Акимат » Көркейту және ТКШ 2014 жылдың 1 қаңтарына

Көркейту және ТКШ 2014 жылдың 1 қаңтарына

Көркейту бойынша

2013 жылы тек қала бюджетінен қала көшелерін қайта құруға 249,254 млн. теңге, орташа жөндеуге 624,777млн. теңгежәне ағымды жөндеуге 73,0 млн. теңге бөлінді.

Жұмыстарды орындау жоспарында келесі жұмыстар орындалды:

Елемесов көшесінен Қаржаубайұлы көшесіне дейінгі Гагарин көшесі бойынша жолдарды қайта құру (жөнделген учаске қашықтығы 0,629 км) – мердігер - «Гордорстрой» ЖШС, жұмыс құны  68 734,017 мың теңге.

Рысқұлов көшесінен Докучаев көшесіне дейінгі Физкультурная көшесінің жүргін бөлігін қайта құру  (жөнделген учаске қашықтығы 1,24 км) – мердігер- «Семей Жолдары» ЖШС, жұмыс құны - 176 242,135 мың теңге.

ШҚО Семей қаласының Шмидта көшесінен Шәйжүнүсов көшесіне дейінгі және Ибраев көшесінен Ш. Уәлиханов көшесіне дейінгі Уранхаев көшесі бойынша жүргін бөлік пен жаяужолдарды орташа жөндеу (жөнделген учаске қашықтығы 1,077 км),  мердігер - «Гордорстрой» ЖШС, жұмыс құны - 77 373,672 мың теңге.

ШҚО, Семей қаласының Абай көшесінен саяжай сілеміне бұрылысқа дейінгі,  Найманбаев көшесіне түсетін жол бойымен Усть-Каменогорская көшесі бойынша жүргін бөлік пен жаяужолдарды орташа жөндеу (жөнделген учаске қашықтығы -3,533 км), мердігер - «Гордорстрой» ЖШС, жұмыс құны - 216 656,890 мың теңге.

ШҚО Семей қаласының Лебаев көшесінен  Суық бастау кентіндекгі ақырғы аялдамаға дейінгі Шульбинская көшесінің жүргін бөлігін орташа жөндеу (жөнделген учаске қашықтығы - 3,478 км), мердігер «Семей Жолдары» ЖШС, жұмыс құны - 148984,144 мың теңге.

Қабанбай батыр көшесінен Дулатов көшесіне дейінгі Байсейтов көшесі бойынша жүргін бөлік пен жаяужолды орташа жөндеу (жөнделген учаске қашықтығы 0,684 км),мердігер «Гордорстрой» ЖШС, жұмыс құны - 30 163,050 мың теңге.

ШҚО, Семей қаласының Қабанбай батыр көшесінен Гагарин көшесіне дейінгі Герцен көшесінің жүргін бөлігін орташа жөндеу (жөнделген учаске қашықтығы 0,984 км),мердігер «Гордорстрой» ЖШС, жұмыс құны – 69 759,544 мың теңге.

Шугаев көшесінен Сәтпаев көшесіне дейінгі  Жангелді көшесі бойынша, Силикат кенті жолдарын қоса алғанда жүргін бөлік пен жаяужолдарын орташа жөндеу (жөнделген учаске қашықтығы 2,07 км) – мердігер «Семей Жолдары» ЖШС, жұмыс құны - 148984,144 мың  теңге.

2013 жылы жөнделген көшелердің жалпы қашықтығы 13,695 км құрайды.

Қала жолдарындағы ағымды жөнделген алаң көлемі 31231 м2 құрайды.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жолдарды таңдау кезінде жол бойынша жолаушы тасымалдау қатынасының, жол жамылғысы жағдайы, жүк айналымы болуы басымдық алады.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қазіргі уақытта ТКШ бөлімімен 2014 жылы жөндеу жұмыстарын орындау үшін 1,1 миллиард теңгеге (оған 10 көше кірді) жол тізімі әзірленген. Қаржы бекітіліп, бөлінген жағдайда жұмыстар орындалатын болады.

Ағымдағы жылы қаланы көгалдандыруға бюджеттен бөлінген қаржыға 212 мың м2 алаңдағы көгалды күту, 5 мың м2 астам алаңда гүлзарларды күту бойынша жұмыстар орындалды.    

Қазіргі уақытта 160 көше көше жарықтандыруымен қамтылған, көше жарықтандыру желісінің қашықтығы 191,39 кмқұрайды.Шамдар саны7131 дана.

