Акимат » Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекiту туралы

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекiту туралы

 

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысы


 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Жолдауын, «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын және «Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
3. Жергiлiктi атқарушы органдар ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 10-күнiне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне Бағдарлама iс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның iшiнде Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде бөлiнетiн қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 316 қаулысымен
бекітілген

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы

 

1.     Бағдарламаның паспорты

 

Бағдарламаның атауы

 

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы

 

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген  Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама

 

Әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган

 

Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

 

Бағдарламаның мақсаты

Жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру

 

Бағдарламаның міндеттері 

Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен нәтижелі қамтылуға тарту;

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін кадр әлеуетін дамыту;

Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру.

 

Бағдарламаны іске асыру мерзімі және кезеңдері 

1 кезең – 2011 (пилоттық)

2 кезең – 2012 – 2015 жылдар

3 кезең – 2016 – 2020 жылдар

 

Нысаналы индикаторлар

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында көзделген міндеттерді іске асыру барысында 2016 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол жеткізілетін болады: 

Бағдарламамен 1,5 млн. дейін адам қамтылатын болады;

кедейлік деңгейі 8,2 %-дан 6 %-ға төмендейді;

жұмыссыздық деңгейі 5,5 % аспайтын болады;

жұмыспен қамтылған халық құрамындағы өз бетінше жұмыспен айналысушылардың үлесі  33,3 %-дан26 %-ға төмендейді;

Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру есебінен еңбек өнімділігінің қосымша өсімі  20 % құрайтын болады

 

Қаржыландыру көздері мен көлемі

2011 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыруға жұмсалатын республикалық бюджет шығыны 40,2 млрд. теңгені құрайтын болады.

Келесі жылдары мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады. Бұл ретте                                        2012 – 2015 жылдары қаржыландыру көлемі жыл сайын кемінде 100 млрд. теңгені құрайтын болады

 

 

2. Кiрiспе

Мемлекет басшысы өзiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығының тиiмдiлiгiн арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нәтижелi қамтуға жәрдемдесудiң белсендi бағдарламаларына тарту мiндеттерiн жүктедi.
Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрi болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адам ресурстары әлеуетiн дамыту және iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы.
Әлеуметтiк-экономикалық жаңғыру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсендiлiгi мен жұмыспен қамту деңгейi тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған халық саны 6698,8 мыңнан 8141,4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейi 2001 жылғы 12,8 %-дан 2010 жылдың оңында 5,5 % төмендедi.
Жол картасы шеңберiнде жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң арнайы шараларын әзiрлеу және iске асыру әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерiмен байланысты уақытша экономикалық қиындықтар кезеңiнде (2008 - 2010 жылдар) де жұмыспен қамтудың жоғары деңгейiн сақтауға мүмкiндiк бердi.
Қазiргi уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелi индустриялық-инновациялық дамуға көшу, бiр жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрi өсу мүмкiндiктерiн кеңейтедi, екiншi жағынан - еңбек нарығына жұмыс күшiнiң iшкi резервiн тартудың, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсендiлiгiн арттырудың жаңа тәсiлдерiн әзiрлеудi және iске асыруды талап етедi.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын және жұмыспен қамту саласын реттеу 1991 жылдан берi негiзiнен халықты жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламалары форматында жүзеге асырылды: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 маусымдағы № 833 қаулысымен бекiтiлген Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi 2000 - 2002 жылдарға арналған бағдарлама, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003 - 2005 жылдарға арналған бағдарлама және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы.
2008 - 2010 жылдарға жұмыссыздықтың өсуiнiң алдын алуға, жұмыспен нәтижелi қамтудың артуына жәрдемдесуге, жұмыс күшiнiң сапасын арттыруға және ұлттық еңбек нарығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрленiп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 20 қарашадағы № 1114 қаулысымен бекiтiлген болатын.
Алайда әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерiмен 2008 жылғы күзден бастап Қазақстан Республикасында өндiрiс қарқыны төмендей бастады, инфляцияның өсуi байқалды, жұмыспен қамтудың төмендеуi және тиiсiнше халық табысының азаюы белең алды. 264 кәсiпорын өндiрiсiн толық немесе iшiнара тоқтатты. Қырық мыңнан астам қызметкер iшiнара жұмыспен қамту режимiне ауыстырылды не ақысы төленбейтiн демалыстарға жiберiлдi. Жұмыссыз халық саны 559,3 мың адам болды (немесе экономикалық белсендi халықтың 6,6%)
Жұмыссыздықтың өсуi, қызметкерлердiң одан әрi босатылуы әсiресе өндiрiстiң экспортқа бағытталған салаларында болжанды. Құрылыс, сауда, көлiк және байланыс салаларында да жұмыс орындарының қысқару қаупi орын алды.
Осындай жағдайда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жұмыспен қамтуға, жұмыссыздықтың айтарлықтай өсуiне жол бермеуге, жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған арнайы Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын (Жол картасын) әзiрледi.
Жол картасы шеңберiнде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарын (әлеуметтiк жұмыс орындары, жастар практикасы, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру) кеңiнен қолдану нысаналы топтар құрамындағы адамдардың белсендiлiгiн арттыруға ықпал еттi, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейi (4,7 %) алғаш рет елдегi жұмыссыздықтың жалпы деңгейiнен төмен көрсеткiште белгiлендi.
Жол картасының негiзгi нәтижелерi: шамамен 9 мың жоба iске асырылды; 392 мың жұмыс орны құрылды; шамамен 150 мың адам даярлауға және қайта даярлауға жiберiлдi, олардың жартысына жуығы жұмысқа орналастырылды; 192 мыңнан астам адам әлеуметтiк жұмыс орындарына және жастар практикасы шеңберiндегi жұмыс орындарына орналастырылды.
Дағдарыс жағдайында iске асырылған халықты жұмыспен қамтудың қысқа мерзiмдi стратегиясы - Жол картасы жұмыссыздық деңгейiнiң өсуiне жол бермеуiмен катар, оның деңгейiнiң 2009 жылғы екiншi тоқсандағы 6,9 %-дан 2010 жылғы желтоқсанда 5,5 % көрсеткiшке дейiн төмендеуiне қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi.
Жұмыспен қамтудың өсуi халық табысының артуы мен кедейлiк деңгейiнiң төмендеуiне негiз болды. Табысы ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аз халық үлесi 2001 жылғы 46,7 %-дан 2006 жылы 18,2 %-ға және 2010 жылы 6,9 %-ға азайды.
Алайда оң өзгерiстерге қарамастан, ұлттық еңбек нарығында теңгерiмсiздiк сақталып отыр. Жұмыссыздар бар болғанымен, бос жұмыс орындары толықтырылмай отыр, экономика салаларының мамандарға деген қажеттiлiгiнiң объективтi болжамы жоқ. Еңбек ресурстары сапасының төмендiгiне және өндiрiс пен оқудың арасында нақты байланыстың болмауына байланысты жұмыс күшiнiң, бiрiншi кезекте бiлiктi кадрлардың, техникалық және қызмет көрсету еңбегi қызметкерлерiнiң тапшылығы байқалып отыр. Жұмыспен қамтылған халықтың шамамен үштен бiрiнiң кәсiптiк бiлiмi жоқ.
Жұмыспен қамтылған халық құрылымында өз бетiнше жұмыспен айналысатын адамдардың үлесi - 33,3 % немесе 2,7 млн. астам адамды құрайды. Өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың негiзгi бөлiгi ауылдық жерлерде тұрады және жеке шаруашылығын жүргiзумен айналысады, одан түсетiн табыс тiршiлiк етуге жеткiлiктi деңгейде ғана болады. Өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың басым бөлiгi әлеуметтiк қорғау және қолдау жүйесiмен қамтылмаған.
Ауыл жастарының жағдайы ерекше алаңдаушылық тудырып отыр, кәсiптiк бiлiм алуға қолжетiмдiлiгi шектеулi болғандықтан, олар ресми еңбек нарығында iс жүзiнде бәсекеге қабiлетсiз болып табылады.
Еңбек нарығында қалыптасқан мұндай ахуалдың тiкелей салдары кедейлiктiң сақталуы болып табылады, 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,1 млн. астам адамның табысы ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аз.
Табысы аз адамдарды әлеуметтiк қолдау мәселесiнде жұмыспен қамтуға және табыс табуға жәрдемдесудiң белсендi шаралары жеткiлiктi қолданылмайды.
Өткен ғасырдың 90 жылдарының соңында жұмыспен қамту қызметтерiне жүргiзiлген институционалдық қайта құрулар еңбек нарығын реттеу тиiмдiлiгiн төмендеттi.
Осы орайда қалыптасқан жағдай кедейлiктi төмендету қарқынын баяулатып қана қоймайды, сонымен қатар экономикалық дамудың жаңа кезеңiне қадам басу қарсаңында жұмыс күшiне деген сұраныстың артқанына қарамастан, елде бар еңбек ресурстарының толық пайдаланылмайтынын аңғартады.
Әлемдiк тәжiрибеде осы тектес проблемаларды шешу үшiн еңбек нарығындағы белсендi бағдарламалар (бұдан әрi - ЕНББ) қолданылады. ЕНББ еңбек ресурстарын дамыту (кәсiптiк даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшiне деген сұранысты арттыру (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), еңбек нарығын реттеудi жетiлдiру (жұмыспен қамту қызметтерiн құру, ақпараттық қолдау), еңбек күш-жiгерiн жандандыруды мемлекет жүзеге асыратын әлеуметтiк қолдау жүйесiмен үйлестiру («құқықтар мен мiндеттер» немесе «өзара мiндеттер» стратегиялары, бұл жағдайда мемлекет жұмыспен қамту және оқыту бойынша жоғары сапалы қызметтер көрсетуге мiндеттенедi, ал ЕНББ-ға қатысушы жұмысты қарқынды iздеудi жүзеге асыруға мiндеттенедi) арқылы жүзеге асырылады.
ЕНББ экономикалық тұрғыдан - жұмыспен нәтижелi қамту ықтималдығының артуын, еңбек өнiмдiлiгi мен жалақының өсуiн, әлеуметтiк тұрғыдан - жұмыссыздықтың төмендеуiн, еңбек белсендiлiгiнiң артуы мен адам әлеуетiнiң дамуын болжайды.
Бастапқыда мұндай бағдарламалар экономикалық күйзелiс кезеңiнде және жұмыссыздық деңгейi өте жоғары болған кезде қолданылған, ал қазiргi уақытта - экономикасы ауыспалы елдердегi өнеркәсiптiк қайта құрылымдаудың керi әсерiн азайту және еңбек нарығынан айтарлықтай алшақ халықтың әлжуаз топтарын кiрiктiру үшiн қолданылады.
Осының негiзiнде қол жеткiзiлетiн оң нәтижелер ЕНББ әзiрлеудiң және қазақстандық еңбек нарығында да қолданудың өзектiлiгiн арттырып отыр.
Жол картасын iске асыру барысында жинақталған еңбек нарығында туындайтын қатерлердi басқару тәжiрибесi бiздiң бұл тұрғыдағы мүмкiндiктерiмiздi арттыра түседi.

4. Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi және нысаналы индикаторлары

4.1 Бағдарламаның мақсаты

Жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру.

4.2 Бағдарламаның нысаналы индикаторлары

2016 жылға қарай:
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасымен (бұдан әрi - Бағдарлама) 1,5 млн. дейiн адам қамтылатын болады;
Кедейлiк деңгейi 8,2 %-дан 6 %-ға төмендейдi;
Жұмыссыздық деңгейi 5,5 % аспайтын болады;
Жұмыспен қамтылған халық құрамындағы өз бетiнше жұмыспен айналысушы адамдардың үлесi 33,3 %-дан 26 %-ға төмендейдi;
Бағдарламаны iске асыру есебiнен еңбек өнiмдiлiгiнiң қосымша өсiмi 20 % құрайтын болады.
2020 жылға дейiнгi сандық индикаторлар Бағдарламаның бiрiншi кезеңi аяқталғаннан кейiн, оған тиiстi өзгерiстер енгiзiлу мүмкiндiгiмен айқындалатын болады.

4.3 Бағдарламаның мiндеттерi

Ескерту. 4.3-бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.15 № 1065 Қаулысымен.

1. Өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен қамтудың белсендi бағдарламаларына тарту.
2. Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны (бұдан әрi - ҮИИДМБ) iске асыру үшiн кадр әлеуетiн дамыту.
3. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жүйесiн жетiлдiру.
Бағдарламаны iске асыру бiрiншi кезекте оқытуға, тұрғылықты жерi бойынша жұмысқа орналастыруға, өзiнiң жеке iсiн ашуға және кеңейтуге жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкiндiктер болмаған жағдайда, жұмыспен нәтижелi қамтудың қолжетiмдiлiгiн кеңейту мақсатында экономикалық әлеуетi төмен елдi мекендерден экономикалық әлеуетi жоғары елдi мекендерге және экономикалық даму орталықтарына өз еркiмен көшуiне жәрдемдесуге бағытталған.
Осыған орай, Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
1. Өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
2. Ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу.
3. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
Бағдарламаны iске асыру үшiн:
1) нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегi шаралар қабылданатын болады;
2) жекелеген мамандықтар бойынша ағымдағы бос жұмыс орындары және болжамды жұмыс орындарының жалпыұлттық дерекқоры (бұдан әрi - Дерекқор) қалыптастырылды. Дерекқор идустрияландыру картасының жобалары, «Бизнестiң жол картасы 2020» және жеке сектордың басқа да бастамалары есебiнен қалыптастырылатын болады.
Индустрияландыру картасы, «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберiнде жобаларды iске асыруға, кәсiпкерлiктi дамытуға жауапты орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар мен ұйымдар қызметкерлерге деген бар және болжамды қажеттiлiк туралы өңiрлер мен жекелеген мамандықтар бөлiнiсiндегi ақпаратты белгiленген нысан бойынша тұрақты негiзде Бағдарлама операторына жiберетiн болады.
Бағдарламада көзделген iс-шараларды қаржылай қамтамасыз ету мақсатында мәлiмделген қажеттiлiкке сәйкес және республикалық бюджеттiң қаржылай мүмкiндiктерiн ескере отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әрқайсысы үшiн қаржыландыру лимитi айқындалатын болады.
Лимит бойынша берiлген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету және бағдарламада көзделген нәтижелерге (нысаналы индикаторларға) қол жеткiзу мақсатында республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен жергiлiктi атқарушы органдар арасында мынадай негiзгi параметрлер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдер жасалатын болады:
Оқумен қамтылған Бағдарламаға қатысушылардың саны мен құрамы;
тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған, оның iшiнде оқу оқығандар арасынан Бағдарламаға қатысушылардың саны мен құрамы;
«экономикалық өсу орталықтарына көшетiн Бағдарламаға қатысушылардың саны мен құрамы;
өз бетiнше жұмыспен айналысатын қызметкерлер санының қысқаруы;
жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеуi;
ең төмен күнкөрiс деңгейiнен төмен деңгейде өмiр сүрiп жатқан халық санының қысқаруы;
басқа көрсеткiштер.
Бағдарламаның iске асырылуын басқаруды:
республика деңгейiнде:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - ВАК).
Бағдарламаны iске асыруға жауапты мемлекеттiк орган және Бағдарлама операторы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi - Бағдарлама операторы) болады;
облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде - Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi өңiрлiк комиссия (бұдан әрi - өңiрлiк комиссиялар) және жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар;
аудандық (қалалық) деңгейде - Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрi - аудандық (қалалық) комиссиялар) және халықты жұмыспен қамту орталықтары;
селолар мен ауылдар деңгейiнде – (селолар мен кенттердiң және селолық округтердiң әкiмдерi) осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң аппараттары жүзеге асыратын болады.
Бағдарламаның орындалуын ұйымдастырудың аса маңызды құралдарының бiрi халықты жұмыспен қамту орталықтары мен тiкелей Бағдарламаға қатысушылар арасындағы әлеуметтiк келiсiмшарттар болып табылады.
Әлеуметтiк келiсiмшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетiнше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен өзара мiндеттемелерiн айқындайтын келiсiм.
Өңiрлiк, аудандық (қалалық) комиссиялардың үлгi ережелерiн, әлеуметтiк келiсiмшарттың нысанын Бағдарлама операторы әзiрлейтiн болады.

4.3.1. Бiрiншi бағыт:
өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу

Ескерту. 4.3.1-кiшi бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.15 № 1065 Қаулысымен.

