Акимат » Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау 2013 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласының халқын әлеуметтік қорғау 2013 жылдың 1 қаңтарына

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 15 әлеуметтік бағдарламалар бойынша қаржы қаражатының игерілуін қамтамасыз етуде.

2012 жылы 1 214 362,4 мың теңге игерілді, соның ішінде жергілікті бюджеттен 714 206,7 мың теңге, облыстық бюджеттен 238 114,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 262 041,7 мың теңге.

Қаланы дамыту бағдарламасының іс-шараларын орындай отырып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 2012 жылы 4018 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 253 адам әлеуметтік жұмыс орындарға, 330 адам жастар тәжірибесіне. Кәсіптік оқумен 584 адам қамтылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 1262 адам жіберілді. Өтініш жасағандардың санынан жұмысқа орналастыру деңгейі 80,8% құрады. Жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыздар саны 01.01.2013 жылына 1110 адамды құрады, соның ішінде ауылдық округ тұрғындары - 325.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша Жұмыспен қамту орталығымен Бағдарлама қатысушыларының құрамына 2264 адам енгізілді.

Бірінші бағыт шеңберінде  кәсіптік қайта даярлау және біліктілікті арттыруға 550 адам жіберілді. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Орталықпен кәсіптік даярлауға  191 адам жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 829 адам, жастар тәжірибесіне - 544 адам орналастырылды.

Орта тапты одан әрі дамыту мақсатында Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде өз ісін ұйымдастыру немесе оны кеңейту үшін шағын несие беру жолымен ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу жүргізіледі.   Осылайша, 2011 жылы 152 жұмыс орнын құрумен бөлінген 168,550 млн теңге сомасындағы шағын несие қаражаттары игерілді. 2012 жылы 188 жұмыс орнын құрумен жоспарланған 202,0 млн. теңгеге шағын несие беру үшін 85 бизнес-жоба іріктелініп алынды. Ақшалай қаражат толық көлемде игерілді.

2012 жылы  үшінші бағыт бойынша көшуге 9,908 млн. теңге қаражатты ұсына отырып,   әлеуеті төмен елді мекендерден Семей қаласына 50 жанұяны көшіру қарастырылды.

Семей қаласына өз еркімен көшуге ниетті тұлғалардың нақты тізбесін анықтау үшін, Орталық мамандары экономикалық әлеуеті төмен алты елді мекенді аралап қайтты. Алдын ала баға бойынша өз еркімен көшуге ниет білдіргендер саны 178 болды. Экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұрушы азаматтардың, оларды көшіру үшін, тізімдерін құрастыру жалғасуда, бекітілген тізбеге сәйкес құжаттары жинақталуда.

Төртінші бағыт шеңберінде (ауылдық елді мекендерді инфрақұрылымдық дамыту) инженерлік-коммуникациялық, әлеуметтік инфрақұрылымды және тірек ауылдық елді мекендерді абаттандыру үшін 2012 жылы 28 жұмыс орнын құрумен 82,537 млн теңге қарастырылды. Соның ішінде, Знаменка ауылында жол жөндеуге және ойын алаңына – 20,467 млн теңге, Новобаженово ауылында Советская және Строительная көшелерін жарықтандыруға – 19,951 млн теңге, Қайнар ауылында сыртқы жарықтандыруға және футбол алаңына – 42,119 млн теңге. 2012 жылы Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша Орталық тарапынан 17 адам жұмысқа орналастырылды.

Әлеуметтік жәрдемақылар табыстары кедейлік шегінен төмен адамдарды (отбасыларын) әлеуметтік қолдаудың бір түрі болып табылады.

2235 алушысы бар 664 отбасына 75920,0мың теңге атаулы әлеуметтік көмек  көрсетілді. Жәрдемақының орташа мөлшері 2807 теңгені құрайды.

Жан басына шаққанда табыстары азық-түлік себетінің құнынан  төмен 18 жасқа дейінгі жастағы балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларға балалар жәрдемақысы тағайындалады. Есепті мерзімде 2032 баласы бар 941 отбасына 22310,0 мың теңге көмек көрсетілді. Жәрдемақының орташа мөлшері 902 теңгені құрайды.

