Акимат » Семей қаласындағы дін туралы 2013 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласындағы дін туралы 2013 жылдың 1 қаңтарына

Бүгінде қазақстанда  ұлтық діни қайта өрлеу кезені белен алуда. Дін халықтың мәдени дәстүрлерін сақтаушы және рухани адамгершілік идеялардың қозғаушы күші ретінде  біздің отандастарымыздың көз алдында зор құндылықтарға ие. Осыған байланысты діни этиканың  күші жас ұрпақтың адамгершілік және рухани дүниетанымын қалыптастыруда барынша белсенді қолданылуда. Ішкі саясат бөлімі өзге де мемлекеттік органдармен, дәстүрлі дін өкілдерімен бірге қоғам азаматтарының «рухани саулығы» үшін азаматтардың бойындағы патриотизімді тәрбиелеу, ел ішіндегі бейбітшілікті  нығайту бағытында жұмыстар атқаруда.  

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»  Заңның  24- бабына сәйкес үстіміздегі жылғы 25 қазанда діни бірлестіктерді тіркеу және қайта тіркеу жұмыстары аяқталды.

Семей өңірі бойынша қайта тіркеуден 35 діни бірлестік өтті. Олардың ішінде  18 мешіт, 4 проваславия шіркеуі 2 католик приходы, 10 протестантық ағым өкілдері және 1 дәстүрлі емес діни бірлестік бар.

Қайта тіркеуден өтпеген 15 діни бірлестік  облыстық әділет департаменті тарапынан сот тәртібімен  таратылуға ұсынылды.

Семей қаласында діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды  және діни сипаттағы заттарды  сатумен айланысатын 8 сауда орны, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде діни жораларды өткізуге арналған 4 үй-жайлар анықталып облыс әкімдігінің 2012 жылғы 27 қыркүйегіндегі № 232 қаулысына еңгізілді.

Қала бойынша дін сұрақтары бойынша   Ішкі істер басқармасы, прократура, дәстүрлі дін өкілдері кірген ақпараттық насихат тобы құрылды.  Жұмыс жоспары  ай сайын  жасалып қала әкімінің орынбасары З. Исабаевамен бекітіліп  отырады.  Жоспар негізінде қала қөлемінде  діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуына қарсы тұру, діни ағымдардың мәнін түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру мақсатында қала оқу орындарында дәстүрлі дін өкілдерінің қатысуымен  дәрістер, кездесулер, тәжірбиелік іс-шаралар   өткізілді.

Мысалы: Мысалы есептік мерзім ішінде «Әмина» мұсылман әйелдері кауымдастығының ұйтқы болуымен «Ұлт аралық қарым-қатынастардың негізгі мәселелері» тақырыбында, Знаменка, Озерка, Ертіс, Достық, Шаған ауылдық округтерінде «жат діни ағымдардың басты идеологиясы» тақырыбында, Қаржы-экономикалық академиясы студентерімен  «Діни экстремизм-Қазақстан Республикасының ұлтық қауіпсіздік контексінде» тақырыбында,   Семей қаласы әскери полиция ғимаратында қалада орналасқан әскери бөлім командирлерінің тәрбие жөніндегі орынбасарларының қатысуымен «Уахабизм радикалды діни  бағытының негізгі ерекшеліктері» тақырыбында, 36803 ракеталық бригаданың жеке құрамымен әскери полиция,  және ішкі саясат маманының қатысуымен «Экстремистік, радикалды діни ағымдардың көздегені не?» тақырыбында , Семей қалалық электротехникалық колледжінде «Исламдағы жат ағымдар туралы», Семей қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармада  Қазақстан Қарулы күштері қатарына шақырылған азаматтар арасында Экстремистік бағыттағы діни ағымдарға қатысы бар азаматтарды анықтау мақсатындағы әңгіме, Қайнар университетінде религиозный экстремизм: сущность,причины, пути предотвращения» тақырыбында, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде  «Қазақстан Республикасы дін туралы заңнамасының маңыздылығы»тақырыбында, 5511 ІІМ Ішкі әскер полкінде  әскери прократура және полиция өкілдері, офицерлер құрамы, келісім- шарт қызметкерлерімен солдаттар арасында «Экстремистік бағыттағы жат діни ағымдардан калай сақтануға болады тақырыбында», № 33 орта мектепте, М. Төлебаев атындағы музыкалық колледжінде  «Қазақстан Республикасы дін туралы заңнамасының маңыздылығы»тақырыбында 20 семинар, дәрістерер, кездесулер  мен дөңгелек стөлдер өткізілді.

Сонымен қатар 1-2 қараша аралығында Республикалық  дін сұрақтары бойынша Ақапраттық-насихат тобы мүшелері  қалалық әкімдікте, Семей мемлекеттік педагогикалық институтында, Семей иновациялық заң академиясында, Облыстық клиникалық ауруханасында, түзету мекемелері мен қала мешіттерінде 9 кездесу өткізді. Іс-шаралардың маңыздылары жергілікті Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, интернет агентіктеріне орналастырылды.

