Акимат » Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2014 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласының білім беру жүйесінің дамуы 2014 жылдың 1 қаңтарына

2013 жылы  білім беру бөлімі мен ұйымдардың қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылдарға (І кезең) арналған білім берудің  Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталды.

Ағымдағы жылы білім беру бөлімінің басты міндеттері мыналарды жүзеге асыруға бағыттылған еді:

· білім беру меекмелері желісін дамыту, алғашқы кезекте , әрине, «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту;

· қалада білім беру сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау;

· педагогтер мәртебесін қалыптастыру.

 

Білім беру ұйымдары желісінің дамуы 

Білім беру бөліміне қарасты қаланың білім беру жүйесі  72 мемлекеттік және мемлекетік емес білім беру ұйымдарынан құралған, солардың арасында 68 мектеп (37100 оқушы), оның ішінде 2 – бастауыш мектеп,5- негізгі, 61 – орта мектеп, 4 мемлекеттік емес білім беру ұйымдары. Мемлекеттік тілде оқитын мектептер саны – 25, орыс тілінде оқитын  мектеп -9, аралас мектеп саны -34 (2012 ж – 25 мектеп мемлекеттік тілде, 13- орыс тілінде, 30- аралас мектептер, 2011 ж- 27-мемлекеттік тілде, 13- орыс тілінде, 31- аралас мектеп)

Семей қаласында 29 мектепке дейінгі ұйымдар (16 мемлекеттік, 13 мемлекеттік емес), 51 мектепте мектепке дейінгі 140 шағын орталықтар қызмет атқарады.

Семей қаласында 21 шағын комплекті мектептер, оның ішінде 1- бастауыш, 4- негізгі және 16 орта мектеп 2403 бала санымен. Қосылған сыныптар саны – 43.

 

Мектепке дейінгі білім беру 

Семей қаласында мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту барысында «Балапан» бағдарламасы іске асырылып жатыр. 2013 жылдың аяғында  мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар саны – 29, бала саны – 6451 бала,51 мектепте 3284 бала мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамтылды.

Мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамтылған барлық балалар саны -9735 бала. Барлық мектепке дейінгі балалардың санынан алғанда мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамтылғаны 94,4 %.

«Балапан» Мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік тапсырысы бойынша қосымша 416 орын ашылды.

- «Әл-Фараби» жекеменшік балабақшасы ашылып мемлекеттік тапсырыс бойынша наурыз айында 50 орын  және 10 орын қазан айында  берілді;

-  «Қуаныш» мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымда сәуір айында 75 орын

- «Бес асыл» жекеменшік балабақша ашылып маусым айында  90 орындық мемлекеттік тапсырыс берілді;

- «Бота қоры» қоғамдық қорының қолдауымен Ақбұлақ ауылында 25 орындық жекеменшік шағын орталық ашылды;

- МДШО «Наруто» қыркүйек айында 10 орын, «Бақыт» ББ - 96 орын, «Нұрдәулет» ББ - 60 орын ашылды.

 

Жалпы орта білім беру мектебі

Мемлекеттік мектептерде 37100 оқушы білім алып жатыр (2011 ж- 36432, 2012 ж - 36320), оның ішінде қала аймағында - 34630 оқушы, ауыл аймағында - 2470(2012 ж – 33756 қалада, айылда – 2564 оқушы, 2011 ж – 33776 оқушы қалада, айылда – 2656 оқушы). 1-ші сыныпқа 4692 оқушы қабылданды (2012 ж- 4297 оқушы, 2011 ж – 4133 оқушы), 10-шы сыныптарға – 1880 оқушы, оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын мектеатерде – 962, орыс тілінде – 918, 11 сыныпқа- 1989 оқушы, оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде – 1060 оқушы, орыс тілінде – 929 оқушы.

Білімнің мемлекеттік үлгілері. 2012 жылы жалпы орта білім беретін ұйымдарда білім беру ҚР БжҒМ 2010 жылғы 09 шілдедегі № 367 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпы орта білім үлгілері 2.3.4.01-2010 бойынша жүргізілді.

2013-2014 оқу жылында қала мектептері жалпы орта білім беретін ұйымдарда білім беру ҚР БжҒМ 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпы орта білім үлгілері  және ҚР БжҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген орта мектептерге арналған оқу бағдарламалар  бойынша жүргізіледі.

