Акимат » Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2013 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2013 жылдың 1 қаңтарына

Қалада 103 білім беру ұйымы жұмыс істейді, оларда 59300-ден астам бала білім алып, тәрбиеленуде және 3597 педагог  қызмет етеді.

Оның ішінде:

* құрамы 36320 оқушы 68 мемлекеттік мектеп пен мектеп-интернат және құрамы 370 оқушы 4 мемлекеттік емес мектеп.

* Жалпы білім беретін мектептердің жанындағы құрамы 9115 бала 25 мектепке дейінгі ұйым мен 51 шағын орталық, оның ішінде бюджеттік – 20, жеке меншік – 5.

* құрамы 14150 оқушы 15 мектептен тыс ұйым.

1. Қаржыландыру

Қалалық және республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлу жыл сайын ұлғайып келеді. 2012 жылғы бюджет 7 млрд. теңгеден астам болды.

2. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қазіргі уақытта қалада  жалпы білім беретін мектептердің жанында құрамы 9115 бала 25 мектепке дейінгі ұйым мен 51 шағын орталық жұмыс істейді. Оның ішінде:

- мемлекеттік - 21, 5411 бала;

- мемлекеттік емес - 5, 520 бала;

- шағын орталықтар - 51, 3184 бала.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасын іске асыру және орындардың тапшылығын азайту мақсатында 2012 жылы:

* мемлекеттік-жекеше әріптестік шектерінде 160 орындық «Ажар» балалар бақшасы ашылды;

* 230 орындық 3 мемлекеттік  емес балалар бақшасы ашылды.

Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарға 390 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.

* қосымша 4 мектеп негізінде 5-6 жастағы балалардың мектепалды даярлығын жүзеге асыратын шағын орталықтар (4 топ) ашылды. Осылайша 2012 жылы қосымша 550 мектепке дейінгі орын енгізілді. 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 88 % құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4% жоғары .

2012 жылы республикалық бюджеттен шағын орталықтарға 267 млн. 193 мың теңге бөлінді (қызметкерлердің жалақысына және құрал-жабдық сатып алуға), 2013 жылға 394 млн. 942 мың теңге көзделген.

Балалар бақшаларына бірыңғай кезектілікте тұрған 2-ден 5-ке дейінгі жастағы балалар саны 5633 құрайды.

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығын кеміту мақсатында             «Балапан» бағдарламасын іске асыру жөнінде 2011-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді.

2013 жылы жоспарланды:

* Лермонтов көшесі, 66 мекен-жайдағы 280 орындық бұрынғы балалар бақшасының ғимаратын сатып алу.

* жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарға 320 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастыру.

3. Жалпы орта білім беру

Қалада құрамы 36690 оқушы 74 орта білім беретін ұйым жұмыс істейді, оның ішінде:

- мемлекеттік – 68, құрамы – 36320 оқушы             

- мемлекеттік емес – 4, құрамы – 370 оқушы.

Қаланың білім беру мекемелері желісін оңтайландыру мақсатында 42 және жанында интернаты бар 45 жалпы орта білім беретін мектептер біріктірілді, құрамның жоқтығына байланысты Шаған, Тепқаш, Мұрат бастауыш мектептері жабылды, № 10 мектеп-бақша № 10 ясли-бақша болып қайта ұйымдастырылды.  

Қаланың білім беру жүйесіндегі басым бағыт 12 жылдық оқытуға көшуге дайындық болып табылады. Осы мақсатта қаланың 4 мектебі негізінде 12 жылдық оқытуға көшу жөніндегі эксперименттік жұмыс жалғастырылды. Мектептерді 12 жылдық оқытуға көшірудің егжей-тегжейлі жоспары әзірленді.

Білім беру ұйымдарында қазақ тілін, ағылшын және орыс тілін оқып-үйренуге ерекше назар аударылады.

Алғаш рет 9 сыныптар оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) жүргізіліп, оған 703 оқушы қатынасты. Орта балл 56,9 % құрады, тапсырмаларды орындау пайызы – 71,1.

2011-2012 оқу жылының түлектерін ұлттық бірыңғай тестілеу 2 ЖОО негізінде 2012 жылғы маусымның 4-інен 9-ына дейін жүргізілді. Қала бойынша орта балл  73 құрады.

Жыл қорытындылары бойынша Семей қаласының экономикалық лицейі облыстың үздік жалпы білім беретін мекемесі болды.       

