Акимат » Семей қаласындағы дін туралы 2014 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласындағы дін туралы 2014 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласында рухани келісім мен дінаралық қатынастарды нығайту мақсатында белгілі бір жұмыстар атқарылады.

Қала әкімдігі жанында діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес жұмыс істеуде. Кеңес құрамы 20 мүшеден тұрады. Ішкі саясат бөлімі Кеңестің жұмыс органы болып табылады. 2013 жылда 4 отырыс өткізілді (тоқсанына 1 рет).

«ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заңнамаға сәйкес 2012 жылдың 25 қазанында діни бірлестіктер қайта тіркеуден өткізілді. Аталған жұмыс қаланың діни бірлестіктерінің санын 30 % азайтты (50-ден 30-ға).

Қайта тіркеу нәтижелері жөнінде мәлімет

Діни бірлестіктер

2012 жылдың 25 қазанына дейін

2012 жылдың 25 қазанынан кейін

1

Мұсылман

19

18

2

Православ

4

4

3

Католик

1

2

4

Протестант

25

10

5

Дәстүрлі емес

1

1

Барлығы:

50

35

Бүгінгі күнде қалада 18 мұсылман (51,4 %), 4 христиан (11,4 %), 2 католик (5,7 % , 10 протестанттық (28,5 %) және 1 дәстүрлі емес (2,8 %) діни бірлестік бар. Барлығының құрылтай құжаттары мен мемлекеттік тіркеу жөнінде куәліктері бар.

Барлық діни бірлестіктермен байланыс орнатылған. Ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері жүйелі түрде культтік ғимараттарға барып тұрады.

Культтік ғимараттардың орналасуы жөнінде мәлімет

Діни бірлестіктер

Қала ішінде

Қаладан тыс

1

Мұсылман

9

9

2

Православ

2

2

3

Католик

2

-

4

Протестант

8

2

5

Дәстүрлі емес

1

-

БАРЛЫҒЫ:

22

13

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес қалада діни әдебиет пен өзге ақпараттық материалдарды тарату үшін 9 стационарлық жай:

1. «Арғымақ» сауда үйі;

2. «Жаңа Көктем» сауда үйі;

3. «Талғау» сауда үйі (№14 бутик);

4. «Талғау» сауда үйі («Muslima» бутигі) ;

5. «Тамаша» сауда үйі;

6. «Шәкәрім» кітаптар үйі»  дүкені;

7. «Книгиня» дүкені;

8. «Шақыру» дүкені;

9. «Посохин» ЖШС

Культтік ғимараттардан тыс діни рәсімдер өткізу үшін 6 жай анықталды:

1) «Станция Семей» - намазхана;

2) «Талғау» сауда үйі- намазхана;

3) Шугаева көшесі, №27/4 – намазхана;

4) Павлова көшесі, №85а, мешіт ғимараты;

5) «Жансая» сауда үйі - намазхана;

6) Народная көшесі – Святитель Николай атындағы кішкентай шіркеу

2013 жылдың 14-15 наурызында, 5 мамырында ішкі саясат бөлімі мүдделі органдармен бірлесіп, діни әдебиетті заңсыз таратумен айналысатын бизнес субъектілерін анықтау мақсатында рейд шараларын өткізді. «Талғау», «Ақшың», «Мереке» және «Арғымақ» сауда үйлері тексерілді. Тексеріс  нәтижесі бойынша заңнама бұзушылығы анықталмады. Сауда үйлерінің әкімшілерімен ҚР дін саласындағы заңнамасы жөнінде түсіндірме әңгімесі жүргізілді. 

2013 жылдың 11 желтоқсан күні қалалық прокуратура ғимаратында әкімдік, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің діни әдебиет пен діни мазмұндағы материалдары сатумен айналысатын сауда кәсіпорындарының басшыларымен  кездесу ұйымдастырылды.

Діннің мәнін түсіндіру жөніндегі жұмыстар белсенді жүргізілді.  Ақпараттық-насихат топтарының жаңа құрамы жасақталып, бекітілді (ары қарай - АНТ). АНТ мақсатты топтармен, оның ішінде жастармен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. 

2013 жылы қалада 116 іс-шара өткізіліп, 14 340 адам қамтылды. Тыңдаушылар контингенті әрқилы: мектеп оқушылары, ЖОО, колледж студенттері,  әскери қызметкерлер, сотталғандар, мүгедектер, зейнеткерлер, бюджеттік ұйым жұмысшылары, ҮЕҰ және азаматтық қоғам институттары өкілдері.

Қалада теолог болмағандықтан, елдің өзге өңірлерінен дунтанушыларды тарту жұмыстары жүргізіледі.

Наурыз мейрамы қарсаңында белгілі дінтанушы, қоғам қайраткері, «Қасиетті Құранды» қазақ тіліне аударған Уақап Қыдырханұлы шақырылды.  

