мың  теңге бөлінді.

2011 жылдың 12 айында 29 жасқа дейінгі 329 адам мамандандыру оқуына жіберілді. 

Мамандандыру оқытулары жастар арасындағы жұмысқа деген бәсекелестік қабілетін жоғарылатты, жастардың өздерінің мамандықтары бойынша жұмысқа тұру мүмкіндіктерін кеңейті.

Бұл бағдарлама бойынша курстық жұмыстар, экономикалық курстар, сонымен қатар рыноктық экономикалық белсенділік арттыру. Кәсәпкерлік белсенді жастарды дамыту мүмкіндіктерін туғызды.

Қазіргі уақытта «Жастардың кәсіпкерлілігін жоғарылату»қоғамдық фонды құрылған. Бұл фонд жас кәсәпкерлердің  назарына қолайлы шарттар ұсынады, жаңа жұмыс орындарын ашу, жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында нәтижелі инфрақұрылым ұсынады.Қазіргі күні «Кәсіпкерлік бастама», «Бизнес план жазу» тақырыбында семинарлық оқыту жүргізілуде.

Жас кәсіпкерлерді қолдау аясында проэктілерді микрокредтиттау жүргізіліп, жаңадан жұмыс бастап жатқан кәсіпкерлерге қаладағы микрокредиттық организациялар  ЖШС МКО «Алха», ЖШС МКО «Азиаттық кредит фонды», ЖШС ОМК «Береке» қолдау корсетуде.

«Жол картасы бизнесі 2020» бағдарламасы бойынша семинар – тренинг оқыту жұмыстары, сонымен қоса «Бизнес-Кеңесші»бастаушы кәсіпкерлермен жас мамандардың назарына ұсынылды.

Жастардың тұрғын үй  мәселелері Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес шешімін тауып жатыр.

Әлеуметтік инфрақұрылым: қалада 73 орта білім беретін мектеп, 6 жоғарғы оқу орны, 28 колледж, 5 кәсіби лицейі, 2 мәдениет үйі, 16 клуб, 15 кітапхана, 334 спорттық ғимарат, оның ішінде 213 спорт алаңы, 4 бассейн, 4 стадион, 4 спорт кешені, 103 спортзал бар.

Бүгінгі күні 19 аула клубы жақсы жұмыс жасауда.1420 жас жеткіншектермен балалар 109 спорттық секцияларымен үйірмелерінде тегін дайындалуда.

Жастардың қолы бос кезінде айналысуға болатын балалар және жастар мәдениет сарайы,  «Жас Қанат», «Жас жұлдыз» спорттық орталықтар қызмет атқарады. 73 орта білім беретін мекемелерде 206 спорттық секциялар бар.

Қала аумағында жас спортсмендер үшін 3 облыстық спорт мектебі жұмыс жасайды. Қалалық спартакиада мен басқа да спорттық шаралар өткізіледі.

Жылдың басында жас таланттарды қолдау және дамыту үшін жылсайынғы өткізілетін шаралары: жігіттер үшін «21 ғасырдың мырзасы», «Жігіт сұлтаны», қыздар үшін «Семей аруы», «Мисс Семей», «Студенттер аруы»,  «Наурыз көктем мерекесі» фестивалі, «Жастар күні», «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні», хип-хоп, рок тағы басқа  фестивальдар өткізілді.

Қаламыздағы достық үйінде 7 тегін шеберлік өнер үйірмесі, тегін тілді оқыту курстары және жастар клубы бар.

Қазақстан азаматтығының дамуы мен қазақ ұлтының ұлтжандылығын жастар арасына дәріптеу үшін әскери-спорттық ойындас мен сайыстар өткізілді.

Жоғарғы сынып оқушыларымен алғашқы әскери дайындық сабағында мемлекеттік нышандармен ұлтжандылық тәрбиесін қолданады. 

Мемлекеттік нышандар күнінде «Менің Қазақстаным» атты патриоттық форум өтті. Бұл форумда белсенді  ҚР нышандарын насихаттаған қатысушыларды мадақтамамен марапаттап, құнды сыйлықтармен марапатталды. Форумның өту барысында сұрақ-жауап ретінде «Нышандар күні», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20-жылдығы» тақырыбына концерттік бағдарлама және жастар арасында акция өтті.

ҚР Тәуелсіздігіне 20-жылдығына арналған Алтай тауларына туристік саяхат ұйымдастырылды. Бұл шараларға қатысушылардың нышандарды меңгеруін бекітетін көптеген интелектуалдық ойындар ұйымдастырылды.

Интеллектуалдық ойындар жан-жақты білімге, тәрбиеге, жастардың көптеген мүмкіндіктерін туғызады. Және де оқыту семинарлары, брейн-ринг ойындары, «Своя игра», дебаттық турнирлер, КВН ойындары жүргізілді.

