Акимат » Семей қаласындағы жастар саясаты 2014 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласындағы жастар саясаты 2014 жылдың 1 қаңтарына

Аталған саладағы жұмыс «Қазақстан Республикасындағы мемлекттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  және  мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының негізгі бағыттарына негізделеді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 90 мыңнан астам немесе тұрғындардың жалпы санының  27%-ын құрайды. Оның ішінде 86,5 мың адам қалада, 5528 адам ауылдық жерлерде тұрады.

Жастардың басым бөлігін ЖОО мен колледж студенттері құрайды.

2013 жылдың 1 қыркүйегіне сәйкес қаламызда 4 ЖОО (2 мемлекеттік – Шәкәрім атындағы СМУ, Семей қаласының ММУ; 2 мемлекеттік емес – ҚазИГЗУ, ҚИУ), 32 колледж (15 мемлекеттік, 17 мемлекеттік емес) бар.

ЖОО мен колледждердің ұсынған ақпараты бойынша студенттер  контингенті 34 423 адамнан тұрады (15 436 – жоғары оқу орындарында, 18 987 - колледждерде), жастардың жалпы санының 37% құрайды.

Қала аумағындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға байланысты мәселелердің толық әрі нақты шешімін табу мақсатында, қала әкімдігінің 2012жылғы 13 тамызындағы шешімі бойынша қала әкімі жанындағы жастар Кеңесі жайындағы(ары қарай- Кеңес) қаулысы бекітілген.

Бұл кеңестік-маслихаттық органның қызметінде тек жастар мемлекеттік емес ұйымдары ғана емес, сонымен қатар ардагерлер кеңесінің өкілдері, республикалық және халықаралық қозғалыстардың мүшелері де белсенді түрде қатысады. Осылайша мемлкеттік жастар саясатын жүзеге асыруға әр-түрлі көзқараспен қарап,әр қырынан талқылауға жағдай жасайды.   

Қалалық жастар ұйымдарын қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен жыл сайынғы мөлшері өсіп отыратын, қаражат бөлінуде.

Жалпы қаламызда 30 жастар қоғамдық бірлестікттері тіркелген, соның ішінде 17 –сі белсенді түрде жұмыс атқаруда.

2013 жылы оларды қолдау мақсатымен 13 млн. 118 мың теңге, оның ішінде 7,5 млн. теңге төменде көрсетілгендей 8 әлеуметтік қызмет пен жобаларды ұйымдастыруға жұмсалған:    

1. Салауатты өмір салтын насихаттау мен жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік қызмет (жоба);

2. Ауыл жастарының бастамаларын қолдауға арналған әлеуметтік қызмет (жоба);

3. Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға арналған әлеуметтік қызмет (жоба);

4. Жастардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет (жоба);

5. Жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған әлеуметтік қызмет (жоба);

6. Жастардың интеллектуалды дамуын арттыруға арналған әлеуметтік қызмет (жоба);

7. Семей қаласы жастарының рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиесіне арналған әлеуметтік қызмет (жоба);

8. «Жасыл ел» еңбек жасақтары мен студенттік құрылыс жасақтарының атқаратын қызметі жайында әлеуметтік жоба.

Оларды іске асыру мақсатында мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар, акциялар мен дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, жастармен кездесулер, жастар ұйымдары мен олардың атқаратын қызметтерінің қалалық оқу орындарындағы студенттердің белсенді араласуы мен толыққанды ақпаратпен қамтамасыз етілуіне ықпал ететін презентациясы, әдістемелік нұсқаулықтарды шығару мен басқа да бағыттардағы баспаханалық ақпараттық материалдардың шығарылуы жүргізілуде.

Сонымен қатар, қалалық жастар ұйымдары жоспардағы жобаларды іске асырумен қатар, жастардың патриоттық және эстетикалық тәрбиелеуге өз қызметтерін басқа да ауқымды акциялар мен іс-шараларды ұйымдастыру арқылы бастамалар көтеруде. Жастардың ерекше белсенділігімен «Елімнің тағдыры – менің тағдырым»,  «Менің Қазақстаным», атты патриоттық форумдар және  «Таза қала», «Почисти лес – подари тепло» және т.б атты экологиялық акциялар өткізілді. Жалпы барлығы 200 астам іс-шаралар ұйымдастырылды.

Әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған мақсатты іс-әрекетті жұмыстар жастардың ҚР-ның Қарулы күштеріне көз-қарасын өзгертті. Әскери борышын өтеудегі жастардың қызығушылығын арттыратын, шынайы әскери қызметке жақын, дәстүрлі болып кеткен әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, далалық жағдайда өтетін  халықаралық жарыстар болып табылады.

Әскери-патриоттық және спорттық тәрбиелеуді, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметке дайындау мақсатымен 2013 жылдың 11 ақпанында жауынгер-интернационалист Халық қаһарманы генерал-лейтенант Б.Ертаевтың кубогына арналған әскери-спорттық жарыстар ұйымдастырылды. 4 наурызда Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың жүлдесіне арналған  қалалық әскери-спорттық жарыс өтті.

2013 жылдың басынан бастап шығармашылық жастарды қолдап, белсендендіру мақсатымен және жастардың бос уақытын дұрыс өткізуі үшін жыл сайын «21 ғасыр джентельмені», «Семей аруы», «Жігіт сұлтаны», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Арбат фестивалі», КТК чемпионаты, брейн-рингтер, пікір-талас турнирлері, олимпиадалар, спорттық және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ауқымды жұмыстар жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне бағытталған, өйткені жастар өздерінің әлеуметтік сипаты мен қоршаған ортадағы болып жатқан жайттарды жақын қабылдауына байланысты қоғамның жағымсыз наразылық әлеуетін  жинап алғыш бөлігі болып келеді.

«Жас Отан» жастар қанатының көшбасшыларын, белсенді студенттерді оқытуға арналған іс-шаралар ұйымдастырылуда. Келешекте, олар оқып-бақылау арқылы, өздерінің араларында «барлығы да тең» деген принцип бойынша дін мәселесін түсіндіреді. «Жас насихаттаушылардың» қатарына енгісі келетін жастардың (студенттер, оқушылар) жаңа тізімдері құралуда.

Сонымен қатар, 2013 жылы ШҚО Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен қаламызда «Діни ағымдардың мәнісін түсіндіріп, бүлдіргіш діни ұйымдардың қызметінен зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы» ашылды. Мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі жұмысты «Даналық» қоғамдық бірлестігі (жетекшісі - Уразгалинова Бақытжан) қамтамасыз етеді.

Жастардың шығармашылығын қолдау мақсатында ағымдағы жылы бөлім мемлекеттік тапсырыс аясында «Шығыс шұғыласы» өңірлік жастар газетін қаржыландырды (редакторы – Айбек Қосанов).

Жалпы алғанда, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында жүргізілетін жұмыс республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда кеңінен жарияланады.

Қазіргі уақытта жастарды жұмыспен қамту, білікті мамандардың жетіспеушілігі, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, құқықбұзушылық пен туберкулезбен аурудың алдын алу сияқты мәселелер алаңдаушылық туғызады.

2013 жылы түлектер саны 6863 адамды құрады. Жоғары оқу орындары және колледждердің мәліметі бойынша, олардың 4661-і жұмысқа орналасты немесе білім алуын жалғастырды. Жұмысқа орналаспағандардың саны 2202 адам немесе 32% құрайды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар 1119 адам жұмыссыз ретінде есепте тұр. Негізінен бұл гуманитарлық және экономикалық бағыттағы мамандар. Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі күнде еңбек нарығында инженер-химик, инженер-физик, инженер-ядрошы, құрылысшы, дәрігер, бағдарламашы, жол салу және жол-құрылыс техникасын қолдану бойынша инженер сияқты мамандар сұранысқа ие.

Атқарушы билік органдары алдында Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындарымен бірлесе қала мектептерінің түлектеріне профориентациялық жұмыс жүргізу міндеті тұр.

Түлектер жөнінде  ақпараттық база жасақталатын арнайы «Түлек» сайты жасалынады.

Өңдеу күні: 14-04-2014