Акимат » Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2012 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2012 жылдың 1 қаңтарына

 

Семей қаласының білім жүйесінің  көлемі әр түрлі барлық білім деңгейіндегі оқу орындары мен ондағы оқушылардың санымен сипатталады.

Қалалық білім жүйесінде 110  білім ұйымдары  көрсетілсе, онда   50 мыңнан астам бала білім алып, тәрбиеленуде және 4233 мұғалім қызмет жасауда.

Жыл сайын бөлінетін қалалық және республикалық бюджет қаражатының  көлемі көбеюде, 2010 жылы білім жүйесіне жергілікті және мемлекеттік  бюджеттен 5,1 млд. теңге бөлінсе, оның республикалық бюджеттен -351,3 млн. теңге, ал 2011 жылы -6,1 млд. теңге , оның ішінде республикалық бюджеттен – 368,3 млн. теңге.  Білім  жүйесінің бюджеті  былтырғы жылға қарағанда 12 пайызға өсті.

Мектепке дейінгі біліммен қамтуды дамыту әлі де негізгі міндет  болып қалады. 2011 жылы қала бойынша 18 мектепке дейінгі балалар мекемелері және мектепішілік 56 шағын-орталықтар жұмыс істеді. Қалада мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамту 85% (8735) құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,4% артық.

«Балапан» бағдарламасына сәйкес 2011 жыл ағымында 8 наурыз көшесі, 34 мекен-жайдағы балалар бақшасының 1 ғимараты қайтарылды. Қазіргі уақытта құрылы  бөлімі ЖСҚ әзірлеуде (140 орындықты ғимаратты қайта құру). 610 орынға мемлекеттік тапсырыс жеке меншік мекемесіне  берілді.

Мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің аясында  «Иртыш Пауэр энд лайд» ЖШС меморандум бекітіліп, соқырлар қоғамының бұрынғы 160 орынды балалар бақшасының ғимаратын сатып алып, күрделі жөндеу жүргізіп,  2012 жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға беріледі.  

2012 жылы «Балапан» республикалық бағдарламасын іске асыру жалғасын табады. Мектепке дейінгі  мекемелерде орынның тапшылығын төмендету мақсатында 2011-2013 жылдары білім объектілерін дамыту бағдарламасы жасалынды.

Қалалық білім бөлімі жүйесінде 79 орта білім ұйымдары 36432 оқушы санын қамтиды.  

Қазақстан Республикасының 20 жылдығына байланысты «20 қайырымды іс» акциясы аясында №45 орта мектеп   ішінде алыс қашықтықта орналасқан елді мекендердің  балаларына  арналған мектепішілік интернет ашылды.

Экспериментті жұмыстар 6 мектеп базасында 3 бағытта жүргізілуде: 

12-жылдық білімге көшу, ағылшын тілін ерте кезден оқыту, ағылшын тілінде биология пәнін оқыту.

Семей қаласының білім жүйесінің даму ұстанымының бағыты 12-жылдық білімге көшуге дайындық болып табылады. Осыны негізге ала отырып, 12-жылдық білімге көшу жоспары  бекітілді. Семей қаласы бойынша  жалпы орта мектептерінің 12-жылдық білімге көшу туралы 2012-2015 жылдарға арналған  іс-шараларының жоспары  жасалынып, бекітілді.

Білім сапасының көрсеткіштерінің  ішкі мемлекеттік бақылау, мемлекеттік аралық бақылау  және ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы болып табылады.

2011 жылы  Семей қаласы  облыс көлемінде мемлекеттік аралық бақылау  қорытындысы бойынша  6 орында, орта балы  9 сыныптарда -24,75 және 4 сыныптарды – 16,89  құрайды.

2011 жылғы Бірыңғай Ұлттық Тестілеу нәтижесі жоғары,  орта бал 90,9,  2010 жылғы көрсеткіштен 2,8 бал жоғары көрсеткіш  көрсетіп отыр. 51 түлек «Алтын  белгі» аттестатын алса, ал былтырғы жылы – 25 түлек алған.  Үздік аттестат иегерлері 65 түлек, 2010 жылмен салыстырсақ 23 оқушыға артық. ҰБТ орта балының өсуімен қатар осы сынақта 100 балдан жоғары бал алған оқушылардың саны да өсуде. Олардың саны 774 құраса, оның ішінде 52 оқушы 120 балға жуық  бал алды.

