Акимат » Семей қаласындағы дін туралы 2012 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласындағы дін туралы 2012 жылдың 1 қаңтарына

Қалада 50 діни ұйым тіркеліп қызмет етуде. Оның ішінде 21 мұсылман діни ұйымдары, 4 православие шіркеуі, 1 иудей дін ұйымы, 1 католик приходы, 3 дәстүрлі емес діни ұйым және 20 протестант діни қауымдары бар. Олардың барлығы өздерінің жарғылары мен ережелеріне сәйкес жұмыс жүргізуде. Қалада жалпы аймақатғы  сияқты мемлекеттік органдар мен діни ұйымдар арасында негізінен сенімділік жағдайындағы қарым-қатынас орнаған.

Православ шіркеуі, мұсұлман мешіттері және кейбір протестант қауымдары нашақорлыққа қарсы, инабаттылық және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша емдеу және түзету мекемелеріне көмек көрсетуде. Олар ауыр сырқаттағы, нашақорлыққа салынған, тұрақты мекен жайы жоқ адамдармен кездесіп әңгіме жүргізеді, тұрмыс жағдай төмен отбасыларға, жасөспірім балаларға көмек көрсетеді. 

Ислам мешіті, православ және протестант христиан шіркеулері сияқты кейбір діни ұйымдар қартайған, тұрмыс жағдайы төмен және тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарға арналған қайрымдылық қызмет көрсетуде. 

Қалада «Ислам нұры» және «Православие в Прииртышье» атты екі діни-танымдық газет шығарылуда.

Конфессияаралық келісім мәселелерін кең көлемде насихаттап, талқылау және аймақтын мәдени-рухани өмірін дамыту үшін «Қазақстан – Семей» телеканалында «Соты духовные» рубрикасы шығуда. Бұл рубрикада ислам және христиан сияқты дәстүрлі ұлттық-діни конфессиялардың өкілдері балалар мен жастарды рухани тәрбиелеу, қоғамдағы достық пен келісім мәселелерін талқылайды.

Қала газеттерінде аймақтағы рухани мәдениетті дамыту және дәстүрлі діни мейрамдар мен оқиғалаға арналған материалдар үнемі басылып тұрады. 

Аймақта жүргізіліп жатқан жұмыстын нәтижесінде басқа діни ұйымдарға қатысты көреалмаушылық, террористік және экстремистік агрессия, діни ұйымдардын тарапынан заң бұзушылық және қоғамға қарсы әртүрлі қимыл-әрекет жасау көріністері байқалмайды.

Өңдеу күні: 16-10-2012