Акимат » Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2013 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2013 жылдың 1 қаңтарына

Дене шынықтыру мен спорттың дамуы, халықты сауықтыру қала басшылығының тұрақты назарының негізі болып табылады.

Семей қаласында бүгінгі таңда 332 679 адам тұрады, оның 64908-мектеп оқушылары мен студенттер. Олардың қызметіне 361 спорт ғимараты, оның ішінде 7 бассейн, 4 стадион 5 спорт кешені, 117 спорт залы бар.

Спорт саласында 682 адам, оның ішінде 291 жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары, 145 кәсіби лицейлер, колледж және жоғарғы оқу орындарының мұғалімдері, 192  спорт жөнінде жаттықтырушылар қызмет атқарады.

2012 жылы осы уақытқа дейін білім, дене шынықтыру және спорт бөлімімен 120 астам қалалық спорттық іс-шаралар өткізілді, бұл шараға 300 000 астам адам  қатысты.

2012 жылы дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысатындар саны – 72855 адамды құрап ол 21,9 % көрссетті, ал  2011 жылы – 39920 адамды құраған, ол 12 % көрсеткішті көрсетті.

2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қаланың барлық оқу орындарында, мекемелерде таңертенгі жаттығулар  енгізілді.

2012 жылы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімімен Семей қаласының әкімі А. М. Кәрімовтың спорт қоғамымен кездесу ұйымдастырылып, спорттың дамуы жайлы  мәселелер қозғалды.

Семей қаласында футболдан әуесқой футболшылар арасында Лига құрылып,100 ден астам командалар қатысты, ол 2000 адамды құрады және де баскетболдан әуесқойлар лигасы құрылып 50 команданы құрап, оған 1000 астам адам қатысты.

Қазақстан Республикасының Спорт күніне арналған Полковничий аралында «Денсаулық соқпағы» ашылды,  онда спорт ардагерлері жүгіруге қатысты. 

Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімімен салауатты өмір салтын насихаттау барысында мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында жарыстар өткізілді. 

Сондай ақ, коммерциялық,  банктер,  профсоюзқұрылымы  және күзет мекемелерінің арасында спартакиадалар өткізілуде.

Жыл сайын білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылығымен мемлекеттік органдар қызметкерлерін жеті спорт түрінен мемлекеттік қызметкерлердің қалалық спартакиадасы өткізіледі. 6-8 қараша аралығында қала әкімінің аппаратының құрама командасы облыста өткен мемлекеттік жұмысшылар арасында өткен спатакиадада тоғызқұмалақтан 1 орын, үстел теннисынан 1 орын және бильярдтан екінші орынға ие болды.

Спорт ардагерлері және қарттар арасында спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп тұрады. Бұған, Қазақстан Республикасының Спорт Күніне арналған футболдан ардагерлер арасында блиц-турнир үлгі, сонымен қатар қалада ардагерлер алқасы құрылды. 

Жыл сайын Семей қаласы облыстық Халық Ойындарда ШҚО Әкімінің жүлдесіне спорттың 20 түрінен қатысады. 2012 жылы Семей қаласы жалпы командалар арасынан 2ші орынды иеленді. 2013 жылы Халық Ойындары семей қаласында өткізіледі деп жоспарлануда.

Тұрғындардың қысқы демалысын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Қазақстан-Семей телеарнасымен бірге  «Спорт Әлемі» атты күнделікті бағдарлама ашылды.

Семей қаласының құрметті азаматтары деген атаққа спортты дамыту мен насихаттауда үлкен үлес қосқан Ж. Үшкемпіров пен Д. Тұрлыханов ие болды.

Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі, облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектептерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Спорттық секция сабақтарына баулу мақсатында спорт мектептері қаламыздың оқу орындарында спорттық көрнекі орындаулар көрсетеді, қатысушылар мен жаттықтырушылардың кездесулері өткізіледі. 

2012 жылғы Семей қаласының құрамындағы спортшылардың 30 астамы Әлем  және Азия Чемпиондары, олардың ішінде:  2012 жылғы Лондон қаласында болған Олимпиада ойындарының қатысушысы Қосаев Е.

350-ден астам спортшылар әртүрлі халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.

2012 жылдың қазіргі таңына дейін білім, дене шынықтыру және спорт бөлімімен Семей қаласының спортшыларынның 40 астам облыстық жарыстарға  қатысуы қамтамасыз етілді. 

2012 жылы қалада 1 санаттағы 5176 спортшылар,  спорт шеберіне 4067 кандидат, ҚР спорт шебері 29 спортшылар, Халықаралық санаттағы спорт шебері 3 спортшы дайындалды.

2012 жылы Семей қаласынан  ҚР жастар құрамына 48 спортшы, жасөспірімдер құрамына – 34 спортшылар, ҚР  басты құрамына – 68 спортшылар кірді. 

Дене шынықтыру, сауықтыру кешенінде спорт ардагерлеріне және зейнеткерлерге арнап «Денсаулық тобы» ашылды, қала әкімі аппараты және аппарат бөлімдері аптасына 2 рет спорт залында жаттығады.

2012 жылдың қаңтарынан бастап дене шынықтыру және сауықтыру кешені іске қосылды. № 15, 21, 36 орта мектептерде ағымдағы жылы 3 жасанды жабынды шағын-футбол алаңының құрылысы аяқталады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» жолдауына  сәйкес мемлекеттік- жекеменшік серіктестік аясында № 9 орта мектепте жасанды жабынды шағын- футбол алаңы, волейбол және баскетболдан көп функциялы алаңдар салынды.

Сондай ақ саңыраулар мектебінде демеушілер көмегімен жасанды шағын футбол алаңы салынды.

Силикат кентінде «Силикат» АҚ (директоры Адиянов) қаражатына шағын-футбол алаңы салынды, «Ибраев және компания» ӨК (директоры Г. Ибраев) есебінен Теміржол бекеті кентінде шағын-футбол алаңы және бассейн салынды.

3000 орындық жабық футбол манежі құрылысының техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде.

Силикат кенті ауданында хоккей модулінің құрылысы жоспарлануда. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Сорокин, Байтұрсынов көшелерінің қиылысында Мұз Сарайының құрылысы жоспарланды, қазіргі кезде жобалық-сметалық құжаттамасын жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Шығыс кентінің аймағында студенттерге арнап спорттық жанжақты алаң салу жоспарлануда. 

Қалада «Ел-Қайраты», «Жастар» ерікті спорт қоғамдары ашылып өз жұмыстарын атқаруда.

2013 жылы Қазақстан футболының 100 жылдығы тойлану жоспарланған. Осыған орай қалада аталған мейрамды өткізуде ұйымдастыру комитеті құрылды.

Жоспарда қарастырылған:

- жасанды қабатты 3000 орындық футбол манежінің құрылысы бойынша жобалау-смета құжаттарын дайындау;

- «Спартак» футбол командасының қала сыртындағы базасының құрылысын қамтамасыз ету;    

- қалада 10 және ауыл округтерінде 2 шағын-футбол алаңы құрылады;

- «Спартак» стадионын күрделі жөндеуден өткізу;

- Салтанатты шеруде Қазақстан футболының ардагерлері мен «Спартак» клубының бұрынғы ойыншылары қатысады;

- Семейдің «Спартак» футбол клубы мен  Қазан қаласының «Рубин» футбол клубының құрама командаларының арасында кездесу жоспарлануда.

Өңдеу күні: 22-10-2013