11-12 қараша аралығында облыстық дін сұрақтары бойынша Ақапраттық-насихат тобы мүшелері  «Төлеубек қажы» мешітінде білімін жетілдіріп жатқан ауыл молдалары мен «Достық үйінің» мәжіліс залында ЖОО мен колледж, лицей, мектеп басшыларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары мен «Дін тану» пәнінің мұғалімдерімен кездесті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңіріндегі өкіл имамы Е.М. Маямеров қаладағы орталық мешітте ауыл молдаларының діни сауаттылығын көтеру мақсатында 2012 жылдың 27 ақпанынан – 27 наурыз және  1 желтоқсан- 25 желтоқсан аралығында  оқу-семинар өткізді.

Қазақстан үшін дәстүрлі дін болып табылатын ағымдар туралы жастарға қажетті білім беру, олардың осы діндерге деген көзқарасын калыптастыру бағытында бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігін кеңінен пайдаланылды. 

Айына екі рет ТВК-6 телеарнасы арқылы «Имандылық сағаты» бағдарламасы эфирге шығады.

Воскресенский собор провослав шіркеуінің шырақшысы Ф.Г.Проскурин отец Федор бір айда екі рет телеарна арқылы «Соты Духовные» бағдарламасына  шығып сұхбат беріп отырады.

«Қазақстан - Семей» телеарнасы «Көкейкесті», «Ой түйін» «ТВК-6» арнасы «Айтарым бар» бағдарламаларында «Қоғам және дін» тақырыбында ғалымдар мен дәстүрлі дін өкілдерінің қатысуымен 12 тікелей эфир  хабары  өткізілді.

Сонымен бірге Бұқаралық ақпарат құралдарында конфессияаралық келісімді сақтау, діни экстремизм идеяларының таралуының алдын алу тақырыптары бойынша  дәстүрлі дін өкілдері қатысуымен 14  арнайы сюжет,  газеттерде 28 дінге катысты материалдар шықты.

Қалада «Ислам нұры» және «Православие в Прииртышье» атты екі діни-танымдық газет шығып тұрады. Орталық мешітпен орыс провославия шіркеуінің жеке сайттары жұмыс істейді.

Осы және басқа да  қала газеттерінде аймақтағы рухани мәдениетті дамыту және дәстүрлі діни мейрамдар мен оқиғалаға арналған материалдар үнемі басылып тұрады.

Сонымен қатар мұсылмандардың қасиетті айы Рамазан айы , Құрбан айт мейрамдары бойынша орталық мешітпен бірге арнайы медиа жоспар жасалып, кең көлемде насихатталды.  Жамағатты  Ораза айт, Құрбан айт  мерекелерімен құттықтаған бес баннер каланың көрнекті жерлеріне ілінді.

Зайырлы гуманизімді қалыптастыру өз кезегінде  дінаралық толеранттылықты жоққа шығармайтын жаңа діни мәдениетті қалыптастыруға, сонымен бірге елдің ұлтық ерекшелігі болып табылатын қайырымдылық, мейірімділік тәрізді ерекшелігін көрсетуге ықпал ететін шаралардан да дін өкілдері тысқары қалмайды.

Мұсылман мешіттері, православ шіркеуі қала көлемінде ұйымдастырылған әртүрлі қайырымдылық акцияларына, қатысып, тұрмыс жағдай төмен отбасыларға, жасөспірім балаларға көмек көрсетеді. Мысалы: Республика көлемінде өткізілген «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасы аясында мұсылман мешіттері 10 баланы киіндіріп, оку құралдарымен қамтамасыз етсе, проваславия шіркеу қызметкерлері 100 мың ақша бөліп 10 балаға оку құралдарымен кеңсе заттарын тарту етті. «Зекет қорымен» әлеуметтік жағынан аз қамтылған балалар интернатына демеушілік жасап, «Парыз» акциясы аясында бір жетім баланы кәмелетке толғанша қамқорлыққа алу туралы келісім жасалды.

Конфессиялардың басшылары  қазақстан халқы Ассамблеясының  мүшелері бола отырып, олардың қоғамдық іс-шараларға қатысуы, өздерінің діңге сенушілерінің  мүдделерін жергілікті билік деңгейде  ұсынуы дәстүрге айналды. Осының айғағы ішкі саясат бөлімі  қаладағы дәстүрлі дін өкілдерімен үнемі қарым-қатынаста олар: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңіріндегі өкіл имамы, Русская православная церковь Воскресенский собор Ф.Г.Проскурин (отец Федор). Аталған діни бірлестіктің өкілдері қалада өткізілетін іс-шаралар мен жиындарға шақырылып отырылады.

Қаласында әкімдік жанында діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес құрылған.  Қала әкімдігі жанындағы діни ұйымдармен байланыс жөніндегі Кеңестің жаңа ережесі мен құрамы қабылданып, қалалық мәслихат сессиясында бекітілді.  Жыл бойы төрт Кеңес отырысы өткізілді.

Аймақта жүргізіліп жатқан жұмыстын нәтижесінде басқа діни ұйымдарға қатысты көре алмаушылық, террористік және экстремистік агрессия, діни ұйымдардын тарапынан заң бұзушылық және қоғамға қарсы әртүрлі қимыл-әрекет жасау көріністері  орын алған жоқ.

Өңдеу күні: 17-07-2013