Акимат » Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2017 жылдың 1 қазанына

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2017 жылдың 1 қазанына

2017 жылдың 9 айы бойынша Семей қаласының шағын және орта кәсіпорындардың тіркелген саны 30 176 бірлік немесе Шығыс Қазақстан облысы бойынша тіркелгендер санының барлығы 26,8% құрайды.
Оның ішінде шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындарының (заңды тұлғалар) саны 4181 бірлікті құрады, ол  2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,8 % ұлғайды, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 2169 бірлік, ол 9,8 % ұлғайды, белсенді кәсіпорындар саны 1329 бірлік, ол 8,7 % өсті. Тіркелген жеке кәсіпорындар саны 25 227 бірлік немесе барлығы тіркелгеннің 83,6% құрайды.
Тіркелгендер санынан істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері      63,3 % (19107 бірлік) құрайды.
2017 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында қала кәсіпорындарында 1667 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның ішінде шағын бизнес саласында 1642 жұмыс орын немесе 2016 жылғы кезеңмен салыстырғанда 104,2 % құрайды. 
Кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыруда құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайды қамтамасыз ету, мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту ушін Семей қаласында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, кәсіпкерлік палатасы және кәсіпкерлерге қолдау көрстеу орталықтарының филиалдары құрылды. 
Шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуына қолдау көрсету мақсатында келесідей мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда:
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы;
2. 2015 – 2019 жылдарға индустриалық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы;
3. «Өнімділік 2020»;
4. Шағын және орта бизнесті өндіріс өнеркәсібінде және өндіріс өнеркәсібіне қатысты қызмет көрсетудің қызмет саласында қолдау бағдарламасы;
5. «Даму Оптима» кепілдік беру бағдарламасы;
6. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 бағдарламасы.
Өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға жәрдемдесу мақсатында «Өндіріс» бизнесті дамытудың индустриалды аймағы құрылды, онда 4 жоба орналастырылды.
Кәсіпкерлік субъектілердің мүддесін жылжыту және қорғау мақсатында кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік тосқауылдарды жою бойынша жұмыс тобы әрекет етеді. Кәсіпкерлердің құқығын және мүддесін қорғау бойынша кәсіпкерлер палатасының Семей қалалық филиалы, салалық бөлімдермен бірлесіп, 2017 жылдың басынан бастап Семей қалсы прокуроры жанында Қоғамдық кеңестің 4 отырысы өткізілді.  
Жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау үшін Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес жұмыс істейді, онда 2017 жылдың басынан бастап 5 сараптамлық кеңес отырысы өткізілді.  
 
 
Кәсіпкерлік бөлімі
 

Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2016 жылға

 

Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2015 жылға

 

Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2014 жылға

 

Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2013 жылға

Өңдеу күні: 17-10-2017