Акимат » Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнер мұражайы

Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнер мұражайы

 

Атауы: «Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Ведомствалық бағынысы: «Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Құрылған жылы: 1985 ж.
Салынған жылы: 1870 ж.
Жалпы аумағы: 2924,7 м2
Ғимарат көлемі: 14730 м3
Экспонат саны: 4742 бірлік
Мұражай басшысы: Стромская Татьяна Александровна
Байланыс телефондары: 52-31-84, ф.52-20-07
Мекен-жайы: 071400, ШҚО, Семей қаласы, Пушкин көшесі, 108
 
Қызметі: Бейнелеу өнер құндылықтарын сақтау, насихаттау, дамыту бағытында шаруашылық -өндірістік қызмет атқару.
Мұражай қорын және бітім болмысын Мәскеу және Петербург жеке жинақтаушылар жинағынан алынған революцияға дейінгі орыс, кеңес, шетел өнері туындылары айқындайды. Орыс өнерінің жинақтарын 18-20 ғасырлардағы белгілі шебер суретшілердің С.Ф.Щедрин, М.И.Лебедев, К.П.Брюллов, А.П.Боголюбов, Л.Ф.Лагарио, А.И.Мещерский, И.И.Шишкин шығармалары құрайды. Мұражай қорын 19 – 20 ғасыр-ғы орыс өнері бөлімі анағұрлым толық әрі сан қырынан көрсетеді. Шығармалар авторлары: К.А.Коровин, С.Ю.Жуковский, И.И.Бродский, Л.В.Туржанский, Р.Р.Фальк. Кеңестік кезендегі орыс өнері коллекциясы – М.А.Бирштейн, В.Е.Попков, И.Л.Лубенников...
Бүгінгі мұражай қорында Қазақстан суретшілерінің бір жарым мыңнан астам туындылары бар. Олар атақты суретшілер Ә.Қастеев, Л.Леонтьев, К.Баранов, А.Галибаева, С.Мамбеев.... шығармалары.
Негізгі көрсеткіштер: экскурсия саны - 1112
дәрістер саны - 101
шығармашылық сабақтар-94
қамтылған халық саны - 49,620 мың адам
Өңдеу күні: 20-02-2013