Тұрғын үй жәрдемақысы 2295 жанұяға көрсетіліп, 35230,0 мың теңге төленді. Жәрдемақының орташа мөлшері 1242 теңгені құрайды.

007 «Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарлама бойынша 2012 жылы 16705 алушының қамтылуымен жоспарланған 277608,0 мың теңге толығымен игерілді.Осы қаражаттар  әлеуметтік көмекке мұқтаж, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз жіктеріне өтініштері бойынша және азаматтардың жекелеген санаттарына атаулы және мереке күндеріне әлеуметтік көмек төлеміне жұмсалды.

Соның ішінде:

Қалалық бюджеттен 8950 алушыға 39490,0 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ерекше назар шұғыл жағдайларға байланысты және жеке өтініштері бойынша мұқтаж азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлемдерге аударылады. Есепті мерзім ішінде 363 тұрмысы төмен азаматқа 3336,0 мың теңге төленді.

Инфляция үдерістеріне және азық – түліктің қымбаттауына байланысты 456 отбасына 2280,0 мың теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді.

Жақсартылған тамақтануға мұқтаж туберкулез ауруымен ауыратын  120 адамға ай сайын  5000 теңгеден әлеуметтік көмек төленеді.Есепті мерзім ішінде 386 тұрмысы төмен азаматқа 7200,0 мың теңге төленді.

«Мектепке жол» атты акция шеңберінде оқушыға қажет жабдықтарға 150 көп балалы аз қамтылған  отбасына 5000 теңгеден 750,0 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

Ауғанстаннан әскердің шығарылу күніне интернационалист жауынгерлерге және қайтыс болған интернационалист жауынгерлердің отбасыларына 1529,0 мың тенге сомасында  әлеуметтік көмек төленді.

Облыстық бюджеттен 7755 алушыға 238114,0 мың теңге сомасына материалдық көмек көрсетілді.

- жалпы білім беретін мектептердің тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан түлектеріне, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жоғарғы оқу  орындарында облыс әкімінің гранты бойынша оқитын 121 адамға оқуына, шәкіртақысына, жатақханада тұруына 65482,0мың теңге төленді;

- азаматтардың жекелеген санаттарына (ҰОС қатысушылары, мүгедектері, соларға теңестірілгендер) коммуналдық қызметтер шығындарының өтемақысына орташа алғанда 1050 адамға 5000 теңгеден, ҰОС мүгедектеріне теңестірілген 2952 адамға 2000 теңгеден, жалпы сомасы 134715,0мың теңге;

- Ауғанстанда қайтыс болған интернационалист жауынгерлердің отбасыларына 12 адамға 5000 теңгеден 675,0 мың тенге;

- Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңірген 56 дербес зейнеткерге коммуналдық қызметтер шығындарының өтемақысына 2000 теңгеден 1330,0 мың теңге;

- облысқа ерекше еңбек сіңірген 133 дербес зейнеткерге коммуналдық қызметтер шығындарының өтемақысына 2000 теңгеден 1592,0 мың теңге;

-  «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен,  бұрын «Батыр ана» атағын алған,  1,2 дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған 2566 көп балалы анаға 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне 5000 теңгеден, жалпы сомасы 25665,0 мың теңге;

-  бірге тұратын кәмелетке толмаған  4 және одан да көп балалары бар 865 отбасына 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне 5000 теңгеден жалпы сомасы 8655,0 мың теңге.

Қайырымдылық көмек көрсету бойынша үлкен жұмыс атқарылды, 94 мұқтаж азаматқа гуманитарлық көмек көрсетіліп, төсек орын жабдығы және төсек жапқыш берілді. Көп балалы аналарға жаңа жылға 150 сыйлық бөлінді.

Халықтың әлеуметтік қорғалуға аса мұқтаж тобы болып мүгедектер табылады.

