Акимат » Көркейту және ТКШ 2013 жылдың 1 қаңтарына

Көркейту және ТКШ 2013 жылдың 1 қаңтарына

Жылумен қамтамасыз ету нысандарын жаңғырту бағдарламасы

Облыстық бюджеттен бөлінген  70,0 млн. теңгеге 2012 жылы 1-ЖЭО жаңғырту бағдарламасының 2-кезектегі қосу-реттеу жұмыстары орындалып, ол түсіру құрылғысын, ұнтақтау корпусын, отын берудің негізгі трактасын, себу бағанын, отынның ашық қоймасын жұмысқа енгізуге мүмкіндік берді.  1-ЖЭО қосу-реттеу жұмыстарын жалғастыру үшін Республикалық бюджеттен 2012жылы 389 614 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген. № 7 қазанды, бастоған имаратын, көбікті генераторлы станцияны, АВР және басқа да нысандарды қосу-реттеу жұмыстары жүргізілді.  

Тұрғын үйлерді терможетілдіру бағдарламасы

2012 жылы 1 механизм бойынша «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ арқылы 3 үйді жөндеу жұмыстары басталды: Цементная,4 «а» жұмыс аяқталды(18 млн.), Физкультурная, 10 Абойынша жұмыс 50% орындалды (18,5 млн.),Уральская 5бойынша жұмыс жалғасуда(10 млн.тенге).

2 механизм бойынша тұрғын үйді жөндеуші болып 2012 жылы қайта құрылған «СКПК» ЖШС анықталған. Республикалық бюджеттен 200 млн.теңге бөлінген. 12 үйдің келісімі алынған. Келесі нысандарда жұмыстар жүргізілуде: Кәрменов, 72, Әуэзов даңғылы, 43, Әуэзов көшесі, 114, Жанасемей, 31 Б, Жанасемей, 33, Глинки, 71, Баздырев, 33, Кожкомбинатская, 13/5,  Первомайская, 79, Рысқұлов, 87,  Турксіб, 49 көшелері бойынша.

2012 жылы бөлінген қаржы толық көлемде игерілген.  «СКПК» ЖШС кәсіпорывн бойынша 187 522 315 теңге (93,7%) игерілген, игерілмегені 12 477 685 теңге (6,3%). 

Қазіргі уақытта ТКШ, тұрғын үй инспекциясы, әлеуметтік жәрдемақы бөлімі мамандарымен кондоминиум нысандарын жөндеу, терможаңғыртуды жүргізу пайдасын түсіндіру бойынша пәтер иелерімен жиналыстар өткізу жалғасуда.

Өткізілген кездесулер нәтижесі бойынша 2013 жылы ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуге қатысуға алдын ала 40 тұрғын үй нысаны тізімі жасалған. 

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.   

«Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы

2012 жылы әлеуметтік қорғалған отбасы үшін 1 пәтер, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым жұмысшылары үшін  13 қызметтік пәтер берілген.

Семей қаласында тұрғын үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2012 жылы жалпы алаңы 4,5 мың м2 болатын Синицын көшесіндегі 9 қабатты, 72 пәтерлі несиелік тұрғын үй құрылысы аяқталды.

2012 жылғы 27 қыркүйектегі тұрғын үй комиссиясы шешімі негізінде 2008-2010 жылдардағы тұрғын үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасы үміткерлеріне 46 пәтер таратылған, оның ішінде 3-бөлмелі– 7, 2 бөлмелі- 11, 1 бөлмелі– 28.

Осы бағдарлама шегінде қалада 2012 жылдан бастап 5 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Осы құрылыстың аяқталуы 2013 жылғы 3 тоқсанға белгіленген:

Кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй:

- Энергетик ықшамауданында (жалдық) 9 қабатты, 72 пәтерлі тұрғын үй, құны- 471,76 млн. теңге, жалпы тұрғын алаңы – 4539,38 кв.м;

- Энергетик ықшамауданында (жалдық) 9 қабатты, 72 пәтерлі тұрғын үй, құны- 421,5 млн. тенге, жалпы тұрғын алаңы – 4296,6 кв.м.

Жас отбасылары үшін тұрғын үй:

- Энергетик ықшамауданында (жалдық) 9 қабатты, 72 пәтерлі тұрғын үй, құны -442,5 млн. тенге, жалпы тұрғын алаңы – 4539,38 кв.м.;

- Энергетик ықшамауданында (жалдық) 9 қабатты, 72 пәтерлі тұрғын үй, құны -476,3 млн. тенге, жалпы тұрғын алаңы – 4296,6 кв.м.

Одан басқа, ағымдағы жылы 1 тоқсанда Энергетик ықшамауданында (жалдық) 9 қабатты, 72 пәтерлі тұрғын үй  пайдалануға енгізу жоспарлануда, құны- 436,6 млн. теңге, жалпы тұрғын алаңы – 4539,38 кв.м.

Өңдеу күні: 16-04-2013