2013жылы 6 көшенің көше жарықтандыруына күрделі жөндеу жүргізілді (2,7,8,14,16 Линиялар, Аюченко көшесі Восточный кентіндегі), сонымен қатар 6 көшеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді (Ибраев, Беспаев, Ш. Уәлиханов, Найманбаев, Интернациональная, Полковничий аралындағы Достық саябағы). 

Қала аумағын санитарлық тазарту жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Ағымдағы жылы апатты қоқыстарды шығаруға бюджеттен бөлінген қаржыға 4 мың 13 астам қоқыс шығарылды.

241 дана дренажды-нөсер кәріздері қақпақтары ауыстырылды. Автокөліктің кедергісіз жүруін және қала жолдарының жүргін бөлігінен нөсер суларының кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылы Интернациональная-Найманбаев-Қозбағаров көшелері қиылысында дренажды-нөсер кәріздерін жайластыру бойынша жұмыстар атқарылды.

70 дана автобус павильондарын ағымды жөндеу жұмыстары орындалып, 38 жаңа автобус павильоны орнатылды. Сонымен қатар қала көшелері бойынша орындықтар мен урналарды жөндеу жұмыстары орындалды.  

Қалалық жолаушылар тасымалы

Қазақстан Республикасының  2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 «Автомобильді көлік туралы»  Заңына, 2011 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Автомобильді көлікпен жолаушы және жүк тасымалдау Ережелеріне  (одан-әрі Ереже) сәйкес жолаушылар тасымалы сферасында келесі жұмыстар жүргізілуде:

Сектордың міндетіне кіретіндер:

1. қалалық қоғамдық көліктін жұмысын бақылау;

2. қалалық бағыттарға қызмет көрсету құқығына конкурс ұйымдастыру және өткізу;

3. келісім шарт әзірлеу және оның орындалуына бақылау жасау;

4. такси режимінде  жолаушыларға қызмет көрсету келісім шарттарын жасау.

Жолаушылар көлігі секторымен келесі жұмыстар атқарылды:

Қалалық жолаушылар көлігінде тәртіп бұзушылық саның азайту және алдын алу мақсатында, бөлім басшысының өкімімен қалалық жолаушылар көлігі жұмысын тексеруді (айына 4 рет) іске асыру бойынша комиссия құрылды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Шүлбі кентіндегі саяжай бағытына қызмет көрсету үшін, өтемақы бөлумен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсы өткізілді.  15 мамырдан 1 қазанға дейін  бағытқа «Мұхамадиев» ЖК қызмет көрсетті. 

Сонымен қатар қала ішіндегі бағыттарға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілді. Барлық қала ішіндегі бағыттар жаңа бағыттық сұлба бойынша ойнатылды.

2011 жылғы 14 қантардағы, 2012 жылғы 3 тамыздағы және 2013 жылғы 17 мамырдағы өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша 2013 жылғы 1 тамыздан бастап  қаланың жаңа бағытық сұлбасы енгізілді. Қалада 57 бағыт қызмет көрсетеді. Оның ішінде 40  автобус және 17 шағын автобус бағыттары.

Күнделікті желіде 432 бірлік автокөлік жұмыс атқарады, оның 290 бірлігі автобус және 142 бірлігі шағын автобус. Бағыттардың қашықтығы 12,5 км-ден 48 км-ге дейінгі аралықты құрайды. Ең қысқа бағыт № 43 (Полковничий аралы - Жансая), оның қашықтығы 12,5 км-ді құрайды, ең ұзақ бағыты № 24 (Құсфабрикасы – Хим. комбинат).

Жаңа бағыттық желіге алдыңғы істегі бағыттар қосылған жоқ №№ 15,31,129,201,218,221,224,233 және 237 (9 бағыт). Осы бағыттарды алып тастау, сонымен қатар  №№203,206,212,213,231,232  бағыттары бойынша қозғалыс сызбасының өзгеруі қаланың негізгі жолдарында  жолаушылар көлігі жүктемесін төмендетуге мүмкіндік берілді: Әуезов даңғылы 17,3%,  Қабанбай батыр көшесі 14,4%, Интернационал көшесі 12,7%, Шәкәрім даңғылы 27,3 %, Абай көшесі 22,9 %.

9 жаңа бағыт қосылды №№ 1, 4, 18, 24, 46, 37, 42, 47 және  52.

