Акимат » Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі

Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі

 

«Семейдегі Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық  музейі» коммуналды мемлекеттік-қазыналық кәсіпорны

Мекен-жайы: 071400, Қазақстан, ШҚО, Семей қаласы, Достоевский  көшесі,118  тел: 52-19-42,   52-49-76

Е-mail: muz-dost@rambler.ru

Директор: Автушко Татьяна Какимовна - Қазақстан Республикасының білім үздігі

 
Әлемде ұлы жазушы Ф.М.Достоевскийдің өмірі мен шығармашылығына арналған жеті музей бар. Олардың алтауы Ресей мемлекетінде орналасқан.
Әлемдік әдебиетте өзіндік орны бар ұлы жазушылардың бірі -Ф.М.Достоевскийдің  әдеби-мемориалдық музейі 1971 жылдың 7-мамырында жазушының 150 жасқа толуына орай, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің № 261 Қаулысы негізінде ашылған. Қазақстан жеріндегі жазушыға арналған жалғыз музей болып есептеледі.
Музей екі ғимараттан құралған:
1. 19-ғасырдың  1-жартысындағы мемориалдық үй.
2. 1976 жылы салынған екіқабатты ғимарат.
Музейдің жанында 1977 жылы орнатылған «Ф.М.Достоевский мен Ш.Уәлихановтың» ескерткіші бар (сәулетші Д.Элбакидзе).
 
Музей тарихынан
 
Музейдің тарихы 1857-1859 жылдар Ф.М.Достоевский алғашқы зайыбы М.Д.Исаевамен жалдап тұрған қосқабатты ағаш үйден басталады.    
1965 жылдың қазан айында Семей қалалық атқару комитетінің  шешімі негізінде үй тұрғындардан босатылып, қалалық № 15 кітапхана ашылған.
Кітапхана меңгерушісі болып Зинаида Георгиевна Фурцева тағайындалып, жазушы туралы мәліметтер мен құжаттар жинақатай бастаған. Оның қажымас еңбегінің арқасында музейдің ең алғашқы қорлары жинақтала бастады.
Ол Достоевскийдің өмірімен шұғылданатаын ғалым, жазушылармен, әдебиетшілермен, суретші, актерлармен қарым-қатынас жасап, 1967 жылы үй тұрғындардан мүлде босатылды.
1968 жылы Семей қаласының 250 жылдығына келген Достоевскийдің немересі А.Ф.Достоевский бұл үйге болған. 1969 жылы кітапхана-музей тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде жұмыс жасады.
1971 жылы жазушының 150 жылдығын  әлем қоғамы атаған кезде, Ф.М.Достевскийдің облыстық әдеби-мемориалдық музейіне облыстық статус
беріліп, жоғары деңгейде жұмысын жалғастыра бастады.
Музей штатына ғылыми қызметкер, экскурсия жүргізуші, зал қараушы қызметтері енгізілді.
1972 жылы облыс басшыларының қолдауымен тарихи үйген қосымша Ғимарат қосу жұмыстары басталып, 1976 жылы аяқталды.
Қазіргі ғимарат –  ашылған кітап  парақтары іспетті.
Жаңа ғимаратты өңдеу жұмысын Ленинградтағы В.Мухина атындағы көркемсурет-кәсіпорын училищесінің  В.Одноколкин, Г.Козлитин, В.Гукасов, С.Широков сияқты түлектері  жүргізген.
Олар  «Шығармашылық», «Жазушы бөлмесі», «Өлі үй», «Қан», «Тер», «Жас», «Тоғысу» атты композициялық жұмыстардың авторлары.
1977 жылы музей жанында «Ф.М.Достоевский мен Ш.Ш.Уәлиханов» атты сәулетші Д.Элбакидзенің қоладан жасалған ескерткіші орнатылды. 
Музей  40 жыл еңбегі барысында 21581 сандық құрамы бар, бай қор жинақтады; оның 15547 негізгі қорды, 6034 ғылыми қосалқы қорды құрайды.
«Ф.М.Достоевскийдің өмірі мен шығармашылығы», «Достоевский және қазіргі заман», «Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыптары негізінде үнемі жинақтау жұмыстары жүргізіліп отырады.
Музей қорындағы ең қымбат құжат - Ф.М.Достоевскийдің қолы қойылған кітап, көзі тірі кезіндегі басылымдары, мемуарлық әдебиетттер, атақты жазушылардың қолдары қойылған кітаптар мен сирек кездесетін әдебиеттану басылымдары.
2003 жылы музей Шәкәрім университетімен бірлесіп «Достоевский және әлем мәдениеті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Семей елінде әлемнің әр қаласындағы Достоевскийдің шығармашылығымен шұғылданушы ғалым-жазушылар бас қосты.
Бұл конференцияға Петербор қаласында тұратын Ф.М.Достоевскийдің шөпшегі Алексей Достоевский де келіп, мол әсермен қайтты.
Конференция қорытындысы бойынша «Достоевский және әлем мәдениеті»  атты жинақ басылып шықты.   
Музей көрмелерінің нәтижесі ретінде  буклеттер басып шығарылды.
Оқушылар арасындағы ертегілер сайысының қорытындысы бойынша ең үздік ертегілер басылып, «Сиқырлы қалам»  жинағы жарық көрді.        
Музей жыл сайын 12 000 мың келушілерді  қабылдап,  700-800 экскурсия жүргізеді.
 «Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі» атты буклет қазақ және орыс тілдерінде жүйелі түрде шығарылып отырады. 
 Музейде «Ертіс отттары» атты әдеби-поэтикалық клуб жұмыс істейді.
2008 жылдың күзінде музей қайта жөндеу жұмыстарына жабылып,
2011 жылы музейдің 40 жылдығына орай,  қазіргі заман талабына сай шкаф, сөрелер, жарықтармен қамтамасыз етіліп ашылды. «Достоевскийдің Семейдегі өмір кезеңдері», «Ш.Ш.Уәлиханов» бөлімдері, тың, бай  материалдармен толықтырылып ашылды.
Музей қызметкерлері үлкен ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізіп отырады. Ғылыми әдістемеліктер, публикациялар, хабарламалар басылып шығарылады.
Музейдің басты мақсаты -  әлем әдебиетінің алыбы Ф.М.Достоевскийдің шығармашылығын қазақтың кең байтақ елінде насихаттап, сақтау.
Музей құрамында мынадай бөлімдер бар:
1. Ғылыми-қор бөлімі
2. Ғылыми-экспозиция бөлімі
3. Көпшілік ғылыми-ағарту бөлімі
 