Бiрiншi бағыт азаматтардың еңбек әлеуетiн дамыту, тұрғылықты жерi бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу арқылы олардың жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл бағытқа өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар (бұдан әрi - адамдар) қатыса алады. Бағдарламаға қатысудың басым мүмкiндiктерi ауылдық жердегi жастар мен әйелдерге берiледi.
Осы бағыт шеңберiнде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттiк қолдаудың мынадай түрлерi көрсетiлуi мүмкiн:
оқу және жұмысқа орналасу мәселелерi бойынша консультациялар;
шәкiртақының төленуiмен, тегiн бiлiктiлiктi арттыру, кәсiптiк даярлау және қайта даярлау курстарына (бұдан әрi - кәсiптiк оқыту) жолдау;
оқитын адамдарға (оқу орнына дейiн және керi жол жүруiне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйдi жалдаумен (жалға алумен) байланысты шығындарды өтеуге) субсидия беру;
лайықты бос жұмыс орындарын iздеу және жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдесу;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын iшiнара субсидиялау;
жастар практикасына жiберiлген қатысушыларға еңбекақы төлеу;
психологиялық бейiмдеу.
2012 жылдан бастап жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау көзделедi, оны 6 ай бойы жүзеге асыруға болады. Жастар практикасына жiберiлген қатысушылардың еңбекақысын субсидиялау мөлшерi айына 26 мың теңгенi құрайтын болады. Азаматтардың жастар практикасына қатысу және мемлекеттiк қолдау көрсету шарттары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделген.
Жұмыс берушiлердiң Бағдарламаға қатысушыларды кейiннен жұмысқа орналастыра отырып, кәсiптiк даярлауға тiкелей қатысу мүмкiндiгi болжанған. Бұл жағдайда 2012 жылдан бастап тиiстi мамандықтар үшiн мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында белгiленген оқу құны бойынша Бағдарламаға қатысушыларды оқытумен байланысты жұмыс берушiлердiң шығыстарының 70 % дейiн өтеудi енгiзу көзделген.
Мемлекеттiң жалақыны iшiнара субсидиялауы 12 ай бойы мынадай шарттармен:
алғашқы 6 айда жалақының 50 % асырмай;
келесi 3 айда жалақының 30 % асырмай;
соңғы 3 айда жалақының 15 % асырмай жүзеге асырылуы мүмкiн.
2011 жылы әлеуметтiк жұмыс орындарына орналастырылған Бағдарламаға қатысушылардың бiр айдағы жалақысына берiлетiн субсидия мөлшерi, салықтар мен әлеуметтiк аударымдарды ескергенде алғашқы 6 айда 26 мың теңгеден аспайтын болады.
Азаматтардың Бағдарламаға қатысу және оларға мемлекеттiк қолдау көрсету шарттары Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделген.
Iске асыру тетiгi:
1) Бағдарламаның әлеуеттi қатысушылары Бағдарламаға қатысуға және құжаттардың қажеттi тiзбесiн ұсыну үшiн өтiнiшпен халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгiнедi.
2) Халықты жұмыспен қамту орталығы:
үмiткерлердi Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу туралы ұсыныстар дайындауды;
Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу үшiн үмiткерлердiң тiзiмiн қалыптастыруды;
қалыптастырылған тiзiмдердi және тiзiмдерге қосылған үмiткерлердiң құжаттарын аудандық/қалалық комиссияның немесе жұмыс тобының қарауына берудi жүзеге асырады.
3) Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының қалауы бойынша өңiрде аудандық/қалалық комиссия немесе жұмыс тобы құрылады:
аудандық/қалалық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) – жергiлiктi атқарушы органның жанындағы Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;
жұмыс тобы – Комиссия Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларын кәсiптiк оқуға жiберу мәселелерiн жедел қарау үшiн уәкiлеттiк берген, халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерiнiң, бiлiм беру органдары мен ұйымдары, жұмыс берушiлер, қызметкерлер бiрлестiктерi мен басқа да мүдделi ұйымдар өкiлдерiнiң қатарынан құрылған топ;
4) Комиссия немесе жұмыс тобы ұсынылған құжаттарды қарайды және Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (не одан бас тарту) туралы ұсыным бередi.
5) Халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынылған құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкестiгiн тексеру нәтижесiнiң және Комиссия немесе жұмыс тобы ұсынымының негiзiнде Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (не одан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.
6) Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады.
7) Кәсiптiк бiлiмi бар Бағдарламаға қатысушыларға Дерекқорда бар бос жұмыс орындарына, оның iшiнде жалақысы iшiнара субсидияланатын, сондай-ақ жастар практикасынан өтуге арналған жұмыс орындарына орналасу ұсынылады.
Бағдарлама шеңберiнде жұмысқа орналастырылған азаматтарға, қажет болған жағдайда, оқу ақысы Бағдарламаны iске асыруға бөлiнген қаражат есебiнен төленетiн қысқа мерзiмдi (6 айдан аспайтын) кәсiптiк оқу курстарында оқуға қосымша мүмкiндiк берiлуi мүмкiн.
8) Бар бос жұмыс орындарына орналаса алмайтын Бағдарламаға қатысушылар жұмыс берушiлер мәлiмдеген және Дерекқорға енгiзiлген кәсiптер (мамандықтар) бойынша кәсiптiк оқыту курстарына жiберiледi.
9) Кәсiптiк оқуды оқығаннан кейiн Бағдарламаға қатысушыларға Дерекқорда бар бос жұмыс орындарына немесе құрылған әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасу ұсынылады.
10) Егер Бағдарламаға қатысушы кәсiптiк оқуды оқығаннан кейiн жұмысқа орналаса алмайтын болса, оған Бағдарламаның екiншi немесе үшiншi бағыттарына қатысу ұсынылады.
11) Әлеуметтiк келiсiмшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.