Қалада жолаушыларды тасымалдау келесі тасымалдаушылармен жүзеге асырылады:                                     

Р/с

Кәсіпорын атауы

Кәсіпорын басшысы

1.

 “Семавтопарк” ЖШС

Директоры- Должиков Сергей Александрович

2.

“Семей колігіTRАSТ”ЖШС

Директоры- Мұхамадиев Қадыр Ахметбекұлы

3.

“ Азия Combi» ЖШС

Директоры- Филичкин Владимир Евгеньевич

4.

“Автомигди» ЖШС

Директоры- Белянцев Валерий Николаевич

5.

“Таксомоторлы парк” ЖШС

Директоры – Ширяев Асқар Маратұлы

6.

“Семдортехника” ЖШС

Директоры- Пьянов Геннадий Владимирович

 

Семей қаласында ұзақ мерзімді жол жүру билетінің екі түрі бар:

- көрсетушіге – 4000 теңге;

- мектеп оқушыларына – 1200 теңге;

2013 жылғы 1 сәуірден бастап қалалық қоғамдық көлікте бірыңғай жол жүру тарифі 60 теңгені құрайды.

Жеңілдіктер тасымалдаушының конкурстық ұсыныстарына сәйкес беріледі.

2013 жылғы 1 тамыздан бастап, өткізілген конкурстың негізінде, тасымалдаушылар жоғарыда аталып кеткен халық санатын жеңілдетілген жол жүру ақысымен тасымалдаудан бас тартты. Бұл қала тұрғындары жағынан көптеген кейіс тудырды.

Ағымдағы      жылдың    2 тамызында   қала   әкімінің     орынбасары Ж. Е. Елубаевтың қатысуымен жеңілдік беруді  жаңарту туралы қаланың жолаушы тасымалдаушыларымен жиналыс өткізілді.

Өткізілген жиналыстың қорытындысы бойынша, 70 жастан асқан зейнеткерлерге, ҰОС қатысушыларына, Алтын алқа және Күміс алқа иегерлеріне үлкен және ерекше үлкен классты автобус бағыттарында тегін жол жүруді   жанарту туралы тасымалдаушылармен  бірлесіп шешім қабылданды.  Әлеуметтік-маңызды жеңілдіктер қалпына келді және қалада әлеуметтік жағдай жақсарды.

Жолаушылар көлігінде бақылау жасау үшін GPS-мониторинг программасы енгізілді. Ведомстволық қарасты «Семей қаласының ЖТБО» ЖШС кәсіпорынымен GPS-мониторингтің пилоттық түрі үшін қажетті жабдықтар алынды.   «Решения для бизнеса» ЖШС кәсіпорнымен № 30 бағытында (10 көлік бірлігінде). 

Сонымен қатар 2 аялдама пунктерінде «ақпараттық аялдама» орнатылды.

Осыдан «Семей қаласының ЖТБО» ЖШС қалалық жолаушылар тасымалы бойынша бақылау жасайды. Бұл жолаушылар көлігі жұмысын жақсартады.   

Қазіргі уақытта 6 тасымалдаушының тек 4 кәсіпорыны  («Таксомотор паркі» ЖШС, «Автомигди» ЖШС, «Семдортехника-2», «Семей Көлігі TRAST») келісім-шартқа отырды. Бұл келісім-шарттар  2011 жылғы 27 маусымдағы № 716 Қазақстан республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген типтік келісім-шарттың негізінде дайындалды.

Конкурстың нәтижесі бойынша № 5, 15, 1, 7, 8, 9, 11, 12 лоттарын «Семавтопарк» ЖШС,  № 14, 2, 3, 4  лоттарын «Азия Combi» ЖШС жеңіп алды. Бұл кәсіпорындар жеңіп алған бағыттарға қызмет көрсету құқығына келісім- шарт жасаудан бас тартып отыр.

Ереженің 167 тармағы жергілікті атқарушы органдар жолаушы және жүк тасымалдау бағыттарын қамтамасыз ету құқығына ие болу конкурсының хаттамасы негізінде 10 күнтізбелік күн мерзімі ішінде Конкурс жеңімпазымен автомобильді жолаушы және жүк тасымалын ұйымдастыру   келісім-шартын жасайды деп қарастырылған.