Мүгедекті оңалту процесі - оның тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби қабілеттерін  толықтай немесе ішінара қалпына келтіруге арналған ауқымды жүйе. Мүгедектерді әлеуметтік бейімдеу мақсатындағы оңалту олардың организм функцияларының тұрақты бұзылуынан пайда болған өмір сүру шектеулерін жеңу үшін жағдай жасауға бағытталған.

2013 жылғы 1 қаңтарға өңірде 12651 адам мүгедектігі бойынша арнаулы және   мемлекеттік жәрдемақылар алады.

Есепті кезеңде 1579 мүгедек техникалық қосалқы құралдармен қамтамасыз етілді, соның ішінде: 710 - протездік-ортопедиялық құралдармен, 589 - міндетті гигиеналық құралдармен, 52 - сурдотехникалық құралдармен, 86 – есту аппараттарымен, 66 -  тифлоқұралдармен, 76 - мүгедек кресло-арбаларымен қамтамасыз етілді.   Мұқтаждығына байланысты   есту бойынша 130 мүгедекке 4 ымдау тілі мамандарының, жүріп - тұруы қиын бірінші топтағы 75 мүгедекке 12 жеке көмекшінің қызметі көрсетілді. Бұл қызметтерге 8955,0 мың теңге сомасында  қаражат  жұмсалды.  

«Уба», «Бура», «Спутник»  санаторийлерінде  427 адам, соның ішінде 241 мүгедек емделуден өтіп, денсаулығын түзеді.

ПМПК (психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация) қорытындысының негізінде «Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру» бағдарламасы бойынша 298 мүгедек балаға 48859,0 мың теңге материалдық көмек төленді.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудағы қажетті шаралардың бірі кәсіптік оңалту – бұл мүгедектерге жұмысқа орналасуға, оқуға және қайта оқуға көмек көрсету. Есепті мерзім ішінде жұмыспен қамту бөліміне еңбекке етуге қабілетті 46 мүгедек өтінішпен келді, оның 10 – ы әлеуметтік жұмыс орындарына, 10 - ы қоғамдық жұмыстарға, 5 – і мүгедектерге арналған квота бойынша жұмысқа орналастырылды, 7 – і еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту курстарына жолданды.

Мүгедектерге, мүмкіндігі шектелген балаларға, жалғыз басты азаматтарға, белгілі тұрағы жоқ адамдарға әлеуметтік көмек және қолдау көрсету бөлім жұмысының басым бағыты.

Екі Орталықта үйден арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен 211 әлеуметтік қызметкер айналысады. Орталықтардың қарамағында 1497 адам, соның ішінде Шульба кентінде – 16 адам бар. 1417 қызмет алушыға, соның ішінде психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек - қимыл аппараты бұзылған 240 балаға және 18 жастан асқан - 120 адамға, 1110 қарт және еңбекке қабілетсіз азаматтарға үйден әлеуметтік көмек  көрсетілді. Күндізгі бөлімшеде арнаулы әлеуметтік қызметтер кешені 107 алушыға, соның ішінде 80 қарт азаматқа және 3 жастан 18 жасқа дейінгі 27 мүмкіндігі шектеулі балаға көрсетіледі.

Әлеуметтік бейімдеу орталығының негізгі міндеті – белгілі тұрағы және құжаттары жоқ адамдарға әлеуметтік, медициналық және басқа да көмек көрсету. 2012 жылы 512 адам беймделді.

01.01.2012 ж. бастап пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 30 төсек-орынға арналған түнгі бөлімше ашылды. Есепті мерзімде түнгі бөлімшеге 497 адам жүгініп, оларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Семей ядролық сынақ полигонындағы жарылыстардан зардап шеккен азаматтарды қабылдау жалғасуда. 2013 жылдың 1 қаңтарына 515 адам қабылданып, зейнетақы төлеу орталығына  іс макеттері тапсырылды.  477 алушыға 10,4 млн теңге біржолғы ақшалай өтемақы төленді.

Өңдеу күні: 16-04-2013