Акимат » Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 2014 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 2014 жылдың 1 қаңтарына

2013 жылда Семей қаласы бойынша өнеркәсіп өнімдері көлемі қолданыстағы бағада 142,4 млрд. теңгені құрады, өсу қарқыны 12,2%, нақты көлем индексі – 101,7%.

Тау кен өнеркәсібінде өнім көлемі 14,0 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 113,2%. Жалпы өнеркәсіп өнімдері көлеміндегі  үлесі - 9,5%.

2013 жылы өңдеу өнеркәсібінде қолданыстағы бағада 112,0 млрд.теңге көлемінде өнімі өндірілді, бұл 2012 жыл деңгейінен 14,0 млрд.теңгеге жоғары.

Қаланың өнеркәсіп өнімдері көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 78,6% құрады.

2012 жыл деңгейіне машина жасау саласында өнім өндіру 1,2 есе, металл емес өзге минералды өнімдер – 1,7%, химия өнеркәсібі өндірісі – 15,6%,  резина және пластмасса өнімдері – 1,5 есе, жиһаз өндірісі – 11,4% өсті.

Ағымдағы жылы «Урал», «SHASMAN» (Шасман) жүк автокөліктері және «Беларус» тракторының жаңа 2 үлгісін шығару игерілді. «СемАз» ЖШС 57 бірлік «Урал» және 25 бірлік «Шасман» жиналды, сонымен бірге «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС - 3 бірлік  төмен еденді ВС 212МА  автобустары шығарылды. 1340 -  трактор (101,0%), 141 -  автобус (132,0%),  113 -  жүк көліктері (153,0%), және 6 -  жынжыр табанды трактор сүйреткіштері (150,0%) шығарылды.

2014 жылдың 1 қаңтарына шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары саны 1051 бірлікті құрды немесе өткен жыл деңгейіне 108,4% (970 бірлік).

Бөлшек тауар айналымының көлемі 123,9 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 111,1%(111,6 млрд.теңге). НКИ – 107,5% (116,5%). Облыстық көлемдегі үлесі 26% құрайды.

Аграрлық секторда ауылшаруашылығы жалпы өнімін өндіру көлемі 18,7 млдр.теңгені құрады. НКИ – 104,7%, бұл облыстық көрсеткіштен 3,7 пайыздық пунктке төмен. Оның ішінде мал шарашылығы өнімінің көлемі 12,1 млрд.теңге (НКИ-105,3%), өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 6,6 млрд.теңге (103,4%)..

Ет өндірісі 6,7%-ға (22,6 мың тоннаға қарсы 24,1 мың тонна), сүт өндірісі 0,6%-ға (33,6 мың тоннаға қарсы 33,8 мың тонна), жұмыртқа өндірісі – 2,4 есе (3116,9 мың данаға қарсы 7471,1 мың дана) артты.

2014 жылдың 1 қаңтарына ірі қараның басы 10,4%-ға (36,3 мың басқа қарсы 40,1 мың бас), қой мен ешкі малының басы 2,3%-ға (143,2 мың басқа 146,5 мың бас), жылқы 11,5%-ға (19,2 мың басқа қарсы 21,4 мың бас) құс 19,6% ға (855,9 мың басқа қарсы 1023,4 мың бас) көбейді,  шошқа 21,8%-ға (2,7 мың  басқа қарсы 2,1 мың бас) төмендеді.

Негізгі капиталға инвестиция 47,2 млрд.теңге сомасында тартылды немесе өткен жыл деңгейінен 14,2% жоғары, оның ішінде экономиканың нақты секторына - 25,1 млрд.теңге, өсімі - 31,8%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 23,5 млрд.теңгені немесе өткен жыл деңгейінен 29,8%-ға жоғары (18,1млрд.теңге), НКИ-125,6%.

Жалпы алаңы 87,2  мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2012 жылғы деңгейден 15,3% жоғары (75,7 мың ш.м.), оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы – 74,4 мың ш.м.  

2014 жылы жеке табыс көздері бойынша қала бюджеті 100,5% -ға  орындалды, жоспардағы 12,0 млрд.теңгенің орнына 12,1 млрд.теңге түсті, 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 111,7% құрады.

Мемлекеттік бжджетке салық, салық емес түсім көлемі 2012 жылға 109,3% өсу қарқынмен 31,5 млрд.теңгені құрады.

2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында жұмыссыздардың тіркелген саны 302  адамға кем немесе 27,2% (2012 жылғы 1110 адамға қарсы 808 адам).

2013 жылы аз қамтылған азаматтар саны 4100 адамды құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен (4282 адам) салыстырғанда 182 адамға аз.

2013 жылғы қаңтар-қарашада ірі және орта кәсірорында еңбек ететін жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақысы 82 490 теңгені құрады және 2012 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,2% артты (2012 жылғы қаңтар-қарашада 78 385 теңге).

Қалалық статистика басқармасының мәліметіне сәйкес 2013 жылдың желтоқсанында 2012 жылдың желтоқсанына қатысты алғанда тұтыну бағалары индексі облыс бойынша 104,5% құрады, республикалық орта деңгейден 0,3 пайыздық пунктке төмен.

Инфляцияның құрамдас бөлшектері ішінде облыс бойынша тұтыну бағалары индексі халыққа ақылы қызмет көрсету 107,4%-ды, азық-түлік тауарлары – 102,9%-ды, азық-түлік емес тауарлар – 103,7%- ды құрады.

Өңдеу күні: 18-04-2014