Қазіргі уақытқа дейін «Семавтопарк» ЖШС және «Азия  Combi» ЖШС келісім-шартқа қол қойылмауына байланысты, ТКШ бөлімімен жоғарыда аталып кеткен тасымалдаушылар жөнінде ШҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа 2013 жылғы 17 маусымдағы комиссия шешімін ішінара жою туралы талап-арыз  жіберілді. Талап-арызды қараудан бас тартты. 2013 жылғы желтоқсан айында жоғарыда аталып кеткен тасымалдаушылармен  келісім-шартқа қол қоюды мәжбүрлеу туралы талап-арыз қайтадан  жіберілді. Осы талап-арыз сот органында қарауда жатыр.

Жарғыға сәйкес, Семей қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы қызметінің негізі болып жергілікті инфрақұрылымның тіршілікті қамтамассыз ету жүйесі облысында шаруышылық қызметін асыру. Атап айтқанда: қалада автокөлікпен жолаушылар тасымалы процессінің технологиялық басқаруын ұйымдастыру.

Семей қаласындағы орталық жолаушылар көлігі басқармасы 1990 жылдан бері жұмыс жасап келеді. 1998 жылы  ЖТБО таратылды және үш жыл аралығында қалалық жолаушылар көлігі сферасында тәртіпсіздік орын алды. Қалада жолаушылар тасымалы бақылаудан шығып кетті, үзілістермен жүрді, автобустар тек орталық көшелермен ғана жүрді. Яғни тасымалдаушыларға тиімді көшелермен ғана жүрді.

Осының нәтижесінде қала тұрғындары керек жерлеріне жету үшін  тұрғылықты аудандардан орталық көшелерге баруға мәжбүр болды. Қоғамдық  көлікпен жүру мүмкін болмады және қала тұрғындарына жаяу жүруіне тура келді.

Қазіргі уақытта Орталық қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдауда орталықтандырылған диспетчерлік қостау бойынша қызметін атқарады. Қалада 21 белгілеу пунктері бар. Соңғы аялдамаларда және бағыттың ортасында. Белгілеу колонкаларында белгілену қоғамдық көліктің рейсінің орындалуына бақылау жасап қана қоймай, қозғалмалы құрамның әр бірлігінің бекітілген маршруттық сұлбамен жүруін бақылайды.      

Орталықтың міндетіне жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктің қозғалыс кестесінің графигін құру жатады. Сонымен қатар бекітілген сызбаға сәйкес бекітілген қозғалыс интервалымен жолаушылар көлігінің бір қалыпты, үздіксіз жұмысын қамтамассыз ету бойынша жұмысын орындайды.

Орталық ай сайын маршруттағы жұмыста жүргізілген тасымалдаушылардың қозғалмалы құрамының жүрісін есептеу жүргізеді және әр қалалық маршрутта автокөліктің тұрақты жұмысының есепке алуын жүргізеді.

Сонымен қатар Орталық, маршруттағы тұрақты қозғалыстың жоспарын орындау жүрісін үздіксіз бақылау жүргізеді, жолаушылар көлігінің желідегі ағымдағы жұмысының келісілген жұмысын жалпы орталықтандырылған координация жолы арқылы қамтамассыз етеді, жолаушылар көлігі жұмысындағы ақауларды ескерту және алдын-алу бойынша шұғыл шаралар қабылдайды, сонымен қатар оның жұмысындағы іркілісті жояды.

Сонымен қатар, ЖТБО халықтың жолаушылар көлігінде сұранысын зерттеу, жолаушылар ағымын зерттеу бйынша жұмыстарын жүргізеді, күші бар нормативтін негізінде қызмет корсетуге қла маршруттарындағы қозғалмалы құрамныңы типі мен керекті саның анықтайды.

ЖТБО тиімді маршруттық желіні құрастыру бойынша жұмысында қатысады және қаладағы жолаушылар тасымалының комплекстік көліктік схемасын әзірлеуде қатысады, жаңа маршруттардың ашылуыбойынша ұсыныстар енгізе алады.

Орталық жолаушылар тасымалы сапасының жақсаруы және халыққа қызмет көрсету бойынша халықтың ұсыныстары мен үндеулерімен жұмыс істейді, кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдайды.

ЖТБО қозғалыс кестесін, олардың жұмысын үйлестіру бағытымен автобустардың шығу сызбасын, қозғалыс схемасын және басқа да маршруттық құжаттарды құрастырады. ТКШ, ГАИ бөлімдерімен және басқа да ынталылық білдірген ведомстволармен бірлесіп қалалық жолаушылар көлігінің маршрутында дала-жолдық желі жағдайын бақылауды іске асырады.

