Акимат » Көркейту және ТКШ 2011 жылдың 1 қазанына

Көркейту және ТКШ 2011 жылдың 1 қазанына

 

Тұрғын үй қоры. Қаланың тұрғын үй қоры 1305 көппәтерлі тұрғын үйінен тұрады, 60133 пәтер, пәтерлердің жалпы ауданы 3125 мың шаршы метрді құрайды.

955 тұрғын үй нысаны 172 ПИК, ӨК және жай серіктестіктер күшімен ұйымдастырылып, басқарылады. Басқару органдарынсыз 342 үй ұсталады, негізінен бұл үйлер Восточный, Восход, Степной, Суық бастау, Западный, Коммунальник, Өзеншілер қалашығы,  сонымен қатар біржарым қабатты, пешпен жылынатын тұрғын үйлер.

917 өтініш қаралды, оның ішінде 328 ПИК жұмысының және үйішілік коммуникацияның техникалық жағдайының қанағаттанарлықсыз екендігі бойынша болған. Әр өтініш бойынша сол орынға шыға отырып, үйлерге тексеру жүргізіліп, тұрғындарға және басқару органдарына анықталған жетіспеушіліктерді жою жөнінде ұсыныстар берілген.

ПИК,  өндірістік кооперативтер және жай серіктестіктер басшыларымен тұрғын үйді пайдалану және ұстау, жылумен қамтамсыз ету және үйлерді терможетілдіру жөніндегі мәселелер бойынша 18  кездесу ұйымдастырылып, жиналыстар өткізілді. Бұл мәселе «Спектр», «Семипалатинские вести»газеттеріне жарияланып, ақпараттар ТВК-6, «Қазақстан-Семей»телеканадарында айтылған. «Қазастан-Семей» телеканалындағы «Сұрақ белгісі» айдарында 14 ақпан күні тікелей эфир болды. Жөндеу жұмыстарын несиелеу және тұрғын үйді жылылау, ортақ мүлікті күрделі жөндеуге тұрғын үй көмегін рәсімдеу жөнінде түсініктеме беру үшін күнделікті тұрғындарды қабылдау жүргізіледі.  

Ай сайын  тұрғын үйді ұстаудың 1м2 шаққандағы құнына мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі күнге міндетті алымның орташа көлемі жалпы алаңның 1м2 - 14,8 теңгені құрайды. Алдымыздағы жылу мерзіміне үйлерді дайындаудың талаптарының күшейтілуіне орай, жертөлелердегі құбырларды оқшаулау, подъездер мен төбе жабындарын жылылау, коммуникацияны тиісті техникалық жағдайға келтіру міндетті болып табылады. Қазіргі уақытта ортақ мүлікті ұстауға тарифтің өсуі болуда. 

Техникалық қадағалау және көркейту секторы

Семей қаласының жолдарын жөндеуге 2011 жылы Семей қаласы бюджетінен 316,785 млн. теңге бөлінген, оның ішінде: 256,785 млн. теңгесі Суворкин, рыков, Чехов, Засядко көшелері бойынша орташа жөндеу жұмыстарына және 60,0 млн. теңгесі ағымды (ойып) жөндеу жұмыстарына аударылған. Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген көшелер бойынша жүргін бөлікті орташа жөндеу жұмыстары аяқталуда.

Қала жолдарын ағымды (ойып) жөндеу жұмыстары аяқталған. Жөндеу жұмыстарымен қаланың 39 көшесі қамтылып, жұмыс жүргізілген алаң 27386,3 шаршы метрді құрайды.