Семей қаласының командасы облыстық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда жетекші орындарға ие болып келеді. 2011-2012 оқу жылында республикалық және халықаралық  олимпиадалардағы,  ғылыми жарыстар мен конференциялардағы жүлделі орындар саны 256 құрады;

* ғылыми жобалардың республикалық кезеңінде 10 оқушы 7 жобамен жүлделі орындар алды, мектеп оқушыларының ғылым негіздері бойынша олимпиадасының облыстық және республикалық кезеңдерінде 42 шәкірт жүлделі орындар иеленді, халықаралық  олимпиадаларда 8 оқушы жүлделі орындар алды. Дарынды балаларды ынталандыру және қолдау ретінде бес оқушы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шәкіртақысын алды.

Білім беру ұйымдарында балалардың өмірін сақтау, денсаулығын және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Қала мектептерінде күнкөрісі төмен отбасылардың балалары үшін тегін тамақтандыру ұйымдастырылды. Осы мақсатқа 2011 жылы 82 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Қаланың білім беру ұйымдарын оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда. 2011-2012 жылы оқулық әдебиет сатып алуға жергілікті бюджеттен 57 млн. теңге бөлінді, оқулықтармен қамтамасыз ету 78% құрайды.            

5. Тәрбие жұмысы

Өткен жылмен салыстырғанда мектептен тыс ұйымдар саны 2 бірлікке көбейді (Жасөспірім техниктер бекеті және «Қазақстан жолы» орталығы).

Мектептен тыс ұйымдардағы үйірмелердің жалпы саны 421.

2012 жылы «Жасөспірім музыкант» республикалық конкурсында № 2 БММ тәрбиеленушісі Дарын Құдайбергенов (домбыра) Бас жүлде алды, 1 орында – баян сыныбы бойынша татар өнер мектебінің тәрбиеленушісі Эльдар Абдуллов.

2012 жылы қала сыртындағы лагерьлерде күнкөрісі төмен отбасылардың 250 баласы демалды, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 3956 мың теңге қаражат жұмсалды. Жазғы демалыс пен сауықтырудың алуан түрлерімен барлығы 32283 бала қамтылып, осы мақсатқа 20 млн. 532 мың теңге жіберілді (2011 ж. – 7 млн. 574 мың теңге).

Қаланың жалпы білім беретін мектептерінде құқық бұзушылық  профилактикасы мәселелерімен 48 полицияның мектеп инспекторы, 99 психолог (2011 ж. – 94) және 15 әлеуметтік психолог шұғылданады.

Қалада кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың елеулі түрде өсуіне қарамастан 2012 жыл қорытындылары бойынша мектеп оқушылары жасаған қылмыстар саны 54,8 % азайды (2011 жылы – 49, 2012 жылы – 23 жағдай).

Бөлім үкіметтік  емес ұйымдармен және «Исток», қазақ ұлттық мәдени орталығы «Айша Бибі», «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы», «Бастамашыл мектептер қауымдастығы», «Жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығы», «Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық бірлестігі, «Әлем балалары» халықаралық мәдени орталығы» тәрізді бірлестіктермен тығыз ынтымақтастық жасап, балалардың құқықтарын қорғау саласында бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асырады.

2012 жылы бөлім 92 бала қорғаншылық және қамқоршылыққа алынды.

«Қорғаншы күні», «Ризашылық», «Мейірім» республикалық акциялары өткізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19.02-дегі № 160 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған  стратегиялық жоспарына сәйкес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп ұстауға қорғаншыларға (қамқоршыларға) 10 АЕК мөлшерінде жәрдемақылар төленіп тұрады.

Жетім және мүгедек балалар санатындағы түлектердің жоғары оқу орындарында оқуы үшін қала Әкімінің білім беру гранттарының саны жыл санап көбейіп келеді. 2011 жылы 5 грант, 2012 жылы 7 грант бөлінді.

7. Орта білім беру ұйымдарын ақпараттандыру

Қаланың 68 мемлекеттік мектебінің барлығы да компьютер техникасымен жарақталған, 60 жалпы білім беретін мектеп Интернет желісіне қосылған.

Мектептердің корпоративтік желісі, білім беру мекемелерінің мектеп порталы және білім бөлімінің сайты жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылған  жүйесі жұмыс істеп, ол   балалар бақшаларымен толығырақ танысуға, Интернет құралдары бойынша бірыңғай кезектілікке қою туралы өтінім беруге, кезектілікті он-лайн режимінде мұқият қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл жүйе балаларын балалар бақшасына орналастырғысы келетін азаматтардың   хабардарлығын арттырады, кезектілік үдерісін неғұрлым таза етеді, сыбайлас жемқорлық көріністеріне елеулі кедергі қояды.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шектерінде 21 жалпы білім беретін мектепте «Электронды оқыту жүйесі» жобасы енгізілуде. Республикалық бюджет есебінен     материалдық-техникалық база кеңейтіліп, оқу үдерісін және статистиканы толық автоматтандыру жүргізілді (электронды журналдар, кітапханалар, кесте, күнделік, sms-хабарлар).