ЖТБО жолаушылар көлігінің орталық диспетчерлік жанамалауға келісім шарт жағдайын бақылау жүргізуді ұйымдастырады, диспетчерлік басқарудың істегі жүйесінің негізінде қаланың маршруттық желісінде қалалық жолаушылар көлігінде шұғыл басшылық жасайды.

Диспетчерлік қызметтің жұмысының негізі принципі болып орталықтандыру және жеделдік. Орталықтандыру жолаушылар тасымалы процессіне біркелкі, тұтас, жалпы басқаруды іске асырады және дәлдік еместіктін пайда болуын  немесе жолаушылар тасымалын әрдайым және жан-жақты бақылауды, сонымен қатар жолдағы жағдайды, көлік жұмысындағы ағымдағы өзгерісті жүргізушіге алдын – ала ескереді. 

«Семей қаласының ЖТБО» ЖШС қаланың автотасымалдаушыларымен келісім-шарт негізінде жұмыс істейді. Келісім-шарт орталық және қалалық тасымалды жүзеге асыратын бірінші басшы тұлғасында кәсіпорынмен жасалады.

2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 1718 қала әкімдігінің қаулысымен № 14, 37, 40, 42, 33 және 56 автобустық бағыттардың қозғалыс сұлбасына өзгертулер енгізілді. Сонымен қатар, көліктің қысқы  жұмыс уақытын ұзартты сағ. 21:30 – 22:30 минут. 2013 жылғы 3 желтоқсаннан бастап №33 автобустық бағыты «Поселок 1» және «Поселок 2» жаңа аялдамаларға дейін ұзартылды (Волгоградский көшесі бойындағы үйлерге), 9 көлік бірлігі, автобус типі үлкен классты.

Қаулының орындалуына бақылауды «Семей қаласының ЖТБО» ЖШС жүргізеді.

Қалада такси режимінде жолаушылар тасымалымен айналысатын 8 кәсіпорын бар. Бүгінгі күнде Жолаушы және жүк тасымалдау Ережелерінің 26-30 тармақтарының талаптарына сәйкес келетін 6 кәсіпорынмен келісім-шарт жасалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. 

Күнделікті мұнай өнімдері қоры мен бағасына мониторинг жүргізіледі. Қаланың барлық жанармай құю бекеттерінде бөлшек сауда бағасы «ШҚО өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы» ММ бекітілгеннен жоғары емес. Қала әкімінің шешімі бойынша инфляция процессі бойынша штабқа, протоколдық тапсырма бойынша «Экономика және қаржы бөлімі» ММ ақпарат жіберіледі. Айына бір рет облыс басқармасына женілдік жанармайына келісім шарт жасасуға  дайын жанармай құю бекеттері тізімі жіберіледі және келісім шарттың орындалуына бақылау жүргізіледі.

Сонымен қатар, тұрғындардан түскен арыздар, депутаттардың және басқа да  органдардың сұрау салуы бойынша жұмыстар жүргізіледі, сонымен қатар сектордың жұмыс жоспарына сәйкес іс-шаралар жүргізіледі және күнделікті бөлімнің іс-шаралары.

Мемлекеттік тұрғын үйді есепке алу

«Семей қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мәліметіне  сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждардың кезегінде 2014 жылдың 1 қаңтарына  6108 отбасы тұр, соның ішінде: халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын тобы ретінде -2596 отбасы, жетім балалар мен ата-анасының қамқолығынсыз қалған балалар -897, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері-2604, 7 ҰОСА, жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған - 4 отбасы.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР 16 сәуірдегі 1997 жылғы № 94  Заңының 67, 68, 69 баптарының негізінде,  мемлекеттiк тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органдардың жеке тұрғын үй қорынан берілетін жалдамалы тұрғын үй Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғылықты жері бойынша (белгілі бір жерде тұрған уақытына қарамастан),  бюджеттік ұйым жұмысшыларына, әскери қызметкерлерге және әлеуметтік қорғалған, өмір сүру деңгейі төмен азаматтарға барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап, тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi.

Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына:

1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;

3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

6) кәмелетке толғанға  дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;

7) оралмандар;

8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жаєдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

9) көп балалы отбасылар;

10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық  тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

11) толық емес отбасылар жатады. 

Соңғы бес жыл ішіндегі  мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждардың санын  мен қала халқының санын салыстырып сараптай келсек, тұрғын үймен қамтылмағандардың мөлшері өскенін байқаймыз.

