Акимат » 2013 жылдың 1 қаңтарына Семей қаласы бойынша бюджеттің атқарылуы туралы

2013 жылдың 1 қаңтарына Семей қаласы бойынша бюджеттің атқарылуы туралы

2012 жылғы қала бюджеті 20 499,8 млн. теңге сомасында бектілген, нәтижесінде жүргізілген нақтылау мен түзетулер есебімен 23 491,9 млн. теңгені құрды.

Меншікті кірістер бойынша 10 609,3 млн. теңге жоспары кезінде 10 795,2 млн. теңге келіп түсті, немесе болжам 101,8% орындалды. Артық орындалу сомасы 185,9 млн. теңгені құрды. 2011 жылға өсу қарқыны 115,1% құрды, немесе 1 419,5 млн. теңгеге артық келіп түсті.

Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы барлық бюджеттік бағдарламалардың уақытылы және толық қаржыландырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 

Өткен жылы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға 23 373,9 млн. теңге шығындалды, немесе қарастырылған қаражаттан 99,5%. Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға 14 627,8 млн. теңге (99,9% орындалды), даму бюджеттік бағдарламаларына 8 746,1 млн. теңге (98,9%) бағытталды.

2012 жылы басқару орандарының жұмысын қамтамасыз етуге шығындар 1 061,5 млн. теңге құрды (99,9% орындалды), соның ішінде мемлекеттік органдардың күрделі шығындарына 145,4 млн. теңге. 

Білім саласындағы тапсырмаларды орындауға 2012 жылы нысандардың құрылысы мен оларды қайта құруға, ведомстволық қарасты мекемелердің күрделі шағандарын есепке алғанда 7 397,1 млн. теңге пайдаланылды. Оның ішінде жалпы білім беру шығыстары бойынша 5 503,8 млн. теңге сомасына 73 мекеменің жұмысы қамтамасыз етілді, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруге 621 млн. теңге, кәсіби білім беруді ұйымдастыруға мемлекеттік тапсырысты орналастыру аясында 109,1 млн. теңге бағытталды.

Мектептердің күрделі жөндеуіне және білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын күшейтуге 161,3 млн. теңге бағытталды. Даму бюджетінің аясында Новобаженово аулындағы мектеп қазандығының және жасанды төсегішті 3 шағын футбол алаңының құрылысы аяқталды, сонымен қатар № 26 мектепте спорт залының құрылысы басталды.

Есепті жылы әлеуметтік көмек және қамтамасыз етуге 1 112,2 млн. теңге бағытталды. Оның ішінде әртүрлі әлеуметтік көмектің төлеміне 511,7 млн. теңге, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге  324,7 млн. теңге, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелеріне 272,2 млн. теңге. 

Мәдениет, спорт саласындағы шараларға және ақпараттық саясатты іске асыруға 741,3 млн. теңге шығысталды.

Бюджет қаражатының жартысынан артық бөлігі, немесе 12 279,5 млн. теңге ТҮКШ жұмысын қамтамасыз етуге және оны дамытуға, көліктік инфрақұрылымға және құрылысқа бағытталды. Оның ішінде 6 000 млн. теңге республикалық трансферттер есебінен ТЭЦ-1 және РК-1 кеңейту және қайта құру бойынша жұмыстар жалғастырылды. 

Жолдардың жұмысын қамтамасыз етуге және оларды жөндеуге шығыстар 1 104 млн. теңгені құрды.

4 арендалық және тұрғын үй құрылысына жинақтау бағдарламасы аясында 2 үйдің құрылысы басталды, бұған 1 007,4 млн. теңге бағытталды. Синицын және Аймауытов көшелеріндегі үйлердің құрылысы аяқталды.

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту мақсатында 844,3 млн. теңге пайдаланылды. Энергетик кентіндегі және Аймауытов көшесіндегі үйлерге желілер, (РП-6) тұрғын үйлерге суалғы құрылды, Контейнерная және Спартак көшелеріндегі үйлер электр қуатымен қамтамасыз етілді, Смычка көліне суалғысынан сутартқы құрылысы басталды. 

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында жеке тұрғын-үйлердің, шағын отбасылық жатақхананың және оларға инженерлік желілердің құрылысына 336,5 млн. теңге бағытталы.

342 квартал және Агрохимлабараториядағы орталық жылу пунктілері желілерінің, сонымен қатар Мұздыбай аулындағы су құбыры желілерінің қайта құрылуы аяқталды. 

Өткен жылы 0,2 млн. теңге сомасында қарыздар уақытылы және толық көлемде өтелді, жалпы сомасы 187,7 млн. теңгеге 2011 жылғы мақсатты пайдаланылмаған трансферттер және төменгі деңгейдегі мемлекеттік органдарының функцияларын беруге байланысты жоғары деңгейдің бюджетіне 117,1 млн. теңге сомасында траснферттер қайтарылды. Жоғары деңгейдегі бюджеттен алынған 228,4 млн. теңге қарыздар өтелді.

Қаланың жергілікті атқарушы органының резервінен 2012 жыл ағымында 205,2 млн. теңге бөлінді, соның ішінде төтенше жағдайларды жоюға 4,9 млн. теңге, шұғыл шығындарға 179,9 млн. теңге, сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға 20,4 млн. теңге. 

Қаланың тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарын тұрақты сумен жабдықтау және кідіріссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Шығыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының шұғыл шығындарына арналған резервінен 149 млн. теңге бөлінді және игерілді. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жалпы 1 131,9 млн. теңге сомасында бөлінген қаражат 100 % игерілді,  соның ішінде «Ядролық сынақ жасауға тыйым салудан ядролық қарусыз бостандық әлемге» Халықаралық конференциясын өткізуге 462,2 млн. теңге, қаланың жылу орталықтарына және қазандықтарына отын сатып алуға 280,1 млн. теңге және «Теплокоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның  ТЭЦ-1 нысанында іске қосу-жөндеу жұмыстарын өткізуге 389,6 млн. теңге бағытталды.

Өңдеу күні: 16-04-2013