Акимат » «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы


Үкімет «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысушылардың тобын кеңейтуде
 
«Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасын тиімді және тез іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 шілдедегі №711 «Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына қол қойылды.
Қаулыға сәйкес, ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылуда, келесі бөлімде:
- жеке кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері бойынша екінші деңгейдегі банктердің сыйақысының шектеулі мөлшерлемесін 12%-дан 14%-ға дейін ұлғайтулар, олардың 7%-н бағдарламаға қатысушы төлейді, ал «Жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағыты және «Экспорттық бағдарланған өндірістерді қолдау» үшінші бағыты бойынша 7%-дық орнын мемлекет толтырады;
- үшінші бағыт бойынша өнім өндіруші тұлғаларды қолдаулар, бірақ үлестес тұлғалардың тобы кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырған жағдайда, экспорт онымен үлестес тұлғамен жүзеге асырылады.
Осы шаралар Бағдарламаға қатысушылар тобын кеңейтуге және жеке меншік секторының, бірінші кезекте шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржылық-экономикалық тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда, банктерде кәсіпорындардың 400-ден аса өтінімдері қаралуда, тәртіп бойынша несиелердің жалпы сомасы 180 млрд. теңге. Міне, келесі аптада экономиканы жаңарту бойынша мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы болады, онда екінші деңгейлі бағыт шеңберінде (қаржылық сауықтыру), кәсіпорындардың бірінші өтінімдері қаралады. Өңірлік үйлестіру кеңестері (ӨҮК) құрылды, өңірлерде бірінші және екінші деңгейлі бағыттар шеңберінде, жобаларды бекіту жөнінде әлден отырыстар өткізілуде. Өткен жарты жылдық ішіндегі Қор қызметінің қорытындысы бойынша, баспасөз конференциясын өткізу күні жөнінде «Даму» Қоры Басқармасының төрағасы Мұқұшев Болат хабарлады. Алдағы кезеңдегі жоспарлар туралы айтсақ, Мұқұшев Болат екінші жарты жылдықта Қор қызметінің акценті бизнестің Жол картасына ауыстырылатынын атап өтті. Сондықтан, «Даму» Қорына қаржылық агент және бағдарламаларды үйлестірушінің негізгі рөлдері беріледі. 
Білуімізше, бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты, жобаларды іске асыру үшін банктердің несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерін қаражаттандыруда, жобаларды іске асыруға жұмсалған банктердің несиелері бойынша ішінара кепілдік беруде, өндірістік (индустриалық) инфрақұрылымдарын дамытуда, жастар практикасына және әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға кадрлар дайындауда (компонент 2011 жылдан бастап енгізілуде) мемлекеттік қолдау көрсетуді қарастырады;
Банктердің сыйақы мөлшерлемелерін қаражаттандыру, жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ, өндірісті жаңартуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа несиелер бойынша жүзеге асырылады.
Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты экономиканың шикізаттық емес секторының кәсіпорындарын сауықтыруға бағытталған, ол келесідей қолдаулар шеңберінде болуы мүмкін:
- банктердің қолда бар несиелері бойынша (мақұлдау мезетіне) және жобаны мақұлдаудан кейін туындайтын бір ғана несиелік бағытының шеңберінде, жаңа берешектеріне борышкерлердің пайыздық мөлшерлемелерін қаражаттандыру;
- борышкердің бюджетке салық берешегін, Салық Кодексінде белгіленген тәртіппен қаралатын өсімпұлды есептемей өтеуі (төлеу көзінен ұсталған жеке табыс салығынан басқасы) бойынша мерзімін ұзарту жөніндегі сұрақтарды қарау;
- қаржылық-экономикалық сауықтыру Жоспарының шеңберінде, кәсіпорындарды сауықтыру, оның ішінде Қазақстандық қор биржасында орналасқан облигациялар бойынша ішкі несие берушіге берешектері жөнінде басқа да іс-шаралар.
Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімдерін сыртқы нарыққа экспорттаушы кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Мемлекеттік қолдау, банктердің қолда бар несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерін қаражаттандыру арқылы көрсетіледі. Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушылары, өндірген өнімдерінің 10%-дан астамын экономиканың барлық секторына экспорттаушы кәсіпкерлер болуы мүмкін.
 

