Акимат » Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын Семей қаласында насихаттау барысы туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын Семей қаласында насихаттау барысы туралы

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен  жергілікті  мерзімді басылымдарда Жолдаудың толық мәтіні жарияланды. Жолдауды  ақпараттық-насихаттық қолдау бойынша медиа-жоспарлар әзірленіп, бекітілді. Жергілікті мерзімді басылымдарда арнайы айдарлар ашылып, телеарналарда шағын бейнематериалдар көрсетілуде.  

2014 жылдың 23 қаңтар күні қала әкімі А.М. Кәрімовтың төрағалық етуімен ҚР Президенті Жолдауы бойынша қалалық идеологиялық актив өткізілді. Актив барысында Жолдау талқыланып, қала ғалымдары, кәсіпкерлері, ақсақалы мен жастары, қалалық және облыстық мәслихаттың депутаттары өз ойларын ортаға салды.

Жолдауды идеологиялық қамтамасыз ету және түсіндіру мақсатында «Қазақстан – Семей» телеарнасындағы бағдарламаларға жергілікті мекеме басшыларының қатысу кестесі бекітілді. «Қазақстан – Семей» телеарнасының «Көкейкесті» бағдарламасына 2014 жылдың 10 қаңтарында «Салауатты өмір салты және бұқаралық спортты дамыту» тақырыбында дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.М. Құржықаев қатысты. 2014 жылдың 13 қаңтарында «Время вашего вопроса» бағдарламасында тікелей эфирде «Семей су арнасының баға саясаты» тақырыбында «Семей – Водоканал» мекемесінің  басшысы Е. Сағындықов қатысты. 2014 жылдың 20 қаңтары күні «Время вашего вопроса» бағдарламасына «Елбасы Жолдауы – мемлекет дамуының бағдары» тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты А. Коновалов қатысты. 2014 жылдың 10 ақпанында «Время вашего вопроса» бағдарламасына «Біртұтас мемлекеттік зейнетақы қоры» тақырыбында БЖЗҚ АҚ Семей бөлімінің директоры Д.А. Дайырова қатысты. Сондай-ақ, аталған телеарнадағы жергілікті атқарушы орган мекемелерінің қатысуымен өткен бағдарламалардың аясында Елбасы Жолдауын идеологиялық қамтамасыз ету, экономикалық даму, тұрақтандыру қорының жұмысы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, үштұғырлы тіл саясаты, ауыл шаруалышылығы тақырыптары да қамтылды.

Жолдауды қала тұрғындары арасында кеңінен насихаттау мақсатында бірқатар бөлім басшыларының қатысуымен баспасөз мәслихаттары өткізілді. Атап айтсақ, 2014 жылдың 22 қаңтар күні ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Ж. Смаилова, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы С. Әшелов, құрылыс бөлімінің басшысы Лаура Базылханова, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Б. Юсупов, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қ. Қоқиланов журналистермен жүздесті.   2014 жылдың 6 ақпаны күні жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Қ. Жұмабай, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары С. Жақсылықова, білім бөлімі басшысының орынбасары Н. Фесенко баспасөз мәслихатына қатысып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. 

2014 жылдың 13 ақпаны күні ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей өңірі бойынша орынбасары Ғ. Жуасбаева, денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары баспасөз мәслихатында журналистермен кездесті. 

Елбасы Жолдауын идеологиялық қамтамасыз ету және түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихат топтары құрылды. Бекітілген кестеге сәйкес ақпараттық-насихат тобының мүшелері Семей өңірінің ауылдық округтерінде түсіндіру және насихаттау  жұмыстарын жүргізуде. 

Ақпараттық-насихат топтары 2014 жылдың 28 қаңтар күні Новобаженово ауылдық округіне, 2014 жылдың 30 қаңтар күні Жиенәлі ауылдық округіне, 2014 жылдың 3 ақпаны күні Знаменка ауылдық округіне, 2014 жылдың 11 ақпан күні Жазық ауылдық округіне барып, ауыл тұрғындарымен кездесіп, халық арасында түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізді. Бекітілген кестеге сәйкес Семей өңірінің барлық ауылдық округтері ақпараттық-насихат жұмысымен қамтылмақ.

Қала әкімдігінің жанынан құрылған ақпараттық-насихат топтары қала ішіндегі оқу орындары, еңбек ұжымдары, кәсіпорындар және т.б. мекемелерде халықтың түрлі категорияларымен кездесулер өткізуде. 2014 жылдың 20 қаңтар күні ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары А.С. Садырбаев, «Жастар орталығы» КММ директоры Қ.Қ. Еркінбаев, «Қазақстан жолы» орталығының директоры А. Рахметуллин Қазақ инновациялық  гуманитарлық-заң университетіндегі «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығында қала жастары мен студенттері, оқытушылар, қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесіп, Елбасы Жолдауындағы негізгі басымдықтарды түсіндірді. 21 қаңтар 2014 жылы Достық үйінде «Мәңгілік Ел» қағидаларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында ақпараттық-насихат топ өкілдері ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Ж. Смаилова, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б. Көпбаев, Достық үйінің директоры Ш. Балғозина ұлттық мәдени орталықтардың мүшелерімен кездесті. 

2014 жылдың 22 қаңтар күні Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі секторларының меңгерушілері А. Құрманғалив, Р. Құсаева, Л. Майшекина мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді.