8. Педагог кадрлар және педагогтың мәртебесін арттыру

Семей қаласының білім беру жүйесінде 3597 педагог жұмыс істейді, олардың арасында 2 ұстаз ордендермен және медальдармен, 9 мұғалім «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» белгісімен және «Қазақстан Республикасы құрметті білім беру қызметкері» белгісімен марапатталған, 13 қызметкерге «Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілген, 4 адам Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

№ 26 ОМ музыка мұғалімі К.С.Сейфуллина  «Жыл мұғалімі – 2012» қалалық конкурсында Бас жүлде алды.

Жастар қозғалысын дамытып, өскелең ұрпақты тәрбиелегені үшін «Шығармашылық және жастар сарайының» директоры М.Шапатов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Балалар үшін» белгісімен марапатталды.

Биологиялық орталықтың мұғалімі Ж.К. Нукебаева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және республикалық қосымша білім беру орталығының оқу-әдістемелік «Әдістемелік вернисаж» сайысының иегері атанды.

Мұғалімдердің біліктілігн арттыру индикативті жоспар бойынша өтіп, мониторинг пен экспериментальды жұмыстар жүргізіледі. Бөлім тарыпнан ЖОО-дарымен, мұғалімдердің біліктілігін қайта даярлау және арттыру Назарбаев зияткерлік мектебімен келісімшарт жасалған. НЗМ-мен (Назарбаев зияткерлік мектебі) жасалған келісімшартқа сәйкес қазан айында 500 оқушы қайта даярлау курстарынан өтті. Кемридждің бағдарламасы бойынша 75 мұғалім «Өрлеу»АҚ-да 3 айлық курстарынан өтті.

9. Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту.        

Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту 2012 жылы бөлінген бюджет қаражаты шектерінде жүзеге асырылды. Мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде қадам сайынғы іс-шаралар жасалды.

№ 26 орта мектепте спорт залының құрылысын бастауға қаржы қаражаты бөлінді. Новобаженово ауылында қазандық құрылысы аяқталды.

Төрт жалпы білім беретін мектепте жасанды төсенішті көп салалы манеждер             пайдалануға берілді.

17 білім беру нысаны сомасы 70875,0 мың теңге  күрделі-ірікті және кешенді  жөндеумен қамтылды.

39 мекемеде сомасы 110698 мың теңге ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Жалпы сомасы 17772 мың теңгеге жаңа модификациядағы оқу кабинеттері және асханалар үшін құрал-жабдық сатып алынды.

Есепті кезеңде бөлімде жеке және заңды тұлғалардың 430 өтініші қаралды.  Қала прокуратурасының тексеруі барысында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын бұзу байқалған жоқ. Бөлімдегі құжаттар айналымы: кіріс хат-хабарлар – 6200, шығыс – 5285 хат.

БАҚ-тарда (бұқаралық ақпарат құралдары) бөлімнің жұмысы, өткізілген іс-шаралар туралы материалдар жүйелі беріліп тұрады. Бөлім қызметкерлері тікелей эфир телехабарларына 24 рет қатынасты. Бөлім бастығы ата-аналар жұртшылығымен 35 және жоғары сынып оқушыларымен 8 кездесу өткізді.

Білім бөлімінің 2013 жылғы  жұмысы басым міндеттерді және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, «Балапан» бағдарламасын іске асыруға бағытталатын          болады:

- Қазақстан Республикасы мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, негізгі  орта және жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын қамтамасыз ету;

- білім беру сапасын арттыру; 

- білім беру ұйымдарының желісін дамыту;

- 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту;

- мектеп жасындағы балаларды   міндетті оқытумен қамту;

- жаңа білім беру және оқытудың ақпараттық технологияларын енгізу;

- әлеуметтік әріптестіктің тиімді жүйесін құру;

- қазақ тілін оқып-үйренуді жетілдіру;

- балалардың өмірін сақтау, денсаулығын және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- 12 жылдық білім беруге көшу;

- білім беру ұйымдарының оқу-материалдық базасын нығайту және жаңғырту.

Өңдеу күні: 29-04-2013