 

 

«ДАМУ II РЕГИОНДАРЫ» шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өңірлік басым жобаларын қаржыландыру бағдарламасы
 
Бағдарламаны әзірлеудің негізі, Қазақстан Республикасының Президенті                               Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы болып табылады.
«ДАМУ II РЕГИОНДАРЫ» өңірлік басым жобаларын қаржыландырудың осы бағдарламасы (одан әрі - Бағдарлама), Қазақстан Республикасының өңірлері үшін экономиканың басым саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің жобасын қаржыландыру мақсатында.
Келесі ШОКС несиелендіру үшін, Серіктес-Банктерге ақшалай қаражаттарын Қор арқылы нақты шаралармен орналастыру жолымен Бағдарлама жүзеге асырылады.
Бағдарлама бойынша қаржыландыру көлемі шамамен әр өңір бойынша 500 млн. теңгені құрайды.
Бағдарлама, Қор және жергілікті атқарушы органдардың (одан әрі - ЖАО) қаражатын ортақ қаржыландыруды, сондай-ақ нақты өңір үшін басым салалардағы (ЖАО қаражатын бөлу кезінде) келесі ШОКС қаржыландыру кестесін қарастырады.
Бағдарлама шеңберінде ШОКС несиелендірудің негізгі шарттары:
Ø Бір ШОКС ең жоғары деңгейдегі лимиты – 300 000 000 теңге;
Ø Қарыз мерзімі – 84 (сексен төрт) айдан көп емес;
Ø Қарыздарды мақсатты тағайындау – инвестициялар, айналым қаражаттарын толтыру, жаңаны иелену және негізгі қаражаттарды жаңарту;
Ø Қарыз валютасы – теңге;
Ø Қарыз бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – жылдық 10%-дан (он пайыздан) көп емес;
Ø Несие желісі бойынша қол жетерлік кезең – 1 (бір) жылға дейін;
Ø Серіктес-Банк алдындағы қарызы бойынша негізгі қарыз қалдығының тұтас айырмасы, сондай-ақ, қаржыландыру көзі 750 000 000 теңгеден аспайтын Қор болып табылатын басқа да барлық қарыздар бойынша;
Ø ШОКС міндетті талаптары – өңірлік аумақта ресми тіркелген болуы керек және ШОКС ұсынылған жобасын қаржыландыруды іске асыру, Серіктес-Банк пен Қор арасында бекітілген несиелік келісім-шартында анықталған өңірлік аумақта жүзеге асырылуы қажет;
Ø ШОКС-не шектеулер – осы Бағдарлама бойынша салынған қаражаттар есебінен, ШОКС бір мезгілде әртүрлі Серіктес-Банктерден Қарыздар ала алмайды. Бұл талаптар бұзылған жағдайда, Серіктес-Банктер Қарызын мерзімінен бұрын қайтарып алуды талап етуге немесе Қарызды меншікті қаражаттарымен ауыстыруға міндетті, сондай-ақ босатылған қаражаттарын Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін басқа да ШОКС жіберу;
Бағдарлама бойынша тыйым салынады:
Ø ШОКС Қарызын келесі мақсаттарға ұсынуға:
- заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарға қатысуы;
- ШОКС шаруашылық қызметінің шығындарын жабу;
- сенімгерлер (агенттер) қызметінің төлемақысы;
- ШОКС қолданыстағы қарыздарын/несиелерін қайта қаржыландыру, оның ішінде қолданыстағы қарыздарын/несиелерін өтеу үшін Қарыз алу.
Ø ШОКС қаржыландыру:
- мемлекеттік бюджеттің салық және басқа да міндетті төлемдері бойынша берешектері бар болуымен;
- ертерек ұсынылған бюджеттік несиелер бойынша ШОКС берешектері бар болуымен.
Бағдарлама шеңберінде, жергілікті атқарушы органдар (одан әрі - ЖАО) ШОКС жобаларын қаржыландыру үшін сәйкес өңірде экономиканың басым салаларын анықтайтын болады, сондықтан басымдылық, жобаларды өңірде қаржыландыру жөнінде келешекте келісім жасау арқылы ҚР индустриалдық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламаларымен белгіленген экономика салаларына беріледі. Одан басқа, ЖАО ішіндегі Өңірлік үйлестіруші кеңесі ШОКС жобаларының соңғы іріктеуін қаржыландыру үшін жүзеге асыратын болады. Серіктес-Банктердің Бағдарламаға қатысуы және оларға арналған лимиттер Қордың уәкілетті органымен анықталатын болады.