2011 жылы «Семей» көркейту және көгалдандыру бойынша МКК кәсіпорнымен 150 мың м2 алаңдағы көгалдарды күту, 4 мыңнан астам м2 алаңға гүлзарлар жайластыру жұмыстарын, 4 мың бірліктен астам ағаштарды суару бойынша жұмыстары атқарылады, 230 бірлік құрғақ дінді және апатты ағаштарды  кесу жұмыстары аяқталды, жасыл қоршауды қырқу бойынша жұмыстар, ағаш өскіндерін кесу, белсенді демалу алаңдарын ұстау жұмыстары жалғасуда, автокөліктің қауіпсіз қозғалуын қамтамасыз ету үшін жолдың жүргін бөлігін таңбалау жұмыстары жүргізілуде, қаланың орталық көшесі бойынша орындықтар мен урналарды жөндеу және сырлау жұмыстары аяқталды, Восточный кентіндегі жерастымен өту жолына ағымды жөндеу жүргізілді.

Қаланың санитарлық жағдайын тәртіпке келтіру бойынша жұмыстарды орындау жоспарындағы жұмыстарды  «Семей» көркейту және көгалдандыру бойынша МКК және «Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірді пайдалану жөніндегі көпсалалы кәсіпорын» МКК жүзеге асырады. Осы кәсіпорындардың ұстауында 226,64 км қала жолдары бар. Жазғы мерзімде қоқыстарды тазарту, көгалдарды қырқу, арам шөптерді шабу, урналарды қоқыстан тазарту, жолдың жүргін бөлігін жуу жұмыстары жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы жұмыс үнемі жалғасуда.

Жыл сайын қала шегінен ұйымдстырылмаған қоқысты шығару бойынша жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылдың 9 айында 1516 м3 қоқыс шығарылған, осындай қоқыс орындарын жою бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қаланың көше жарықтандыруын ұстау жұмыстарымен «СКПК» МКК айналысады. Осы кәсіпорынның ұстауында 6 мыңнан астам жарық нүктелері бар.

Коммуналдық шаруашылық секторы

Сектор мамандарымен қаланың сумен, жылумен, электрмен қамтамасыз ету және суқайтарғы нысандарының жағдайына тексерлер жүргізіліп, олардың жұмыстарына бақылау жасалды. 

Қаланың ПИК, денсаулық сақтау және білім беру нысандарының басшыларымен тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарын 2011-2012 жылдардағы жылу мерзіміне дайындау бойынша қала әкімінің орынбасарлары және қала әкімінің қатысуымен жиналыстар ұйымдастырылған. 

Күн сайын қала әкімінің орынбасарының қатысуымен, қала әкімі өкімімен құрылған, қалалық штаб өткізіліп, онда келер жылу мерзіміне тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарын дайындау  жөніндегі сұрақтар қарастырылады.

Көмір қоры бойынша және «Теплокоммунэнерго» МКК, «Семей Водоканал» МКК дебиторлық қарыздары және электр қуаты бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Қаланың жылумен, сумен, электрмен қамтамасыз ету және суқайтарғы нысандарының жағдайына комиссиялық тексеру жүргізіледі.

Жылумен қамтамасыз ету нысандарының «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруына бақлау жүргізеді.

Иесіз желілерді анықтап, есепке қою жұмыстарын атқарады.

ЖЖҚ және жолаушылар көлігі жұмысына бақылау секторы

Сектор бойынша бензиннің және дизель отынының бағасының барлық түріне күн сайын маниторинг жүргізілдеі. ЖҚС-дағы ЖЖМ бағалары мен қоры туралы ақпарат   оң күн сайын және күнделікті ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жолданады. Автобустар мен шағын автобустардың жоспарланған сапарының орындалуына «ЖТБО» КМК өкілімен бірге тексеру жүргізілді, нәтижесінде анықталған 733 бұзушылықтар бойынша жолаушылар тасымалдаушыларға ескертулер жасалып, шаралар қолданылды.

Жол белгілерін пайдалану және ескірген белгілерді ауыстыру, жаяу жүру жолдарының қоршауларын пайдалану, бағдаршам нысандарын апатты-қалпына келтіру жұмыстарын және пайдалану бойынша, аялдама павильондарын орнату келсім шарттары жасалды. Өтпей қалған автобустар бағыттары бойынша  конкурсқа қала әкімшілігінің қаулысы дайындалуда.

Өңдеу күні: 24-04-2012