4.3.2. Екiншi бағыт: ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу

Ескерту. 4.3.2-кiшi бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.15 № 1065Қаулысымен.

Кәсiпкерлiктi ынталандыру жеке iсiн ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсендiлiгiн арттыруға бағытталған.
Бағдарламаның бұл бағытына ауыл кәсiпкерлерi және өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы жеке iсiн ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкiндiгi бар адамдар қатыса алады. Жеке iсiн ауылда ұйымдастыруды қалайтын әйелдерге қатысудың басым құқығы берiледi.
Осы бағыт шеңберiнде мемлекеттiк қолдаудың мынадай түрлерi көрсетiлетiн болады:
микрокредит беру;
инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
консультативтiк қызмет көрсету;
кәсiпкерлiк негiздерiн оқыту.
Өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы адамдардың Бағдарламаның осы бағытына қатысу және оларға мемлекеттiк қолдау көрсету шарттары Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдау көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделетiн болады.
Микрокредит берудi ұйымдастыру үшiн Бағдарлама операторы жергiлiктi атқарушы органдарға 5 жыл мерзiмге бюджеттiк кредит бередi.
Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi, микрокредиттiк ұйымдар мен кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу және кредит ресурстарын беру, сондай-ақ олардың осы бағыт шеңберiнде бөлiнген кредит ресурстарын мақсатты пайдалануына мониторинг жүргiзу шарттары Микрокредиттiк ұйымдар мен кредиттiк серiктестiктерге конкурстық негiзде кредит беру қағидасында көзделген.
Микрокредит беру шарттары:
республикалық бюджеттен бюджеттiк кредит жергiлiктi атқарушы органға 0,01% жылдық сыйақы ставкасымен қайтарымдылық, жеделдiлiк және ақылылық қағидаттарында 5 жылға берiледi;
бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты - жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру;
кредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға берiлмейдi;
кредит беру мерзiмi - 5 жылдан аспайды;
кредиттiң ең жоғары сомасы 3 млн. теңгеден аспайды;
соңғы қарыз алушыға, микрокредиттiк ұйымдарға және/немесе кредиттiк серiктестiктерге кредит бойынша негiзгi қарызды өтеу бойынша кредит мерзiмi ұзақтығының үштен бiрiнен аспайтын мерзiмге жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн;
уәкiлеттi өңiрлiк ұйымның микрокредиттiк ұйымдар және/немесе кредиттiк серiктестiктер үшiн ұсынатын кредитi бойынша жылдық сыйақы ставкасы өңiрлiк комиссиямен келiсiм бойынша уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген кредиттiк ресурстар бойынша сыйақы ставкасына және оның кредит берудi ұйымдастырумен байланысты жоспарланған шығыстарына қарай, бiрақ уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген кредит бойынша сыйақы ставкасының үстiнен 1 %-дан асырмай белгiленедi;
микрокредиттiк ұйымдар және/немесе кредиттiк серiктестiктер үшiн қаржы агенттiгi мәртебесi бар уәкiлеттi өңiрлiк ұйым ұсынатын кредит бойынша жылдық сыйақы ставкасы өңiрлiк комиссиямен келiсiм бойынша белгiленедi;
соңғы қарыз алушы үшiн кредиттiк ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi пайыздық ставканы өңiрлiк комиссиямен келiсе отырып, уәкiлеттi өңiрлiк ұйым белгiлейдi.
Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту Бағдарлама шеңберiнде қатысушылар iске асыратын жобалар үшiн қолданыстағы жүйелерге: жолдарға, кәрiзге, жылумен және сумен жабдықтауға, телефон және электр желiлерiне жетiспейтiн инфрақұрылымды салуды меңзейдi.
Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның дамуын қаржыландыруды жергiлiктi атқарушы органдар белгiлi бiр техникалық талаптар немесе заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалық-сметалық құжаттама және бизнес-ұсыныстар негiзiнде жүзеге асырады. Бұл ретте инфрақұрылымды салу немесе реконструкциялау құны жобаның (жобалардың) құнынан аспауға тиiс.
Жетiспейтiн инфрақұрылымды салу елдi мекендi дамытудың бас жоспарына (ауылда - инженерлiк-коммуникациялық желiлердiң жергiлiктi схемаларына) сәйкес келуге тиiс және бiр немесе бiрнеше жобаны қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкiн.
Микрокредит беру тетiгi:
1) Бағдарлама операторы жергiлiктi атқарушы органға бюджеттiк кредит бередi.
2) Жергiлiктi атқарушы орган микрокредит берудi ұйымдастыру жөнiндегi уәкiлеттi өңiрлiк ұйымды өзi айқындайды.
3) Уәкiлеттi өңiрлiк ұйым микрокредиттiк ұйымдар мен кредиттiк серiктестiктерге кредит берудiң белгiленген қағидасына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшiн микрокредиттiк ұйымдарды және/немесе кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу бойынша конкурс өткiзедi.
4) Уәкiлеттi өңiрлiк ұйым мен микрокредиттiк ұйымдардың және/немесе кредиттiк серiктестiктердiң арасында кредит беру туралы шарт жасалады.
5) Бағдарламаның екiншi бағытына қатысуға тiлек бiлдiрушiлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтiнiш бередi.
6) Халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған құжаттарды қарайды, әлеуеттi қатысушылармен әңгiмелесу жүргiзедi және мемлекеттiк қолдау алу түрлерi бойынша үмiткерлердiң тiзiмi мен жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды және жайластыруды талап ететiн жобалардың тiзбесiн қалыптастырады.
7) Кәсiпкерлiк негiздерiн оқыту:
халықты жұмыспен қамту орталықтары үмiткерлер келiскен жағдайда, оларды кәсiпкерлiк негiздерiн оқуға жiбередi және бұл туралы кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органға хабарлайды;
кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган халықты жұмыспен қамту орталықтарының ақпараты негiзiнде қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бағдарламаға қатысушыларға кәсiпкерлiк негiздерiн оқытуды қамтамасыз етедi, олардың оқу мерзiмi бiр айдан аспауға тиiс.
Оқу бағдарламасы және оны жүргiзу кестесi халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келiсiледi.
8) Микрокредит беру:
Бағдарламаның әлеуеттi қатысушысы жобаның бизнес-жоспарын әзiрлейдi және халықты жұмыспен қамту орталығының жолдауы бойынша микрокредит алу туралы өтiнiммен микрокредиттiк ұйымға немесе кредиттiк серiктестiкке өтiнiш бередi;
микрокредиттiк ұйым немесе кредиттiк серiктестiк жобаға бағалау жүргiзедi және микрокредит беру мүмкiн екендiгi (немесе мүмкiн емес екендiгi) туралы шешiм қабылдайды.
9) Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту:
халықты жұмыспен қамту орталықтары микрокредиттiк ұйымнан және/немесе кредиттiк серiктестiктен оң қорытынды алған жағдайда, жобалары жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруды талап ететiн Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларының тiзiмiн инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi;
инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруды қаржыландыру мүмкiндiгi (немесе мүмкiн емес екендiгi) және қажеттi қаржыландыру көлемi туралы қорытынды дайындайды және халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етедi.
10) Халықты жұмыспен қамту орталығы микрокредиттiк ұйымның немесе кредиттiк серiктестiктiң және инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындыларын қоса тiркей отырып, Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларының құжаттарын Комиссияның қарауына жiбередi;
11) Халықты жұмыспен қамту орталығы Комиссияның ұсынымын ескере отырып, өтiнiш берушiлердi Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды және шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оларды бұл туралы хабардар етедi.
12) Бағдарламаның екiншi бағытына қатысушылардың құрамына енгiзiлген адамдармен әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады.
13) Оң қорытынды алған жобалар бойынша Бағдарламаға қатысушы мен инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органның арасында тиiстi шарт жасалады.
14) Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
15) Шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаның iске асырылуына мониторинг жүргiзу инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органға жүктеледi.

