Акимат » Қаланың тұрғын үй қоры 2018 жылдың 1 қаңтарына

Қаланың тұрғын үй қоры 2018 жылдың 1 қаңтарына

Семей  қаласының көппәтерлі тұрғын үй қоры  9163 тұрғын үйлерден тұрады, жалпы аумағы 5 618, 1 мың. м2.
Соның ішінде бір  қабатты және одан да жоғары көп қабатты тұрғын үйлер саны 1421,  3,2 млн. м2. аумақты құрайды.  
«ШҚО Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тұрғын үй қоры саласында тексеру жүргізу арқылы  мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүзеге асады.
2017 жылдың 12 айында  тұрғын үй инспекциясына 154 өтініш жеке тұлғалардан (136) және заңды тұлғалардан (18) келіп түсті, барлық өтініштерге тұрғын үй заңнамаларына сәйкес   түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Бөлімнің басшысы жыл бойы (бейсенбі күндері) 157 азаматтарды мәселелі сұрақтары бойынша қабылдады. 
Тұрғын үй қорын басқару саласында бақылау жүргізу: 2017 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша кондоминиум объектілерін басқару органдары тарапынан құқықтары бұзылған  жеке тұлғалардан 52  өтініштер келіп түсті.
Тұрғын үй инспекциясының мамандары келіп түскен  өтініштердің негізінде жоспардан тыс тексерулер жүргізді, бұл тексерулер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1  «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы талаптарға, 2015 жылғы 19 ақпандағы №108 «Кондоминиум обектісінің ортақ мүлкін ұстау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Басқармасында  тіркеліп, тексеру ашылды.
Тұрғын үй қорын басқару саласында 125 тексеру жүргізілді, соның ішінде 52 азаматтардың өтініші бойынша, 16 іріктемелі тексеру және 57 берілген ұйғарымның орындалуын бақылау бойынша. Тексерудің қорытындысы бойынша кондоминиум объектілерін басқару органдарына табылған құқық бұзу  бойынша 63 ұйғарым берілді, осының ішінде 34 ұйғарым орындалды, 29 ұйғарым орындалу үстінде. 
Әкімшілік құқық бұзушылыққа 14- үйлерді басқару органдары тартылды (КТҮ), ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 320 бабы, 4 және 5 бөлімдері бойынша (кондоминиум объектілерін басқару органдарының кондоминиум объектілерін басқару бойынша тоқсан сайын беретін есебін бұзғандығы үшін).
 
 
 
 
Тұрғын үй инспекциясы бөлімі
 
 
Өңдеу күні: 11-01-2018