2013 жылдың 15 мамырында қалалық Достық үйінде дінтану оқытушылары, кураторлар мен колледж директорларының орынбасарлары, ЖОО, колледж студенттері, жастар ұйымдарының өкілдері, дін жөніндегі АНТ мүшелері, журналистердің ҚМДБ насихат бөлімінің меңгерушісі Оңғарбаев Ершат Ағабайұлымен кездесуі ұйымдастырылды. 

15-17 мамыр күндері СМПИ базасында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ұлтаралық және дінаралық қатынастарды зерттеу жөніндегі орталығы  «Аймақтағы этноәлеуметтік және этномәдени үрдістерді тиімді басқару» атты өңірлік семинар-тренинг өткізді. 

Бұл күндері Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің базасында «Қазақстандағы терроризм және діни экстремизм мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.  

Жоғарыда аталған іс-шаралардың жұмысында елдің алдыңғы қатарлы теологтары, ҚР Президенті жанындағы стретегиялық зерттеу институтының қызметкерлері қатысты.

Қаланың аумағында орналасқан әскери құрылымдарға баса назар аударылды.  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері мен мекемелеріндегі әскери ортаға діни экстремизм және терроризм идеяларының таралуына қарсы тұру бойынша алдын алу шараларын бірлесіп өткізу жоспары бекітілді. Бөлім қызметкерлері тоқсан сайын мерзім мерзімдік қызметтегі әскерилер алдында дәрістер оқыды.

Өткізілген іс-шаралар республикалық «Сарбаз» және интернет-ресурстарда кеңінен жария етілді. 

2013 жылдың 23-25 қыркүйегінде қалада ҚР ІІМ ақпараттық-насихат тобы жұмыс істеді. Бұл топтың құрамында терролог, саяси ғылымдар докторы, полиция полковнигі Шалабаев Жүсіп Аюпұлы болды. Ол «Халықаралық терроризм және экстремизм: қауіп факторлары, таралу тенденциялары мен қарсы тұру шаралары» тақырыбында мазмұнды әңгімелер жүргізді. Тыңдаушыларға экстремистік идеологияның таралу жолдары жөнінде сауатты баяндама ұсынылды.

Шығыс Қазақстан облысындағы дін саласындағы жұмыспен таныстыру және қалыптасқан діни жағдай жөнінде халықты ақпараттандыру мақсатында 25-26 қазанда Шығыс Қазақстан облысы дін істері жөніндегі басқарма басшысы Мұхамеджанов Манарбек Әзімбекұлы қалаға келді. Ол культтік ғимараттарға барып, жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, «Дін саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты» тақырыбында колледж директорлары орынбасарлары, ЖОО проректорлары және қала мектептерінің дінтану оқытушылары алдында сөз сөйледі.  

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешімі бойынша 19-22 қараша аралығында қалаға дін жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, теолог Тағаев Нұрбол Сайлауұлы келді. Кездесулер Шәкәрім атындағы СМУ, қалалық Достық үйінде, Семей қ. Мемлекеттік медицина университетінде, педагогикалық колледжде, қала мешіттері мен қала аумағында орналасқан түзеу колонияларында өткізілді. 

Өткізілген іс-шаралар жергілікті және өңірлік БАҚ, сонымен қатар, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары мен жаңалықтар сайттарында жарияланды.

«Семей таңы» - «Вести Семей» газеттерінде ай сайын «Ғылымхал», «Общество и религия» (120-дан астам материал) айдарларымен дін тақырыбында мақалалар жарияланды.

Қалада «Ислам нұры» және «Православие в Прииртышье» атты діни газеттер шығарылады. «Ислам нұры» газеті 2000 жылдан бері шығарылып келеді. Тиражы 5010 дананы құрайды. «Ислам нұры» газетінің маңыздылығы ескеріліп, 2013 жылы аталған газетке 625 мың теңге бөлінді. 

Интернет ресурстардың потенциалы кеңінен қолданылып келеді.  Бүгінгі күнде орталық мешіт пен православ шіркеуінің жеке интернет сайттары бар.  Жыл басынан бері интернет-ресурстарда 150-ден астам материалдар жарияланды. 

«Қазақстан-Семей» және «ТВК-6» телеарналарында діни тақырыптағы бейнероликтер мен фильмдерді көрсету ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банк, авто- және теміржол вокзалдарында орналасқан «электрондық паннолар» (экран) арқылы халықты ақпараттандырудың жаңа жолдары мен әдістерін енгізу мәселесі шешімін тапты. Дін саласындағы заңнама жөнінде видеороликтер мен қысқаша хабарламаларды көрсету жоспарланды. Қалада 40 дисплей орнатылған.   

2014 жылыішкі саясат бөлімі діни экстремизм және терроризмнің алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мақсатында ҮЕҰ мемлекеттік тапсырыс беруді жоспарлайды.

Өңдеу күні: 15-07-2014