4.3.3. Үшiншi бағыт: еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

Ескерту. 4.3.3-кiшi бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.15 № 1065 Қаулысымен.

Бұл бағыт Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен елдi мекендерден әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге және экономикалық даму орталықтарына өз еркiмен көшуiне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын көздейдi.
Бағдарламаны iске асырудың үшiншi бағытына қатысудың басым құқығын ауыл жастары иеленетiн болады. Әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен және жоғары елдi мекендердi айқындау өлшемдерiн экономикалық даму және сауда, ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдар әзiрлейдi және бекiтедi.
Әзiрленген өлшемдерге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар экономикалық даму және сауда, ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдармен келiсе отырып, әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен және жоғары елдi мекендердiң тiзбесiн айқындайды, оны Бағдарлама операторына жiбередi.
Жергiлiктi атқарушы органдар айқындаған және экономикалық даму және сауда, ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдармен келiсiлген әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен және жоғары елдi мекендердiң тiзбесi ВАК-та бекiтiлетiн болады.
Өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен елдi мекендерден әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге және экономикалық даму орталықтарына көшуi:
бiр ауданның iшiнде;
бiр облыс шегiндегi бiр ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) жүзеге асырылуы мүмкiн.
Бағдарламаның осы бағытына қатысушылар мынадай критерийлерге сәйкес келуге тиiс:
өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар не еңбекке жарамды табысы аз адамдар санаттарына жатуға тиiс;
соңғы үш жылда бекiтiлген тiзбеге сәйкес әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен елдi мекендерде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қала және астана шегiнде тұруға тиiс;
айлық жиынтық табысы бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң әрқайсысына шаққанда өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аспауға тиiс;
кәсiптiк даярлығы өңiрлiк немесе ҮИИДМБ шеңберiнде iске асырылатын инвестициялық жобалардың бейiнiне, сондай-ақ өңiрдiң, республикалық маңызы бар қаланың және астана кәсiпорындарының еңбек ресурстарына қажеттiлiгiне сәйкес келуге тиiс.
Еңбек нарығындағы нақты жағдайларды ескере отырып, жұмыстар вахталық әдiспен ұйымдастырылуы мүмкiн.
Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттiк қолдау:
көшуге субсидия берудi;
жаңа тұрғылықты жерiнде кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарында оқуды, сондай-ақ жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын Қазақстан Республикасы азаматтарына қызметтiк тұрғын үй берудi;
психологиялық бейiмдеудi қамтиды.
Көшумен байланысты субсидиялар көшу шығыстарының өтемiнен тұрады. Субсидияның мөлшерiн былайша саралау жоспарланады:
отбасылар бiр ауданның шегiнде көшкен жағдайда – отағасына – 10 АЕК және отбасы мүшелерiне - 5 АЕК,
отбасылар бiр облыс шегiндегi бiр ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) көшкен жағдайда отағасына – 25 АЕК және отбасы мүшелерiне – 15 АЕК.
Бағдарламаның осы бағытына қатысу және мемлекеттiк қолдау көрсету шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн болады.
Келген жерiнiң жергiлiктi атқарушы органдары өңiрдi дамыту бағдарламасына, елдi мекеннiң бас жоспарына, егжей-тегжейлi жоспарлау жобасына немесе құрылыс салу жобасына сәйкес:
қызметтiк тұрғын үй салынатын учаскелердi айқындайды;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекiтiлген үлгiлiк жобалар бойынша (аумақтардың сейсмикалық жағдайын ескере отырып) қызметтiк тұрғын үйлердi салуды жүзеге асырады;
инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды жүзеге асырады.
Жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушыларды отбасылық үлгiдегi жатақханадан орын беру, тұрғын үйлердi сатып алу, құрылысы бұрын басталған объектiлердi салып бiтiру есебiнен де тұрғын үймен қамтамасыз ете алады.
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған қызметтiк тұрғын үйдi беру және оны пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Республикалық маңызы бар қалаларда және астанада қызметтiк тұрғын үй берудi қаланың шегiнде тұратын Бағдарламаға қатысушылар үшiн ғана көзделген.
Берiлетiн қызметтiк тұрғын үйдiң ауданы отбасының құрамына байланысты, бiрге тұратын отбасы мүшесiнiң бiреуiне 18 шаршы метрден не отбасына 100 шаршы метрден аспауға және бiр бөлмелi пәтерден не отбасылық үлгiдегi жатақхананың бiр бөлмесiнен кем болмауға тиiс.
Тұрғын үйдiң 1 шаршы метрiнiң құны 70 мың теңгеден (сейсмикалығы жоғары аудандар үшiн түзету коэффициентiн ескермегенде) аспауға тиiс.
Еңбек қызметiн вахталық әдiс бойынша жүзеге асыратын Бағдарламаға қатысушыларға отбасылық үлгiдегi жатақханадан берiлетiн орынды қоспағанда, сондай-ақ жаңа тұрғылықты жерi бойынша меншiк құқығында тұрғын үйi не тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлген тұрғын үйi бар адамдарға қызметтiк тұрғын үй берiлмейдi.
Iске асыру тетiгi:
1. Егер адам әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен елдi мекенде тұратын болса немесе Бағдарламаға қатысушыны Бағдарламаның бiрiншi және екiншi бағыттары шеңберiнде жұмыспен қамтамасыз ету мүмкiндiгi болмаған жағдайда, ол Қағидада белгiленген құжаттар тiзбесiн қоса отырып, халықты жұмыспен қамту орталығына көшуге өтiнiш бере алады.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы құжаттардың Бағдарламаның үшiншi бағытына қатысуға iрiктеу өлшемдерiне сәйкестiгiн қарайды, өтiнiш берушiлермен көшудiң ықтимал жолдарын келiседi және көшетiн жерiне қарай құжаттарды өңiрлiк немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды.
3. Бағдарламаға қатысуға өтiнiш берушiлердiң құжаттарын қарау қорытындысы бойынша өңiрлiк комиссия бiр ауданнан басқа ауданға, республикалық маңызы бар қаланың және астана шегiнде көшетiн азаматтарға қатысты, ал аудандық/қалалық комиссиялар бiр аудан шегiнде көшетiн азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар тiзiмiне қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсыным жасайды.
4. Өңiрлiк не аудандық/қалалық комиссия шешiмiнiң негiзiнде Халықты жұмыспен қамту орталығы өтiнiш бiлдiрушiлердi Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.
5. Бағдарламаның үшiншi бағытына қатысушылар тiзiмiне енгiзiлген адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында (келген жерiнiң) әлеуметтiк келiсiмшартқа қол қойылады. Әлеуметтiк келiсiмшарт көшу бойынша әлеуметтiк қолдаумен қатар, жаңа жерде жұмысқа орналастыру бойынша iс-шараларды қамтуға тиiс.
6. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган сейсмологиялық аймақтарды және оның сипатын ескере отырып, тұрғын үйдiң (жеке немесе көп пәтерлi) үлгiлiк жобасын әзiрлейдi.
7. Бағдарламаға қатысушылар тиiстi бiлiктiлiгi болған жағдайда, қызметтiк тұрғын үйдi салу және тиiстi инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту барысында құрылатын жұмыс орындарына орналасуға басым құқыққа ие болады.
8. Бағдарламаға қатысушылар көшкеннен және жайласқаннан кейiн Бағдарламаның бiрiншi немесе екiншi бағытына қатыса алады.
9. Әлеуметтiк келiсiмшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.