Бағдарлама бойынша несие беру туралы толығырақ ақпаратты «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ өңірлік филиалдарынан білуге болады.

 

4.1.3. Өндірістік (индустриалық) инфрақұрылымдарды дамыту

Өндірістік (индустриалық) инфрақұрылымдарды дамыту бойынша қолдау жасау шарттары.

Өндірістік (индустриалық) инфрақұрылымдарды дамыту жеткіліксіз инфрақұрылымдарды аяқтаумен шектеледі және ол өнеркәсіп алаңдарын ұйымдастыру шеңберінде, бөлек жобаларға жеке арналған өндірістерді жаңартуға және кеңейтуге бағытталған жобалар үшін іске асырылуы мүмкін. 

Қаражаттарды бөлу, келесі инфрақұрылымдар салуға және қайта қалпына келтіруге ғана жұмсалуы мүмкін: жол, канализация, жылумен қамту, су құбырларын, теміржолдың тұйықталған басын, телефонмен жабдықтауға, электр шағын стансасына, электр беру желілеріне.

Қаражаттарды бөлу, ТЭО немесе құрылысына және қайта қалпына келтіруге арналған бизнес-жобалар негізінде жүзеге асырылуы керек.

Жеткіліксіз инфрақұрылымдарды аяқтау бірнеше жобаларды қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.

Инфрақұрылым салудың (қайта қалпына келтіру) құны, бөлек жобаға арналған инфрақұрылымдарды аяқтаған жағдайда жоба құнының 50%-нан аспауы керек.

Өндірістік (индустриалық) инфрақұрылымдарды дамыту, елді мекенді дамытудың бас жоспарына сәйкес келуі қажет.

Өндірістік (индустриалық) инфрақұрылымдарды дамыту бойынша қолдау көрсету механизмі 

Жеткіліксіз өндірістік (индустриалық) инфрақұрылымдарды қамтамасыз ету бойынша қолдау келесі тәртіппен көрсетіледі:

1. Инфрақұрылымдарды аяқтау немесе жақсарту (ТЭО, ПСД – «ГЧП» АҚ рәсімделеді, мемлекеттік сараптама) қажеттілігі негіздерінен тұратын өндірістік (индустриалық) инфрақұрылымдар жобасын қамту жөніндегі өтінімімен кәсіпкер Бағдарлама Әкімгеріне (ШҚО энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық Басқармасы) қатынасады.

2. Бағдарлама Әкімгері жасаған таңдап алынған өтінімдер тізбесі, Бағдарлама Үйлестірушісіне (ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына) жіберіліп, Өңірлік Үйлестіру Кеңесінде (ӨҮК) шығарылады.

3. Өндірістік (индустриалық) инфрақұрылымдар салу және қайта қалпына келтіруді қаржыландыру мүмкіндіктері (немесе мүмкін еместігі) жөнінде ӨҮК шешім қабылдайды.

4. ӨҮК шешімдері Уәкілетті органмен (Экономикалық даму және сауда Министрлігімен) келісіліп, Бағдарлама Үйлестірушісіне жергілікті деңгейде орындауға жіберіледі.

5. Өндірістік (индустриалық) инфрақұрылымдар салу және қайта қалпына келтіру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту:

Бағдарлама Әкімгері (ШҚО энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық Басқармасы) – Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, қабылдау бөлмесі тел. 701 233, бастығы – С. С. Шерубаев, бастықтың орынбасары – Алмасбек Аманқұлұлы Оңдақанов, тел. 701 169.

Бағдарлама Үйлестірушісі (ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы) – Өскемен қ., Горький көшесі, 30, қабылдау бөлмесі тел. 263 871, бастығы – Ш. С. Бұқтұғұтов, кәсіпкерлікті дамыту бойынша бөлім бастығы – Юрий Михайлович Ильяшенко, тел. 298 916, бас маман – Надежда Васильевна Мулякова, тел. 24-18-83.

 

Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі, Интернационал көшесі, 8, тел.: 52-32-65, 52-22-66, 52-27-22, 52-44-90.

Өңдеу күні: 04-06-2012