2008 жылдан бастап қазіргі таңға дейін мемлекеттік коммуналдық тұрғын үйден берілген үйлер бойынша:

2008 жылы:

1) Әлеуметтік жағынан қорғалатын 1 азаматқа;

2) Мемлекеттік қызметкер, бюджеттік ұйым қызметкері санатынан 5 отбасына қызметтік пәтер берілді.

2009 жылы әлеуметтік жағынан қорғалатын  халық тобы санатына жататын 3 отбасына коммуналдық тұрғын үй қорынан үй берілсе, мемлекеттік қызметкер, бюджеттік ұйым қызметкері санатындағы 10 отбасына қызметтік пәтер берілді.

Семей қаласы, Докучаев көшесі 34 «Б» үйі  мекен жайы бойынша орналасқан, коммуналдық тұрғын үй қорындағы жалдамалы үй санатындағы тұрғын үйден  60 пәтер бөлінді.

2010 жылы әлеуметтік жағынан қорғалатын  халық тобы санатына жататын 62 отбасына пәтер бөлінді, оның ішінде 49 отбасы  Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары.Мемлекеттік қызметкер, бюджеттік ұйым қызметкері санатындағы 13 отбасына қызметтік пәтер бөлінді.

Қазақстан  Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2005-2007жылдарға, 2008-2010 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы бойынша ипотекалық 934 пәтер берілді.

2011 жылы  бюджеттік қызметкерлерге 6 қызметтік пәтер, 1 пәтер  Ұлы Отан соғысының ардагеріне берілді. 2012 жылы 2 пәтер әлеуметтік жағынан қорғалатын  халық тобы санатына отбасына, 1 пәтер Ұлы Отан соғысының ардагеріне бөлінді.Бюджеттік ұйым қызметкері санатындағы 18 отбасына қызметтік пәтер берілді.

2013 жылы бюджеттік ұйым қызметкері санатыдағы 6 отбасына қызметтік пәтер берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің  2007 жылығы 20 тамыздағы № 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан  Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы 2010 жылы аяқталды.

Тұрғын үй құрылысының ары қарайғы дамуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы  30 қыркүйектегі № 1004 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасында, сондай-ақ «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасында қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы  21 маусымдағы  № 821 қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бекітілген.

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының (ары қарай - бағдарлама) негізгі мақсаты: халықтың  тұрғын  үйге  қолжетімділігін  қамтамасыз  ететін тұрғын үй құрылысындамыту проблемаларын кешенді түрде шешу.

Бағдарламаның шеңберінде мынадай негізгі бағыттар көзделіп отыр:

1. Жергілікті атқарушы органдарда (ары қарай - ЖАО) кезекте тұрған азаматтар үшін тұрғын үй салу;

2. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы (ары қарай -  ҚТҚЖБ)желісі бойынша:

1) Халықтың барлық санаттары үшін;

2) Жас отбасылар үшін тұрғын үй салу;

3. «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйым» акционерлік қоғамының (ары қарай- «ҚИК ИҰ»)тұрғын үй салу.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтар үшін республикалық бюджет қаражатының есебінен әрбір облыста мемлекеттік жалға берілетін үйлерді (пәтерлерді) жобалау және жыл сайын салу және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алу көзделеді.

Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі пәтерлер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ЖАО-да кезекте тұрғандарға беріледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы  21 маусымдағы  № 821 қаулысына сай, бағдарламаның «жас отбасы»  бағытты бойынша қатысуға үшін өтініштерді қабылдауды ЖАО , жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға бергенге дейін кемінде 6 ай бұрын бастайды және бұл жөнінде БАҚ хабарландыру береді.

Жеңілдетілген талаптарда жалдамалы тұрғын үйде тұра отырып, 8 жыл ішінде тұрғын үйдің  сатып алу үшін қаражат жинау, содан кейін 15 жылға дейін мерзімге тұрғын үй қарыз алу мүмкіндігі жас отбасылар үшін күмәнсіз  артықшылық  болып табылады.Жалдамалы тұрғын үй салу мен жүзеге асырудың аталған тетігі  жас  отбасылар  үшін  тұрғын  үйдің  қолжетімділігін арттырады.