Музейге келушілерге төмендегі қызметтер көрсетіледі:
Тақырыптық және шолу экскурсиялары, дәрістер мен оқу-сабақтары;
Әдеби-сазды кездесулер, спектакльдер;
Оқушыларға арналған әдеби композициялар, оқушылар сайыстары;
Музей қорлары бойынша «Хрусталь айна алдында» атты 19-ғасырдың аяғы 20-ғасырдың басындағы  орыс халқының тұрмыс бұйымдары  көрініс тапқан тақырыптық көрме  және экскурсиялар;
 
Жұмыс кестесі: жексенбіден басқа күндердің барлығы 
                            сағ.9-00 ден 18-00- ге дейін  (үзіліссіз)
                            әр айдың соңғы жұмасы -  тазалық күні
 
Сұраныстар 8 (7222) 52-19-42, 52-49-76 телефондары бойынша қабылданады.
            
Көрсетілетін қызметтер түрлері:
1. Шолу экскурсиялары мен мемориалдық үймен таныстыру.
2. Тақырыптық экскурсиялар мен сабақтар (музейде, музейден тыс)
3. Дәрістер (музейде, музейден тыс)
4. Оқушыларға арналған әдеби-ойын композициялары
5. Оқушыларға арналған әдеби сайыстар.
6. Әдеби-сазды кештер
7. Бейнефильмдер
8. Көрме залындағы стационралық көрмелер
9. Музей қорындағы «Хрусталь айна алдында» (19-ғасырдың басы
20-ғасырдың аяғындағы орыс халқының тұрмыс мүліктері) атты көрме.
 
Билет құны:
1. Музейге кіру билеті
-   1-7 сынып оқушыларына 30 теңге
-   8-11 сыныпоқушыларына 50 теңге
-   студенттерге 100 теңге
-   ересек адамдарға 150 теңге
-   зейнеткерлерге 50 теңге
-   делегация (шетел азаматтарына) 200 теңге
 
Экскурсиялық қызмет көрсету:
-  жалпы экскурсия 300 теңге
-  тақырыптық экскурсия 350 теңге
-  шығу экскурсиясы 500 теңге
-  бейнесабақ 400 теңге
Қор экскурсиялары:
-  мектеп оқушылары мен зейнеткерлерге  50 теңге
-  студенттерге 100 теңге
-  ересектерге 150 теңге
-  шетел азаматтарына 300 теңге
Өңдеу күні: 20-02-2013