Сабақтардың ауысымы. Семей аймағы мектептерінің 73,5%-ның білім беру және тәрбиелеу ісі екі ауысымда жүргізіледі. Берілген көрсеткіштің өзгеру динамикасына ауылдық аймақтарда мектептердің жабылуы әсер етті. Білім беру екі ауысымда жүргізілетін мектептер үлесін азайту үшін, әсіресе мектептің жоспарлы қуаттылығынан 2 - 2,5 есе төмен оқушылар саны бар мектептерде, сабақ кестесінің құрылуын, оқу жүктемесін жоспарлауды қайта қарастыру қажет.

Оқу үрдісін ұйымдастыру нысандары, оқыту тілі. ҚР «Білім туралы» заңының 27 бабынданегізгі оқу нысандары анықталған – күндізгі, сырттай, кешкі және экстернат. Оқытудың негізгі нысаны аймақтың білім беретін мекемелерінде күндізгі болып қалады. Экстернат нысаны бойынша оқумен 0,17% оқушы қамтылған, 2011 жылы - 0,22 % оқушы, 2010 жылы - 0,47 % оқушы. 27,4% (9930) бала оқу мемлекеттік тілдегі мектептерде оқиды, 19,8%  (7214) - оқу орыс тіліндегі мектептерде, 52,8% (19176) бала аралас мектептерде.

Білім беру мекемелерінің көп үлгісі мен әртүрлігі ата – аналар мен оқушылардың білім берулік сұранысын белгілі бір дәрежеде іске асыруға мүмкіндік береді. 2012 – 2013 жаңа оқу жылының басына қалада 2 гимназия (№ 6, № 7 гимназия), 1- лицей – (экономический), 2 мектеп, лицей сыныптары бар (№7, № 38), 1- интернат- мектебі  (№ 42) қызметін жалғастыруда.

Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар желісі ары қарай дамытылып жатыр:№ 7 лицей-мектебі – 53 оқушы ғылыми- жаратылыстану  бағыты  бойынша, № 19 мектеп- 92 оқушы ғылыми- жаратылыстану  бағыты  бойынша, № 37 гимназия – 400 оқушы гуманитарлық бағыты бойынша, 256 оқушы - ғылыми- жаратылыстану  бағыты  бойынша, № 38 мектепте – 48 оқушы және экономикалық лицейде 107 оқушы ғылыми- жаратылыстану  бағыты  бойынша, Пригород мектебінде 27 оқушы гуманитарлық және ғылыми- жаратылыстану  бағыты  бойынша оқытылады.

Сондықтан қалада қазіргі уақытта жалпы орта білім беру желісі қажетті деңгейде дамып жатыр, оқу мен тәрбие нәтижелері тұрақты сатыда қамылып отыр.

             

Оқу және тәрбиелеу процессінің  нәтижелігі

Тәуелсіз сараптаманың бағалауымен расталатын оқушылардың оқудағы жетістіктері бірінші кезекте қалалық білім беру жүйесінің нәтижелік көрсеткіші болып табылады.

ОЖСБ оқушылардың негізгі орта білімнен кейін (9 (10) сыныптан кейін) оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау және білім беру қызметі сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.

9-сыныптардағы оқу жетістіктерін сырттай бағалауға міндетті түрде қазақ тілі мен уәкілетті органның бекітілуімен жыл сайын анықталып отыратын 3 пән кіреді. Биылғы жылы қазақ тілі,  математика, физика, ағылшын тілі пәндері  кірді.

Биыл ОЖСБ-ға №№11,22, Приреченск және Шүлбі мектебінің 9 сынып оқушылары (281 оқушы) қатысты.

Алгебра пәні бойынша  ең төменгі нәтижені  Приречная орта мектебі (орта балл -5,9) және Шүлбі орта мектебі (орта балл-9,8) көрсетіп отыр.  Былтырғы жылмен салыстырғанда орта балл 4 балға төмендеген.

Физика пәні бойынша да ең төменгі нәтижені  Приречная орта мектебі (орта балл-5,4) және Шүлбі орта мектебі (орта балл-6,4) көрсетіп отыр. №22 мектептен (орта балл-8,6) 119 оқушының 44-і тапсырманы орындаған.

Ағылшын тілі пәні бойынша нәтиже жоғары. Бірақ Приречная және Шүлбі мектептерінің көрсеткіші төмен( 30-32%)

2013 жылы ҰБТ-ға 2209 түлектің 1542-сі қатысты (70%, 2012 жылы 77% қатысқан), оның ішінде 6 экстернант, жекеменшік мектептің 42 түлегі бар. Денсаулық жағдайы бойынша  дәрігерлік консультация комиссиясының қорытындысы бойынша аттестациядан 15 түлек босатылды (2011 ж. – 17 адам, 2010 ж. –10 адам). 521 түлек емтиханды дәстүрлі түрде тапсырды. ҰБТ-ның орта балы - 76 бал.