Жастар арасындағы білімсіздікті жою мақсатында «Street Law» семинар – тренинг, дөңгелек үстелдер, олимпиадалар, Заң жайында тегін кеңес «Студенттік заң клиникасы»  шаралары жүргізілді.

Салауатты өмір салтын қалыптатыру, жастар арасындағы денсаулық сақтау дағдысын, әскери-спорттық  жарыстар, спартакиадалар, «Темекіге қарсы әледік күні» акциялар, флэш-мобтар, семинар, наркоманияға қарсы тренингтар,  ішімікке және темекіге қарсы ақпарттық мәліметтер таратылды.

Экологялық тәрбие мақсатында қоршаған ортаны қорғау акциялары «Марш алаңы»  ақпараттарды тарату семинарлары, қойылымдар,қоршаған орта байланысты конкурстар, ағаш отырғызу шаралары өтті.

Акциялардың нәтижесінде ана және бала саяжолы, ҚР тәуелсіздігіне 20-жыл болуына байланысты саяжолы, табиғатқа деген махаббат мектеп орманшыларымен экологиялық группалардың басты мақсаты жас жеткіншектермен, жастардың табиғатты қорғау жауапкершілігін ояту.

Жыл басында қалада волонтерлік мәдениетті дамыту бойынша шаралар өтті. Бұл шаралардың әлеуметтік-маңызы бар мәселелерді шешу бағытында ұйымдастырылып, қоғамдық жұмыстарға белсенді өз еркімен қатысушылардың назарын аудартты. Соңында игілікті іс жасау акциялар жүргізілді,  игілікті істерді ұйымдастыру барысында канцелярлық тауарлары, кітап, ойыншық, тренинг,дөңгелек стол, семинарлар, балалар үйінде мейрамдық шаралар, мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік тәсілдер көрсетілді. Ақпараттық мәліметтер таратылды.

Ауыл жастарының ынтасын ояту жұмысы жалғасып, «Жастар ұйымының құрылуымен бірігуі», «Жетекшілік және құрылымдық команда», «Жобаның жазылуы», «ҮЕҰ деген не?», «Әлеуметтік бірлестік» ақпараттық жеңілдіктер жасалды.

Жастарды ынталандыру және ерекше еңбектері үшін жыл сайын «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін» әкімінің сыйлығы тапсырылады. 3 желтоқсанда қалада облыстық форумы өтіп, оның шеңберінде педагогикалық колледжде «Жастар және қазіргі заман: ұлтаралық келісім концепция шеңберінде» атты халықаралық конференция (Түркия, Қырғыз, АҚШ азаматтардың қатысуымен), орталық алаңда «Жастар – тәуелсіздіктің тірегі» атты флеш-моб, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен және дарынды балалармен кездесуі, Президенттік мектебінің оқушыларын «Жас Улан» және «Жас қыран» республикалық ұйымға қабылдау рәсімі өтті. Абай атындағы театрда салтанатты түрде «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін» облыс әкімінің сыйлығы тапсырылды. Оның біреуінде «Студенттік көшбасшысы» номинацияны Семей қаласының  «Жас заңгерлер достығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Смогулов Диас ұтып алды.

2011 жылдың 28 желтоқсанда қалалық форум өтіп, оның шеңберінде педагогикалық университетінде «Жастардың сайлауға қатысуы» сөйлесу алаң, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінде «Кеңсе қызметкерлерді кәсіби қызметіне дайындау» атты дөңгелек үстел өтті. Қалалық мәдениет Сарайында салтанатты түрде «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін» қала әкімінің мына номинациялары бойынша сыйлығы тапсырылды:

- «Жылдың жас көшбасшысы» - республикалық жастар қоғамдық ұйымының «Семей КВН» филиалының директоры Нурбеков Бауыржан лауреат ретінде танылды;

- «Жылдың студенттік көшбасшысы» - Қазақ қаржы-экономикалық академиясының студенті Еркінбаев Кайсар;

- «Жылдың жастар ұйымы» - «Қазақстан жастарын қолдау» ШҚО жастар қоғамдық бірлестігі;

- «Жылдың жас отбасы» - мемлекеттік педагогикалық университетінің қызметкерлері Умбетаев Шынғыс және Жакаева Әсем;

- «Жылдың жастар акциясы» - «Балаларға қуаныш сыйла» қайырымдылық акция. Бастамашы - «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты.

- «Жылдың жас кәсіпқой» - мемлекеттік педагогикалық университетінің қызметкері Мукаев Жандос;

- «Тәуелсіздіктің құрдасы» жылдың арнайы номинациясында  Қазақ қаржы-экономикалық академиясының студенті Баймағулов Мұхтар болып танылды.

Өңдеу күні: 24-04-2012