Акимат » Семей қаласында тілдердің дамуы 2013 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласында тілдердің дамуы 2013 жылдың 1 қаңтарына

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты - Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады. Сондықтан бұл талаптар қатаң сақталуда.Мемлекеттік тілде іс жүргізу, мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындардың басқа да санаттарына қазақ тілін, этнос өкілдеріне ана тілін оқыту, көрнекі ақпарат пен деректемелерді тіл заңнамалары талабына сәйкестендіру, елді мекендер мен физикалық-географиялық нысандардың атауларын қайта атауда тәуелсіздік принциптеріне сәйкестендіру мәселелері бойынша тиісті қаулылар қабылдануда. Осындай жұмыстарды жүргізудің нәтижесінде қаланың мемлекеттік тіл саясатын іске асырудағы 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық мақсатты индикаторлары орындалды. 2012 жылы қаламыздағы тіл саясатының басым бағыттарын жүзеге асыру мақсатында көптеген  іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда  мемлекеттік тіл оқыту курстарында, жексенбілік мектептердегі 15 топта 297 адам мемлекеттік, ағылшын тілдерін және жексенбілік мектептерде 5 топта өзге де тілдерді оқыту ұйымдастырылды (неміс, орыс, кәріс, татар, еврей тілдері).

Аталған мемлекеттік және өзге ұлт өкілдеріне ана тілдерін  мемлкеттік бюджет есебінен тегін оқыту курстары келесі жылы да өз жалғасын табады.

Ағымдағы жылда 3 фестиваль, 11 конкурс, 2 семинар, 2 конференция, 3 олимпиада, 4 айлық, 5 жастар акциясы, пікір-сайыс турнирі,  қазақша КТК (көңілді тапқырлар клубы) өткізілді. Мемлекеттік және басқа да органдарда Қазақстан Республикасының «ҚР Тіл туралы» Заңының талаптарының орындалуына тексерулер  және аталған Заңның 21 бабы бойынша қалада «Көркем тіл – көрікті жарнама», «Тіл бұзарға- тосқауыл», «Тілге  құрмет – Тәуелсіздікке құрмет»  тақырыптарымен рейдтер жүргізілді.  Айлықтың қорытындысы ретінде Семей қаласының мемлекеттік органдарының, мекемелер мен кәсіпорындардың  басшылары, қалалық жарнама агенттіктерінің өкілдері, ірі сауда орталықтарының  әкімшілерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

10 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Біз мемлекеттік тілде сөйлейміз!» атты Семей қаласы жастарының  арасында қалалық акция өтті. Акция жастар арасында мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарын жүзеге асыру, ұлттық бірліктің негізгі факторы ретінде мемлекеттік тіл-қазақ тілінің  қоғамдағы мақсаты мен міндеттерін жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді. Қоғамдық санада мемлекеттік тілде сөйлеушінің мәртебелі бейнесін қалыптастыру. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстандық жастардың басын біріктіруші негізгі фактор,  басты рухани құндылық екендігін дәріптеу.

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мен түсіндіруде бұқаралық ақпарат   құралдарының алар орны ерекше екені мәлім. Жергілікті бұқаралық құралдарында 2011 жылы газеттерге 75 мақала жарияланып, 58 бейнематериал эфирге шықса,  2012 жылы 128 мақала жарияланып, элдектронды БАҚ-да 72 бейнематериал, 34 тақырыптық хабар эфирге шыққан. Аталған игі шаралар болашақта өз жалғасын табатын болады. 

Өңдеу күні: 16-04-2013