«Семей қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі»  мемлекеттік мекемесі «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының«жас отбасы» бағыты бойынша қатысқысы келетін үміткерлерден өтініштер 2013 жылдың 11 наурызы мен 1 мамыры аралығында қабылдады. Бағдарламаның осы бағыты бойынша 101 жас отбасынан өтініш түсіп,бағдарлама талаптарына сай болмаған 6 жас отбасының өтініші қанағаттандырылмады. Бағдарламаға қатысушы  95 жас отбасының баллдары саналды, ақпарат Семей қаласының әкімі сайтында  орналастырылған.

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу  үшіннегізгі талаптардың 1)-7) тармақшаларында баяндалған талаптарға сай келген,бағдарламаға қатысушыүміткерлерге «Семей қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің  мамандары, ЖАО-ның ҚТҚЖБ-ға пәтердің  (үй-жайдың) алаңын, 1 шаршы метрдің құнын көрсете отырып 72 жолдама береді. Жолдаманы бағдарламаға қатысушыүміткерлер ҚТҚЖБ-ға апарады. Берілген жолдамалар саны салынған пәтерлер санына сәйкес болуы тиіс.

Жылу-су-электрмен жабдықтау

Жылумен жабдықтау. «Теплокоммунэнерго» МКК нысандарын дайындау үшін жергілікті бюджеттен 300 миллион теңге, соның ішінде 100 миллион теңгеге күрделі жөндеу және 200 миллион теңгеге ағымды жөндеу жүргізуге қаражат бөлінді.

2013-2014 жылдарға жылыту маусымына жылыту көздері мен жылу желілерін дайындау бойынша жоспарланған барлық іс-шаралар мерзімінде орындалды, жылыту маусымын бастауға әсерін тигізді. 2013 жылдың 7 қазанында бюджеттік ортаның нысандары қосылды. 2013 жылдың 10 қазанынан жылы энергиясы қалған тұтынушыларға ұсынылды.

Қазіргі уақытта АҚ-3, «Орталық», «Солнечная», «Ғаббасов» қазандықтарында қазанагрегаттарының жұмысы аяқталуда. Қазандықтағы жөндеу жұмыстары жылыту мерзіміне әсерін тигізбейді, осы қазандар резервтік болып қолданылады.

«Теплокоммунэнерго» МКК қазандықтары үшін жылдық отын қажеттілігі 385 мың тонна көмір және 3 241,56 тонна мазутты құрайды.

2013-2014 жылдарға жылыту мерзіміне айлық отын қорын құру үшін ҚР Үкіметінің қаулысымен 281,1 миллион теңге ақша қаражаты бөлінді. 14 миллион теңге соммаға 412,28 тонна мазут сатып алынды. 276,1 миллион теңге соммаға 90 870, 29 тонна көмір сатып алу жүргізілуде. «Теплокоммунэнерго» МКК қиылысында орташа мөлшерде алғанда тәулігіне 25-30 вагон бойынша түседі. 2013 жылдың 3 қыркүйек айынан бастап 97628 тонна (1408 вагон) көмір түсті.

«Қаражыра ЛТД» ЖШС алдындағы «Теплокоммунэнерго» МКК қаржылық мәселесін шешу үшін қалалық бюджеттен 50 миллион теңге бөлінді, 17,7 миллион теңге төленді. Қалған сома желтоқсан айында төленетін болады.

Қалада жылыту маусымы үздіксіз жүргізілуде. Жылыту маусымының жүргізілуі қала әкімінің бақылауында.

Сумен жабдықтау. «Семей Водоканал» МКК теңгерімінде -387, 3 км су құбыры желісі және 243,2 км кәріздік желілер бар,  -52 дана жоғарылату сорап станциясы, - 21 дана кәріздік сорап станциясы және тазартқыш құрылғылары бар.

«Семей Водоканал» МКК өз қаражат есебінен жалпы сомасы 34 569 мың теңгеге су құбырлары мен кәріздік желілерді, ЖСС және КСС, өрт гидранттарын және басқада нысандарға дайындайды. Кәсіпорынмен созыңқылығы 1, 722 км су құбыры желісін ауыстыру, -42 дана жоғарылату сорап станциясын, 18- дана кәріздік сорап станциясын, 54 дана ұңғыма жуылды, 191 дана көлемінде ашық құдықтардың қақпағы орнатылды.

СДВ-3200 сорапқа күрделі жөндеу орындалды. № 2 кәріздік сорап станциясына диамерті 600 мм 2 ысырмаға жөндеу, 20 дана – өрт гидрантына жөндеу орындалды.