Әлеуметтiк көмек көрсету жүйесiн жетiлдiру

Әлеуметтiк көмек көрсету жүйесiн жетiлдiру 2012 жылдан бастап жұмыспен қамту мен атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi - АӘК) көрсету арасында оңтайлы байланыс орнатуға бағытталған.
Осы мақсатта әлеуметтiк көмек көрсетудiң мынадай тәртiбi мен шарттары ұсынылады.
АӘК күнкөрiсi төмен отбасылардағы еңбекке жарамды жастағы адамдарға, олар осы Бағдарламада көзделген iс-шараларға қатысқан жағдайда ғана тағайындалатын болады. Олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысудан бас тартқан немесе келiсiмшарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар АӘК төлеудi оларға тоқтата тұрады, бұл ретте отбасы  АӘК алу құқығын сақтайды.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары азаматтардың әлеуметтiк келiсiмшарттың талаптарын орындауына бақылау жүргiзедi және ұсынылған көмектiң тиiмдiлiгiн бағалайтын болады.
      Құрамында еңбекке қабiлеттi мүшелерi жоқ (жалғызбасты, қарт адамдар) не отбасында мүмкiндiгi шектеулi мүшелерi (мүгедектер, әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдар) бар күнкөрiсi төмен отбасыларға АӘК Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берiлетiн болады.

Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру

Ескерту. Кiшi бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.15 № 1065Қаулысымен.

Бағдарламаның iске асырылуы жоғарыдан төмен басқару құрылымымен басқарылады, оның құрамына ВАК, Бағдарламаның операторы, Бағдарламаның жергiлiктi деңгейде iске асырылуын жүргiзу жөнiндегi өңiрлiк және аудандық (қалалық) комиссиялар, облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар орталық және жергiлiктi атқарушы органдар кiредi.
ВАК келесi негiзгi мiндеттердi жүзеге асырады:
Бағдарламаның бағыттары бойынша өңiрлер бөлiнiсiнде қаржыландыру лимиттерiне келiсiм бередi;
Бағдарламаның орындалуының негiзгi өлшемдерiн қарауды жүзеге асырады және орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың Бағдарламаны iске асыру бойынша есептерiн тыңдайды;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына Бағдарламаны iске асырумен байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзедi.
Бағдарламаның операторы:
Бағдарламаны нормативтiк құқықтық, әдiстемелiк және ақпараттық қолдауды;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi ұсынған Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын жобаларға келiсiм берудi;
Бағдарлама бағыттары бойынша қаржыландыру лимиттерiн белгiлеу жөнiндегi ұсыныстар дайындауды;
жергiлiктi атқарушы органдармен жасалған қол қойылған Келiсiмдердiң негiзiнде Бағдарламаның iске асырылуына мониторинг жүргiзудi қамтамасыз етедi.
Өңiрлiк комиссиялар:
Бағдарламаға қатысушылардың тiзiмiне келiсiм бередi;
жеке кәсiпкерлiктi дамытудың басым бағыттарына келiсiм бередi;
Бағдарламаны бағыттары бойынша өңiрлер мен қалалар бөлiнiсiнде қаржыландыру лимиттерiне келiсiм бередi;
уәкiлеттi өңiрлiк ұйым ұсынған соңғы қарыз алушыға арналған микрокредиттер бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi пайыздық ставканың мөлшерiне келiсiм бередi;
облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органдардың Бағдарламаның орындалуы туралы есептерiн тыңдайды.
Аудандық (қалалық) комиссиялар:
халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын ақпараттар мен құжаттар негiзiнде Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларына iрiктеу жүргiзедi және тиiстi ұсыныстарды қарау үшiн өңiрлiк комиссияларға жiбередi;
жеке кәсiпкерлiктi дамытудың басым бағыттарына келiсiм бередi;
инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi жобаларды iске асыру туралы шешiм қабылдайды.
Облыстық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органдар:
аудандар мен қалалардың әкiмдерi ұсынған жобаларға және
Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын iс-шаралар жоспарларына келiсiм бередi;
Бағдарламаның өңiрлiк құрамдас бөлiктерiн қаржыландыру  лимиттерi жөнiндегi ұсыныстарды өңiрлiк комиссияның және Бағдарлама  операторының қарауына енгiзедi;
экономикалық даму және сауда, ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орталық органдармен келiсiм бойынша әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен және жоғары елдi мекендердiң тiзбесiн айқындайды, Бағдарламаға қатысушылардың көшу жоспарын әзiрлейдi.
Өнiмдi еңбекке ынталылықты және экономикалық белсендiлiктi күшейту жөнiнде халықпен жұмыс жүргiзу тиiмдiлiгiн арттыру үшiн аудандық (қалалық) маңызы бар жергiлiктi атқарушы органдардың жұмыспен қамту қызметi жаңғыртылатын болады.
2011 жылы (пилоттық кезең) аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiнде мемлекеттiк мекеме нысанында Халықты жұмыспен қамту орталықтарын құру жоспарланған, олардың қызметкерлерi (азаматтық қызметшiлер) Бағдарламаны iске асыруды қамтамасыз ететiн болады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негiзгi мiндеттерi:
1) жалпы рәсiмдердi жүргiзу: Бағдарламаға қатысу мәселесi бойынша азаматтарды ақпараттандыру және консультация беру қызметiн ұсыну, құжаттарды дайындауда көмек көрсету, үмiткерлердiң қажеттiлiктерiн зерттеу мақсатында олармен консультация жүргiзу, үмiткерлердiң әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына бағалау жүргiзу, Бағдарламаға қатысуға үмiткерлердiң құжаттарын қабылдау;
2) Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларын, олардың мәртебесiне, еңбек нарығындағы әлеуеттi мүмкiндiгiне және әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығын бағалауға байланысты санаттар бойынша iрiктеу және бөлу;
3) Бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтiк келiсiмшартқа қол қою, олардың орындауына мониторинг жүргiзу және оның талаптарын орындамаған жағдайда заңнамаға сәйкес санкция қолдану.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде Бағдарламаны iске асыру мәселелерiмен, жұмыс берушiлермен, бiлiм беру ұйымдарымен және жеке меншiк жұмыспен қамту агенттiктерiмен өзара iс-қимылды үйлестiрумен айналысатын өкiлдiктерi, бөлiмшелерi (немесе мамандары) болуы мүмкiн.
Халықты жұмыспен қамту орталығының Үлгi жарғысын Бағдарлама операторы әзiрлейдi және бекiтедi.

Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыз ету

Жұмыспен қамту бағдарламасын iске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету енгiзiлетiн Әлеуметтiк-еңбек саласының бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң (бұдан әрi - ӘЕСБАЖ) базасында жүзеге асырылатын болады.
«Еңбек нарығы (Жалпыұлттық дерекқор), «Шетелдiк жұмыс күшi», «Еңбектi қорғау мен еңбек қауiпсiздiгi», «Әлеуметтiк көмек (АӘК, МБЖ)», «Е-собес», «Байланыс орталығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелерiн қамтитын ӘЕСБАЖ:
нақты уақыт режимiнде Дерекқорды пайдалануға;
Бағдарлама шеңберiнде орындалатын бизнес-процестердi автоматтандыруға;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтiк қолдау үшiн өтiнiш берген адамдарды, оның iшiнде Бағдарламаға қатысушыларды автоматты түрде есепке алуы жүргiзуге;
АӘК тағайындау кезiнде Бағдарламаға қатысушылардың табысын анықтау үшiн «ЗТМО» РМҚК тиiстi дерекқорларын пайдалану, бұл бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуын болғызбайды.

5. Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi

Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде бiр жарым миллионға дейiн адам, оның iшiнде 800 000 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларымен қамтылатын болады. Жұмыспен тиiмсiз қамтудың үлес салмағы төмендейдi, жұмыссыздық азаятын болады, еңбек өнiмдiлiгi мен халықтық табысы артады.
2011 жылы:
Бағдарлама шеңберiнде 63,3 мың адам кәсiптiк оқумен қамтылатын болады.
3 мың адам жеке кәсiпкерлiкпен айналысуға мүмкiндiк алады.
632 отбасы экономикалық даму орталықтарына қоныс аударатын болады, бұл бiр жағынан дамушы өндiрiстердiң жұмыс күшiне қажеттiлiгiн iшкi резервтер есебiнен қамтамасыз етедi, екiншi жағынан, қазақстандықтардың еңбек әлеуетiн iске асыру үшiн жағдай жасайды.
2016 жылға дейiнгi сандық индикаторлар Бағдарламаның бiрiншi кезеңi аяқталғаннан кейiн, оған тиiстi өзгерiстер енгiзу мүмкiндiгiмен анықталатын болады.

6. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

Ескерту. 6-бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.15 № 1065Қаулысымен.

Бағдарламаны iске асыру екi кезеңде жүзеге асырылады: бiрiншi кезең - 2011 жыл, пилоттық жыл болады, екiншi кезең - 2012 - 2015 жылдар - Бағдарламаны енгiзу кезеңi, 2016 - 2020 жылдар бағдарламаны толық ауқымда iске асыру кезеңi.
Бiрiншi кезеңде (2011 жылдың 2-жартыжылдығы) Бағдарламаның бiрiншi және екiншi бағыттары барлық өңiрлерде пилоттық режимде енгiзiлетiн болады. Үшiншi бағыт (экономикалық даму орталықтарына және әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге көшу) жергiлiктi атқарушы органдардан келген ұсыныстарға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Тиiстi нормативтiк құқықтық база жасалады, Бағдарламаға қатысушыларды экономикалық даму орталықтарына және әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге көшiру тетiгi пысықталады, Бағдарламаға қатысушыларды ҮИИДМБ жобаларын iске асыруға тарту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Сонымен қатар Бағдарламаны iске асырудың екiншi кезеңiне дайындалу үшiн облыстық және аудандық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органдар:
Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын жобалардың тiзбесiн, қатысушылардың санаттарын, олардың белсендiлiгiн арттыру шаралары мен тәсiлдерiн (Бағдарлама операторымен келiсiм бойынша) айқындайды;
қызметтiк тұрғын үй құрылысына және (немесе) оны сатып алуға жергiлiктi бюджет қаражатынан қоса қаржыландыру үлесiн ескере отырып, Бағдарламаны iске асыруға бюджеттiк өтiнiм ұсынады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттiк өтiнiмдерi Республикалық бюджет комиссиясында қаралатын болады, онда мемлекеттiң қаржы мүмкiндiктерi ескерiле отырып, Бағдарламаны қаржыландырудың 2012 - 2015 жылдарға арналған лимитi айқындалатын болады.
Екiншi кезеңде: 2012-2015 жылдары - Бағдарламаның өңiрлiк құрамдас бөлiктерi әзiрленiп, келiсiлетiн болады және орындала бастайды, әлеуметтiк қолдау көрсету шарттары мен тәртiбiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн болады.
Үшiншi кезеңде (2016 - 2020 жылдары) еңбек нарығында туындайтын қатерлердi басқару және жұмыспен нәтижелi қамтуға жәрдемдесу Бағдарламада ұсынылған механизмдер мен құралдар негiзiнде жүзеге асырылатын болады.

7. Қажеттi ресурстар және олардың қаржыландыру көздерi

Ескерту. 7-бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.15 № 1065 Қаулысымен.

Бағдарламаны iске асыруға 2011 жылы республикалық бюджеттен 40,2 млрд. теңге, оның iшiнде:
еңбек нарығында өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқытуға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге - 14,6 млрд. теңге;
ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесуге - 5,3 млрд. теңге;
еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға – 18,2 млрд. теңге, оның iшiнде қызметтiк тұрғын үйдi салуға және (немесе) сатып алуға – 11,5 млрд. теңге және тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға - 5 млрд. теңге;
жұмыспен қамту қызметi органдарының қызметiн жетiлдiру және ақпараттық қолдауға - 2,1 млрд. теңге көзделген.
Бағдарламаны одан әрi қаржыландыру тиiстi қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.

8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспар

Ескерту. 8-бөлiмге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.15 № 1065Қаулысымен.

