Акимат » Семей қаласы бюджетінің орындалуы туралы 2014 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласы бюджетінің орындалуы туралы 2014 жылдың 1 қаңтарына

2013 жыл бойынша қала бюджетіне 26 080,2 млн. теңге келіп түсті, оның ішінде меншік кіріс көздері бойынша 12 055,5 млн. теңге.

Жоғарғы деңгейдегі бюджеттен қаланың жылу жүйесін жаңғырту және қайта құруға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға және басқа да әлеуметтік маңызды іс-шараларға трансферттер және субвенциялар түрінде 13 818,0 млн. теңге бөлінді.

Бюджеттің шығыс бөлігі бойынша 26 140,6 млн. теңге игеріліп, оның ішінде білім саласының шығындары 7 896,9 млн. теңгені, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 1 256,4 млн. теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік шығындары  590,9 млн. теңгені құрады.

Қарастырылған қаражат есебінен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақы төлемдері қамтамасыз етіліп, әлеуметтік төлемдер жүргізілді.

Халықты жұмыспен қамту бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға бюджеттен 300,9 млн. теңге жұмсалып, тұрғын үй көмегіне 37,1 млн. теңге, үйде оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмекке – 52,5 млн. теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке – 57,4 млн. теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға –  16,8 млн. теңге жұмсалды.

Білім саласындағы тапсырмаларды орындауға 7 896,9 млн. теңге пайдаланылды. Оның ішінде жалпы білім беру шығыстары бойынша 5 776,5 млн. теңге сомасына 73 мекеменің жұмысы қамтамасыз етілді, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруге 747,2 млн. теңге, кәсіби білім беруді ұйымдастыруға мемлекеттік тапсырысты орналастыру аясында 405,4 млн. теңге бағытталды.

Ағымдағы жылы 19 285,9 млн. теңгеден астам қаражат тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысын қамтамасыз етуге және оны дамытуға, көліктік инфрақұрылымға және құрылысқа шығындалды.

Республикалық қаражат есебінен ТЭЦ-1 және РК-1 кеңейту және қайта құру бойынша жұмыстары жүргізіліп жатыр. 


Білім және әлеуметтік көмек пен қамтамасыз етуге бюджеттік қаражаттың пайдалануы туралы ақпарат

(2014 жылдың 1 қаңтарына)

2013 жылы білім беру мекемелерінің жұмысын қамтамасыз етуге қала бюджетінде 7 898,6 млн.теңге шығындар қарастырылған, оның ішінде шығындар жергілікті бюджет есебінен 7 181,0 млн.теңге, республикалық трансферттер есебінен 700,2 млн. теңге, облыстық трансферттер есебінен 17,4 млн. теңге құрды. Орындалуы 7 896,9  млн. теңгені құрады.

Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеуге 747,2 млн. теңге пайдаланды, оның есебінен мектепке дейінгі 13 мекеменің жұмысы қамтамасыз етілді.

Бұдан басқа халықтың мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеуге сұраныстың ұлғаюына  байланысты «Балапан» бағдарламасы шеңберінде 405,4млн. теңге сомасына мемлекеттік тапсырыс орналастырылды (оның ішінде 9 – мектепке дейінгі жеке меншік мекемелерде).

Жалпы білім беру шығындарына 5 776,5 млн. теңге сомасына 73 мекеменің жұмысы қамтамасыз етілді.

Көпбалалы және жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасылардың көмек көрсетуге жалпыға бірдей мiндеттi орта бiлiм қорынан ыстық тамақпен,  киіммен және жазғы демалысты ұйымдастыруды қамтамасыз етуге 104,3млн. теңге бағытталды.

Жетім және ата ананың қамқорысыз қалған балаларды бағып-қағуға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері 64,9млн. теңгені құрады.

Үйде оқытылатын мүгедек балаларға 7,0 млн. теңге сомасына жабдық сатып алынды және бағдарламалық қамытыммен қамтамасыз етілді.

Білім беру  мекемелерінің материалдық техникалық базасын нығайтуға        303,9млн. теңге бағытталды.

Қосымша білім беретін мектептен тыс  12 мекеменің қызметін қамтамасыз етуге шығыстар 360,0 млн. теңгені құрады.

Мемлекеттік тапсырыс орналастыру аясында 3 мамандандырылған - техникалық мекемеде мамандандырылған білім беруді ұйымдастыруға 108,9 млн. теңге бағытталды.

Мектептегі олимпиадаларды, мектептен тыс шараларды және конкурстарды өткізуге бөлінген 22,2 млн.теңге сомасындағы қаражат толық көлемде игерілді.

Халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру мақсатында 17,4 млн. теңге игерілді.

Мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізуге 83,4 млн. теңге бағытталды.

Қала бюджетінде 2013 жылға әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 1 150,1 млн. теңге қарастырылған (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аппаратын ұстау шығындарын есепке алмағанда).

2013 жылы әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған 4 мекеменің жұмысын қамтамасыз етуге  351,6 млн.теңге құрайды, оның ішінде «Белгілі тұрағы және құжаттары жоқ адамдарға әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ, «Зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ, Семей қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ. 2014 жылдың 1 қаңтарына  шығындар 351,5 млн. теңге құрады.

Маңызды бағыттардың бірі болып халықты жұмыспен қамтуды қолдау болып табылады. 2013 жылы бұл мақсаттарға 300,9 млн. теңге шығындалды. Оның ішінде қоғамдық жұмыстарға 52,7  млн.теңге, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлауға  23,5 млн.теңге,  халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларға 45,8 млн.теңге. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бойынша еңбекақыны субсидиялау,кадрларды және жартылай жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмысшыларды қайта даярлау және біліктілігін арттыруға 178,9 млн. теңге бағытталды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлемдеріне 57,4 млн. теңге, тұрғын үй көмегін көрсетуге 37,1 млн.теңге шығындалды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына 285,6 млн.теңге сомасында әлеуметтік көмек төленді.

Үйден тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедек балаларға 52,5 млн.теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеміне 16,8 млн теңге бөлінді.

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 6,3 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеуге 2,9 млн. теңге шығындалды.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, ымдау тілі мамандарының және жеке көмекшілердің қызметтерін ұсынуға шығындар 39,1 млн. теңге бағытталды.

Өңдеу күні: 14-04-2014