«Алтын белгі» аттестатына 39 үміткерден (2012 ж.-64) ҰБТ қорытындысы бойынша 12 оқушы  өз білімін дәлелдеді (№7 МЛ-1, №30 ОМ-1, №31 ОМ-1, №19 ОМ-1, №16 Ом-1, №37 гимназия-6, №17 ОМ-1). 27 оқушы «Алтын белгіні» қорғай алмады (№6 гимназия-4, №7 МЛ-2, №33 ОМ-1, №22 ОМ-3, №3 ОМ-2, №4 ОМ-1, №8 ОМ-1, №16 ОМ-2, №43 ОМ-3, №11 ОМ-1, №15 ОМ-2, Жарқын ОМ-1, №23 ОМ-2, №26 ОМ-1, №36 ОМ-1). «Алтын белгіні» қорғағандар - 31% (2012 жылы-22%)

Облыстық деңгейден төмен көрсеткіш көрсеткен 1063 түлек - 59% (2011 ж.-36%).   Өту деңгейінен өте алмай 50 ұпайдан төмен жинаған түлектер  - 300 (16,6%), бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 10% (152-6,6%) өсті.

Үздік аттестатқа ұсынылған 24 үміткердің 7-і  қорғап шықты (№6 гимназия-1, №38 МЛ-1, №26 ЖОББМ-1,№37 гимназия-1,  №22 ЖОББМ-2, №7МЛ-1). 17 оқушы қорғай алмады (№33 ОМ-1, №22 ОМ-2, Бегалин атындағы ОМ-2, №19 ОМ-2, №6 гимназия-1, №4 ОМ-1, №16 Ом-1, №8 ОМ-2, №37 гимназия – 1, №26 ОМ-3, Приречная ОМ-1  )

«Алтын белгіге» үміткер, 1 ұпайы жетпей қалған 5 оқушы (№6 гимназия-1, №22 ЖОББМ-2, №15 ОМ- 1, №43ОМ-1)  үздік аттестат алды.

ҰБТ-да 4 түлек (№22 мектеп оқушылары Бауржанқызы Айдана, Бекенова Маржан 123 балл, №30 ОМ-1, №15 ОМ-1) 120-дан жоғары балл алды. 180 оқушы 100-ден аса балл алса, 54 түлек ҰБТ-ны барлық пәндерден 5-ке тапсырды.

Экономикалық лицей әр жыл сайын Алтын белгіге үміткерлердің қалыпты динамикалық өсуін көрсетеді. Экономикалық лицей Қазақстан Республикасының 100 үздік мектебінің қатарына енді.

Оқу тілі кескінінде ҰБТ қорытындысы бойынша мемлекеттік тілде және орыс тілінде білім алған түлектердің орта балл көрсеткіштері арасында айырмашылық өсті, яғни 2,75 балл, 2010 ж. бұл көрсеткіштер 85,19 және 85,94, ал 2011ж – 91,8 және 87,94 ұпай, ал 2012 жылы 66,95 және 69,7 ұпай сәйкесінше болды.

ҰБТ орта ұпай нәтижелерін пәндер кескінінде қарастырғанда ең төмен орта көрсеткіш математикалық бағыттағы пәндер бойынша, бұл төмен дайындықты көрсетеді. ҰБТ пәндері бойынша орта ұпай  кестеде көрсетілген. Кестеден барлық пәндерден орта балдың өсуін көруге болады. Оқушылар тұрақты жоғары нәтижелерді гуманитарлық пәндер бойынша көрсетіп келеді.

ҰБТ-ның рейтингі бойынша ЖОББМ ішіндегі алдыңғы қатардағылар:

- қала мектептері арасында: экономикалық лицей (орташа ұпайы - 100,5 б),  № 6 гимназия (орташа ұпайы – 89,9), №30 ОМ (89,1),  Шүлбі ОМ (87,5), №37 гимназия (85,7), № 22 ЖОББМ (85,2);  

- ауыл мектептерінен: Жарқын ЖОББМ  (орташа ұпайы - 74,3),  Приреченск ЖОББМ (орташа ұпайы -72,8),  Ибраев ЖОББМ (орташа ұпайы  - 71,4). 

Төмен нәтиже көрсеткен: №24 ЖОББМ (45б), Абыралы ОМ (47б), Бұлақ ОМ (53,5б), Прииртыш ОМ (55б), Озерка ОМ (58,4б).

Өңдеу күні: 29-04-2014