Р/с

Iс-шараның атауы

Шығыстар

Жауапты орындаушылар

Аяқталу нысаны

Орындау мерзiмi

1

2

3

4

5

6

1. Ұйымдастыру iс-шаралары

1.1

«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

-

Қаржыминi, ЭДСМ, Еңбекминi

Заң жобасының тұжырымдамасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ВАК-қа енгiзу

2011 жылғы наурыз

1.2

«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджеттi iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлеу

-

Қаржыминi, ЭДСМ, Еңбекминi

ҚР Үкiметiнiң қаулысы

2011 жылғы наурыз

1.3

«Қазақстан Респубикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасын әзiрлеу

-

Еңбекминi, Қаржыминi, ҚТҮКШIА, Әдiлетминi

Заң жобасының тұжырымдамасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ВАК-қа енгiзу

2011 жылғы сәуiр

1.4

«Еңбекнарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң бағдарламалық тұғырнамасында ағымдағы және перспективалық  жұмыс орындары дерекқорын ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету

2011 ж. РБ - 22 млн. теңге

Еңбекминi, ИЖТ, МГМ, ККМ, АШМ, ДСМ, БҒМ, БАМ, ММ, жұмыс берушiлердiң бiрлестiктерi (келiсiм бойынша), облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

Дерекқор

2011 жылдың
2-тоқсаны

1.5

Ағымдағы және болжамды жұмыс орындары дерекқорына енгiзу үшiн қажеттi мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәлiметтi ұсыну нысандарын әзiрлеу және бекiту

-

Еңбекминi,ИЖТ , МГМ, ККМ, АШМ, ДСМ, БҒМ, БАМ, ММ, жұмыс берушiлердiң бiрлестiктерi (келiсiм бойынша)

Еңбекминiнiң бұйрығы

2011 жылғы 1 мамыр

1.6

Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлеу

-

Еңбекминi, Қаржыминi, Әдiлетминi

ҚР Үкiметi қаулысының жобасын ПМК-ға енгiзу

2011 жылғы сәуiр

1.7

Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi өңiрлiк, аудандық  (қалалық) Комиссиялардың үлгi ережелерiнiң жобаларын әзiрлеу

-

Еңбекминi, Қаржыминi, Әдiлетминi

Еңбекминiнiң
бұйрығы

2011 жылғы сәуiр

1.8

Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi өңiрлiк, аудандық (қалалық) комиссияларды құру

-

Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) әкiмдерi

Облыстар, Астана мен Алматы қалалары, аудандар (қалалар) әкiмдiктерiнiң қаулылары

2011 жылғы мамыр

1.9

Бағдарламаны (бағыттары бойынша) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлiнiсiнде республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы лимиттерiн және республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн  белгiлеу  

-

Еңбекминi, Қаржыминi, БҒМ, ҚТҮКШIА,  Әдiлетминi, ЭДСМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

ВАК шешiмi

Жыл сайын

1.10

Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi мен республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi арасында нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдер жасау

-

Еңбекминi, БҒМ, ҚТҮКШIА, АШМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

Келiсiм

2011 жылғы мамыр

1.11

Аудандардың (қалалардың) Жұмыспен қамту орталықтарының  үлгi жарғысын әзiрлеу

-

Еңбекминi, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

Еңбекминiнiң бұйрығы

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейiн

1.12

Аудандардың (қалалардың) Жұмыспен қамту орталықтарын құру

2011 ж. РБ - 2115 млн. теңге

Аудандардың, қалалардың әкiмдерi

Аудандардың,  қалалардың әкiмдiктернiң қаулылары 

2011 жылғы маусым

1.13

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыру кезiнде Қазақстан Республикасының азаматтарын өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу өлшемдерiн айқындау жөнiндегi қағиданы әзiрлеу

-

Еңбекминi, СА

Еңбекминiнiң бұйрығы

2011 жылғы шiлде

1.14

Алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.15 № 1065Қаулысымен.

1.15

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтi көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2009 жылғы 28 шiлдедегi № 237-ө бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

-

Еңбекминi

Еңбекминiнiң бұйрығы

2011 жылғы тамыз

2. Өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқытуға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу

2.1

Өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды табысы аз адамдарды оқытуға, олардың  жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi ұйымдастыру және  қаржыландыру қағидасын әзiрлеу

-

Еңбекминi, БҒМ, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

ҚР Үкiметi қаулысының жобасын ПМК-ға енгiзу

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейiн

2.2

Алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.15 № 1065Қаулысымен.

3. Ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу

3.1

Ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдау көрсетудi ұйымдастыру және  қаржыландыру қағидасын әзiрлеу

-

Еңбекминi, Қаржыминi, ЭДСМ, АШМ, «Даму» КДҚ» АҚ

ҚР Үкiметi қаулысының жобасын ПМК-ға енгiзу

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк  қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан кейiн

3.2

Микроқаржы ұйымдарына конкурстық негiзде кредит беру қағидасын әзiрлеу

-

Еңбекминi, Қаржыминi, ЭДСМ, АШМ, «Даму» КҚД» АҚ

ҚР Үкiметi қаулысының жобасын ПМК-ға енгiзу

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк  қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан кейiн 

4. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

4.1

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және Бағдарламаның үшiншi бағытына қатысушыларға мемлекеттiк қолдау көрсетудiң басқа  а шараларын көрсетудiң қағидасын әзiрлеу

-

Еңбекминi, ҚТҮКШIА, Қаржыминi, ЭДСМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

ҚР Үкiметi қаулысының жобасын ПМК-ға енгiзу

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк  қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан кейiн

4.2

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберiнде облыстардың бюджеттерiне, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 2011 жылға тұрғын үй салуға  және (немесе) сатып алуға кредит беру қағидасын әзiрлеу

РБ- 11538,2 млн. теңге

Еңбекминi, ҚТҮКШIА, Қаржыминi, Әдiлетминi

ҚР Үкiметi қаулысының жобасын ПМК-ға енгiзу

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық  актiлерiне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк  қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан кейiн

4.3

Бағдарлама шеңберiнде қызметтiк тұрғын үй салуға үлгi жобаларды әзiрлеу және бекiту

РБ-245,0 млн. теңге

ҚТҮКШIА, Еңбекминi, Қаржыминi, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

ҚТҮКШIА бұйрығы

2011 жылғы желтоқсан

4.4

Әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен және жоғары ауылдық елдi мекендердi айқындау өлшемдерiн әзiрлеу

-

ЭДСМ, АШМ

Бiрлескен бұйрық

2011 жылғы тамыз

4.5

Өңiрлер бөлiнiсiнде әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен және жоғары ауылдық елдi мекендердiң тiзбесiн айқындау

-

Облыстардың,  Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi, ЭДСМ, АШМ

Тiзбе, ВАК шешiмi

Жыл
сайын

5. Ақпараттық жұмыс

5.1

Халықтың мемлекеттiк жұмыспен қамту саясаты мәселелер  бойынша хабардар болуын арттыру: - ғылыми-практикалық семинарлар, дөңгелек үстел отырыстарын, халықпен кездесулер өткiзу;
- БАҚ-та сөз сөйлеу;
- ақпараттық материалдарды Еңбекминiнiң веб-сайтына орналастыру

-

Еңбекминi, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

Семинарлар, кездесулер, сөз сөйлеулер, жарияланымдар

Үнемi

Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПМК - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
ҚТҮКШIА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi
Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
БҒМ - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Еңбекминi - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгi
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Әдiлетминi - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
«Даму» КДҚ» АҚ - «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» акционерлiк қоғамы
ВАК - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия

 

Өңдеу күні: 05-09-2012