Жұмыстар аяқталу үрдісінде.

Бюджеттен бөлінген 16,9 миллион теңге көлеміндегі қаражатқа «Семей Водоканал» МКК ұзындығы 0,91 км Физкультурная көшесі, Герцена көшесі және Байсейтова көшесі бойынша су құбырын ауыстыру жұмыстарын орындады.

Мұнан басқа жергілікті бюджеттен бөлінген 69, 425 миллион теңге көлеміндегі қаражатқа «Семей Водоканал» МКК Смычка аралындағы су құбыры бар қуаттылықты модернизациясы және сенімділікті арттыру үшін 70 миллион теңге сомма көлемінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жекелей алғанда: электр күштілік қуаттылық құрылғысын сорап станциясына ауыстыру, ұзындығы 3 км жоғары электр сымын ауыстыру және де 3000 куб. метр таза су резервуарын ағымды жөндеу бойынша жұмыстар. Қазіргі уақытта резервуар және сорап станциясы қалыпты режимде реттейді.

Волгоградская көшесі бойынша инженерлік су құбыры желісі пайдалануға берілді.

2012 жылы «Ақ бұлақ» салалық бағдарламасын жүзеге асыру шегінде республикалық бюджеттен 64 248,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді, облыстық бюджеттен 3 213,0 мың теңге ШҚО Мұздыбай ауылының су құбыры желісін қайта жаңартуға қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша ШҚО Мұздыбай ауылының су құбыры желісін қайта жаңарту бойынша «Семейпластком» ЖШС мердігерлік кәсіпорынмен шарт бекітілді. Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталды, қабылдау комиссиясының мемлкеттік актісіне қол қойылды.

Және де Қайнар, Озерка, Бұлақ, Абралы, Жазық, Новобоженово, Мұқыр, Алғабас (Доғалаң) ауылдарында су құбыры желісін қайта жаңарту қарастырылған.

Тихомировский аралы ауданындағы кәріздік дюкерді күрделі жөндеуге жоба әзірленді, жобаның құны 1,1миллиард.

Электрмен жабдықтау. Қаланы электрмен «ШҚ АЭК» АҚ Абай ааймағы бойынша Семей АЭС жабдықтайды. АЭС қамтамасыз етілуінде 521 трансформаторлық станция, 168 км 6-10 кВ әуе желілері, 480 км 0,4 кВ әуе желілері, 350 км 6-10 кабельдік желі және 130 км 0,4 кВ кабельдік желі бар.

Өз қаражат есебінен кәсіпорын 16,3 км 6-10 кВ әуе желілерін, 17,15 км 0,4 кВ әуе желілерін 60 дана 10-6 кВ кабельдік желі және 40 трансформаторлық станцияларын жөндеді.

Және де 0,8 км 6-10 кВ әуе желілеріне, 1,35 км 0,4 кВ кабелдік желіге және 12,13 км әуе желілеріне күрделі жөндеу орындалды.

Бүгінгі күні ТКШ бөлімінің теңгерімінде сотпен иесіз деп танылып коммуналдық меншікке түскен 373 нысан тіркелген.

Қазіргі уақытта осы желілерді мемлкеттік сатып алу шарты негізінде  «КСПК» ЖШС қамтамасыз етеді. Қамтамасыз ету нысанның ұзындығы:

0,4 кВ әуе желісі- 166,0859 км.

6-10 кВ әуе желісі – 28, 2137 км.

0,4-6-10 кВ кабелдік желісі-43,103 км

6-20/0,4 кВ ТҚС, КҚС -18 дананы құрайды.

Қазіргі уақытта жүйені анықтау мақсатында электрлік желілерді басқару және де әлеуметтік қауырттылықты шешу мақсатында, саяжай сілемінің тұрғындар арасындағы туындаған өз уақытында тіркелуге шешім берілген болатын, оларды арнай мамандандырылыған кәсіпорынға беру қажеттілігі туындады «ШҚ АЭК» АҚ бірге тұтынушыларды «ШығысЭнергоТрейд» ЖШС абоненттік қамтамасыз етуге беру.

Қазіргі уақытта бөліммен 28 нысанды «ШҚ АЭК» АҚ теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде. Және де «Левый Восточный» сілемінің электр беру желілерін күрделі жөндеу үшін және оларды ары қарай «ШҚ АЭК» АҚ теңгеріміне беру үшін қаражат бөлінді. 

Өңдеу күні: 14-04-2014