2011 жылы 15000 оқушы әр түрлі  деңгейдегі интеллектуалды сайыстарға қатысты. Қала мектептерінің ішінен 2 оқушы халықаралық олимпиада мен мектеп оқушыларының ғылыми жоба медалінің жүлдегері  болды, былтырғы жылға қарағанда 4 медальға өсіп отыр.

Балалардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін сақтау, өмірін қорғау туралы сұрақтар білім ұйымдарында ерекше қолға алынды. 2011 жылы қала мектептерінде  әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың  балаларына (жалпы саны 5177)  арналған тегін тамақтандыруды ұйымдастырды. Осы мақсатқа 2011 жылы 98 млн. теңге бөлінді.

Қалалық білім жүйесін оқулықтар мен оқу-әдістемелік   құралдармен қамтамасыз ету үнемі бақылауға алынады. 2011 жылы оқу  әдебиеттерін алу үшін жергілікті бюджеттен 50,3 млн. теңге  бөлінді.

Былтырғы жылмен салыстырғанда мектептен тыс ұйымдардың саны 5-ке өсті (1- қалада, 5- ауылдық жерде). Еліміздің Тәуелсіздігінің мерейтойының қарсаңында «20 қайырымды іс» акциясы  аясында № 43 жалпы орта білім беретін мектеп базасында балалар сурет мектебі жұмыс істеуде. Бұл мектепте «Сурет», «Кескіндеме», «Мүсін», «Бейнелеу өнерінің тарихы», «Графика» салалары бойынша 110 оқушы білім алады.

Мектептен тыс ұйымдардағы үйірмелердің жалпы саны -384. Былтырғы жылмен салыстырсақ 1,4 пайызға көбейіп отыр, ал үйірмеге қатысатын балалар саны 2 пайызға өсті. 

Жыл ағымында білім бөлімі мен білім мекемелері бірлесіп Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты, «20 жыл бейбітшілік пен жасампаздылық» атты девизбен 400-ден  астам әр түрлі шаралар өткізілді. «Семей – болашақ белсенділер қаласы», «Менің тәуелсіз Қазақстаным», «Бір шанырақ астында  20 жыл бейбітшілік пен татулық» атты үлкен тәрбие жобалары жүзеге асырылды. Республикалық балалар ұйымын құру шеңберінде Шығыс  Қазақстан әкімінің қатысуымен «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» қатарына алғашқы 100 мүшенің салтанатты қабылдануы өтті. Мектептерде сурет, шығарма сайыстары өтті, оқушылар «Туған ел – алтын бесігім», «Ардагер жаныңда тұрады», «Рақымшылық», «Жасыл жапырақ» акцияларында белсене қатысты. Білім мекемелері облыстық және республикалық  мерекелік іс-шараларға белсене қатысты. Балалар биологиялық орталығы «Үздік қосымша білім беру ұйымы» атты Республикалық сайысының «Білім ұясы» номинациясында бірінші орынға ие болды, облыстық мектеп мұражайлары сайысында № 6 гимназия мұражайы бірінші орынға ие болды, № 37 гимназия мұражайы – үшінші орынға ие болды.

Семей қаласында жаздық сауықтыру және демалу орындарына балаларды қамтуға ерекше көңіл бөлінеді.

2011 жылы жаздық сауықтыру  лагерінде 2658 бала жергілікті бюджеттен бөлінген 105 млн. теңге  қаржысына демалды.  2012 жылы сауықтыру және демалуды ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 128 млн. тенге бөлініп, 3200 баланы  қамтылуды жоспарлап отыр.

Жылдан жылға отбасыларда балалардың саны көбеюде. 2011 жылы 413 бала асыраушыларының қамқорлығында болды. 2011 жылы Қазақстан Республикасының азаматтары 67 баланы асырап алды. Шет ел азаматтарының балаларды асырап алу саны жылдан жылға азайып келеді. 2009 жылы – 26 сәби, 2010 жылы – 24 сәби. Ал 2011 жылы шет ел азаматтары 2 баланы асырып алды.