2014 жылдың 24 қаңтары күні Жолдауды талқылау мақсатында Достық үйінде  қала әкімі А.М. Кәрімов, жастар ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар, ЖОО, колледж студенттерінің қатысуымен кездесу өтті. Жиын барысында  «Жастар орталығының» директоры міндетін атқарушы Қайсар Еркінбаев қала жастарының «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысына қолдау білдіретіндігін жеткізіп, үндеу жариялады.

2014 жылғы 28 қаңтарда «Қазақстан темір жолы» АҚ Семей қалалық бөлімшесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын түсіндіру бойынша арнайы басқосу ұйымдастырылды. Кездесуге еңбек ұжымы, ардагер теміржолшылар, бөлімше басшылығы және т.б. қатысты.

2014 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында қалалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары А. Садырбаев қазақ-түрік лицейінің оқушыларымен кездесіп, Жолдаудың басым бағыттарын түсіндірді.

2014 жылдың 4 ақпанында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Е. Төлесбаев, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.К. Көпбаев, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.М. Құржықаев жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің акт залында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге әлеуметтік сала қызметкерлері, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, қоғамдық ұйым мүшелері мен төрағалары қатысты. 

2014 жылдың 9 ақпаны күні ҚР Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова Семей қаласына Елбасы жолдаун түсіндіру және насихаттау мақсатында келіп, қаланың денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлерімен кездесті. 

Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатымен 2014 жылдың 11 ақпаны күні қалаға Мәжіліс депутаты Виктор Киянский келіп, Достық үйінде зиялы қауым өкілдерімен және этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен жүздесті.

2014 жылдың 13 ақпанында Елбасының биылғы Жолдауын талқылап әрі насихаттау мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Ферхо Семейге жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулысы «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде қала тұрғындарын жеке өтініштері бойынша қабылдау жүргізіп, мекемелерде бірқатар жиындар өткізді.

2014 жылдың 14 ақпанында Семей қаласының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде медицина қызметкерлері Жолдауды талқылап, жиын өткізді.

Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қаланың жоғары оқу орындары мен колледжерінде ақпараттық-насихат топтары құрылды. Оқытушылар қатарынан құралған топ өкілдері студент жастар мен оқу орындарының ұжымдары арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде.

Қаланың жоғары оқу орындары мен колледжерінде Жолдауды түсіндіру және насихаттау бойынша 80-нен астам іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, кездесулер, пікір-сайыс, оқулар, активтер, көрмелер) өткізілді.

Маңыздыларын атап айтатын болсақ, 2014 жылдың 18 қаңтарында Семей қаласының Р. Байсейітов атындағы қаржы-экономика колледжінде оқытушылар мен студент жастардың қатысуымен Елбасы Жолдауы талқыланды. 

2014 жылдың 27 қаңтар күні Агробизнес және экономика колледжінде Президент Жолдауы кеңінен талқыланып, студент жастар тарапынан қолдау тапты. 

2014 жылдың 1-2 ақпан күндері Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде қала студенттері арасында Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында пікір-сайыс турнирі болып өтті.  

2014 жылдың 13 ақпаны күні Семей қ. Мемлекеттік медицина университетінің интерн-педиатрларының қатысуымен Президент Жолдауын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. 

2014 жылғы 21-22 мамыр күндері қала әкімдігінің ақпараттық-насихат тобы Знаменка, Айнабұлақ, Таңат, Абыралы, Қараөлең, Ақбұлақ, Алғабас ауылдық округтеріне барып, тұрғындармен кездесті. Қала әкімінің орынбасары З. Исабаева бастаған топ құрамында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей өңірі бойынша орынбасары Ғ. Жуасбаева, ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары А. Садырбаев, білім бөлімінің әдіскері А. Үйсінғазина, жұмыспен қамту орталығының маманы, дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы Қ. Исажанов болды.     

Кездесу барысында ақпараттық-насихат тобының өкілдері «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының негізі бағыттары мен жүзеге асырылу барысы туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.  

Ауыл тұрғындары автомобиль жолдары, отбасылық дәрігерлік амбулатория, ауыз су, спорткешендерін салу, ұялы байланыс мәселелері жөнінде сұрақтарын қойып, атқарушы билік өкілдері тарапынан тұшымды жауаптар алды.  

2014 жылғы 1 шілде күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімінде сардарлар мен сарбаздардың жазғы оқу-жаттығуының ашылу салтанаты болды. Оқу-жаттығу аясында қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық-насихат тобы сарбаздар мен сардарларға «ҚР Қарулы күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы» тақырыбында идеологиялық сабақ өткізді. Идеологиялық сабақ барысында сөз алған аталмыш топтың мүшелері, қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық сектор меңгерушісі Роллан Кемербаев пен ҚазИГЗУ-дегі «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығының директоры Аман Рахметуллин әскерилерді жаңа маусымдағы оқу-жаттығудың ашылуымен және алдағы Астана күні мерекесімен құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі. Ақпараттық-насихат тобының лекторы Серік Төлеуғалиев «ҚР Қарулы күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы» тақырыбына терең тоқталып, Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауы туралы айтып өтті. 

Елбасы Жолдауын халық арасында кеңінен түсіндіру және насихаттау жұмысы нәтижесінде 22 мыңнан астам қала тұрғыны қамтылды. 230-дан астам кездесу, дөңгелек үстел, т.б. форматтарда талқылаулар өтті. 

Өңдеу күні: 17-04-2014