2011 жылы балалар  және жетім балаларға арналған мекемеге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 71 баланы , оның ішінде балалар үйіне 17 бала, сәбилер үйіне 54 бала жіберілді. 2011 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің 2011-2015  жылдарға арналған даму стратегиялық жоспары, ҚР үкіметінің 19.02.2011 №160 қаулысымен бекітілген ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған балалар мен жетім балаларды асыраушысының 10 айлық есептеу көрсеткіші  көлемінде жәрдемақы төленеді.

2011 жылы 9  білім объектілеріне күрделі жөндеу жүргізіліп, жалпы құны 54,6 млн. теңгені құрады.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары  98 білім объектілеріне жүргізіліп, жалпы құны 63,6 млн. теңгені құрайды.

2011 жылы материалдық-техникалық базасын нығайту үшін  116,3 млн. теңге қаржы жұмсалды, оның ішінде 93,3 млн. теңге  республикалық трансферты құрайды. Бұл қаржыға мыналар алынды:

-  52,2 млн. теңге қаржы  14  жаңа модификациялы  пән кабинеттері ,

-  51,5 млн. теңге қаржы үйде білім алатын мүгедек балалар үшін бағдарламалы құралдармен қамтамасыз ету,

- 2,2 млн. теңге қаржы автокөлік,

- 3,9 млн. теңге қаржы жалпы білім мектептерінде жылу жүйесінің насостарын блогымен,

- 1,4 млн. теңге қаржы медициналық кабинеттерге құралдар алу үшін жұмсалды.

Сапалы білім беру жоғары білікті мамандарсыз  мүмкін емес.

Аймақ мектептерінде  4233 педагогика қызметкерлері жұмыс істейді, оның ішінде 88 пайызы жоғары білімді. Жоғары білімді мұғалімдердің саны 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 46-ға өсті.  2010 жылмен салыстырғанда   арнайы орта білімі бар мұғалімдердің саны 26-ға төмендеді. 2011 жылы біліктілігін көтеруге өтініш білдірген  мұғалімдердің барлығы аттестациядан өтті. 2011 жылы біліктілігін артыру курсынын 1751 мұғалім өтті.

2011 жылы қала мектептерінде 59 жас мамандар келді, олардың ішінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 12 мұғалім бар. Тәжірибе алмасу және аймақтық мұғалімдер мен әдіскерлердің үздік әдістемелік базасымен танысу, озық педагогикалық іс-тәжірибелерді тарату, жас мұғалімдердің шығармашылық жолын дамыту, интеллектуалды жұмыстардың қыр-сырын оқыту және «шығармашылық технологиясы», ұстаздарға әдістемелік көмек көрсету және қазіргі жаңа білім технологияларын дамыту және мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру - білім бөлімінің дәстүрлі жұмыс түрі болып табылады.

Өз іс-тәжірибелерін 1455 мұғалім, оның ішінде республикалық деңгейде – 452, облыстық  деңгейде – 376, қалалық деңгейде – 627 мұғалім (педагог) таратты.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған  білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Балапан» бағдарламасын тарату - 2012 жылы білім ұйымдарындағы міндеттердің ұстанымы мен бағытының негізгі болып табылады:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті стандартты мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, негізгі орта және жалпы орта біліммен қамтамасыз ету;

- білім сапасын арттыру;

- білім ұйымдарының жүйесін дамыту;

- 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтуды ұлғайту;

- мектеп жасындағы балаларды міндетті оқытумен қамту;

- техникалық және кәсіби білім қажеттілігін ұлғайту;

- оқытудың жаңа және ақпараттық технологияларын игерту;

- әлеуметтік серіктестіктің тиімді жүйесін құру;

- қазақ тілін үйренуді жетілдіру;

- балалардың өмірін сақтау, денсаулығы мен өмір қауімсіздігін қорғауды қамтамасыз ету;

- 12-жылдық білімге көшу;

- білім ұйымдарындағы оқу-материалдық базасын модернизациялау және бекіту. 

Өңдеу күні: 24-04-2012