Акимат » Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2013 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы 2013 жылдың 1 қаңтарына

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көлемі – 3349 бірлік және салыстырмалы 2011 жылмен салыстырғанда 104,9 %, соның ішінде белсенді кәсіпорындардың көлемі – 970 бірлік немесе салыстырмалы 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда 100,1%  құрады.

Шағын бизнес саласындағы жеке кәсіпкерлер (барлық экономика саласында) 22,2 мыңнан астам жеке тұлғаларды құрайды, соның ішінде патенттер бойынша қызметтерін атқаратын – 10758 кәсіпкерлер, жеңілдетелген декларация бойынша  8822 бірлік, барлық бекітілген нысан бойынша – 2084 бірлік, шаруа қожалығы – 629 бірлік.

Белсенді кәсіпорындардың көбі (37,0 %) көбінесе қол жетімді қызмет түрінде яғни сауда мен айналысады. Құрылыспен 12,7 % белсенді кәсіпорындар шұғылданады, жылжымайтын мүлік, жалға және қызмет көрсету операторларымен 8,6 %,  қайта өндеу өнеркәсіптері 10,4 % құрады.

Экономика қызметінің саласындағы шағын бизнес субъектілері (заңды тұлға), %

2012 жылы мемлекеттік бюджетке орта кәсіпкерлік субъектілерінен  салық төлемдерінің көлемі – 16,7 млрд. теңге және 2011 жылғы салыстырмалы кезеңмен салыстырғанда 7,0 % пайызды құрайды, соның ішінде қалалық бюджетке 5,3 млрд. теңгежәне 2011 жылғы өсуі 23,2 % пайызды құрайды.

2012 жылдың қаңтар – желтоқсанында қаланың шағын  кәсіпорындарында 2170 жаңа жұмыс орыны құрылды және 2011 жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстарғанда 101, % құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарында 50 мың адам жұмыспен шұғылданады.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің (жұмыс, қызмет) 2012 жылғы өндірілген өнеркәсіп көлемі – 52,0 млрд. теңге және 2011 жылдың деңгейімен салыстырғанда 109,5 % құрайды.

2012 жылғы қаңтар – желтоқсандағы бөлшек тауарайналымның көлемі жедел көрсеткіштер бойынша 111,5 млрд. теңгені құрайды, 2011 жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 120,8 %-ға жоғары.

Бөлшек тауар айналымның физикалық көлемінің индексі 116,5 %, былтырғы жылдан 3,5 пайызға жоғары.

Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мақсатында, 2006 жылдың 1 қыркүйегінде № 1085 «Семей қаласының кәсіпкерлік мәселелері бойынша Сарапшылық кеңес туралы» қала әкімдігінің қаулысы қабылданды.

2012 жылдың басынан бастап Сарапшылық кеңестің екі отырысы өткізілді, онда келесідей нормативтік-құқықтық актілердің жобалары қаралды:

1. Қала әкімдігінің «Қаладағы көшпелі сауданы ұйымдастыру туралы» қаулы жобасы.

2. Қала әкімдігінің «Белгіленбегін жердегі саудаға хаттамалар толтыру бойынша уәкілетті тұлғалар туралы» қаулы жобасы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, «Әділет» шағын және орта бизнес кәсіпкерлер қоғамдық қауымдастығын аккредитациялау жүргізілді.

Кәсіпкерлікті дамытудағы қолайлы қызметтерді орнату аясында, кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік кедергілерді жою бойынша арнайы жұмысшы тобы қызмет етеді, шағын кәсіпкер субъектілері үшін құқық қорғаушы құжаттарын бейнелеу бойынша рұқсат беру реттемелерін оңтайландыру бойынша кеңестерде мәселелер қарастырылады.

Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында бөлімнің мамандары қаланың шағын және орта бизнес субъектілерімен үнемі ақпарат – кеңес  жұмыстарын жүргізеді, қортындысында кәсіпкерлер өздерінің іске асыру бағдарламалары бойынша, нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу және толықтыру туралы, шағын несие ұйымдарына бағытталған жобаларды және бизнес – қосымшаларды қаржыландыру мәселелері бойынша кеңестер алады.           

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерліктің шағын және орта кәсіпорындары жалпы сомасы 10,215 млрд.теңгені құрайтын 33 жобаны іске асырылды, оның ішінде: 

- бағдарламаның «Жаңа басатаманы қолдау»аттыбірінші бағыты бойынша  жалпы сомасы 3,951 млрд. теңгеге 24 жоба іске асырылды, мөлшерлеме сыйақысын қаржыландыру сомасы 276,6 млн.теңгені құрады;

- бағдарламаның«Кәсіпкерлікті сауықтыру секторы» атты екінші бағыты бойынша жалпы сомасы 3,984 млрд.теңгеге 6 жоба іске асырылды, мөлшерлеме сыйақысын қаржыландыру сомасы 278,7 млн.теңгені құрады;

- бағдарламаның «Кәсіпкерліктің валюталық тәуекелдігін төмендету»атты үшінші бағыты бойынша жалпы сомасы 2,280 млрд. теңгеге 2 жоба іске асырылды.

2012 жылы «Даму» Қоры» АҚ лекторларымен жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған тегін екі күндік оқу-тренингінің 4 курсы (Бизнес советник) өткізілді, оған 120 адам қатысып, соңында оларға сертификаттар берілді. 

«Назарбаев Униветситеті»  АҚ,  «Бауыржа» Ш/Қ, «Ателье Омаровых» ЖШС, «Азот» ӨК, ш/қ «Игеру» ЖШС, «Тұржан және К»,  «Гостинычный комплекс «Семей» ЖШС , «Муқашев К.Т»,  «Темерханов А.Г» ЖК шағын және орта бизнес топ-менеджмент оқу курсынан өтті. 

«Іскерлік байланыс» жобасы аясында «Кузьмина Л.Г», «Вахитова А.Р» ЖК,  «Хаким» ЖШС, «Жакупова Г.К», «Семененко А.И» ЖК, «ТЕРРАР ВИТА». ш/қ «Шыңғыс» оқудың бірінші кезеңінен өтті. 

«Жұлдыздарға қара» атты жобасының бірінші кезенің аясында, «Даму-Көмек» атты бағдарлама АҚ «Казкомерцбанк» бірлесіп ұйымдастыруда 100,0 мың тенге аясында ШҚО бірінші болып Игнатов Андрей Семей кәсіпкері алды, екінші жоба раудттың женімпазның грант алу мәртебесіне Аюпова Назира ие болды. 

«Өндіріс» бизнесті дамыту Индустриялық аймағына инвестициялық жобаларды тарту және оранластыру жөнінде белгілі бір жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта 7 жобаның орналастыру бойынша құқық беруші құжаттары рәсімделді.

«ИГЕРУ» Ш/Қ» ЖШС-нің «Жылжымалы теміржол құрамына арналған тежегіш қалыптар өндірісі» және  «Озық технологияларды қолдану арқылы, ескірген көлік шиналарын әртүрлі жіктегі резина қиқымдарына қайта ұқсату және кәдеге жарату» атты екі жобасының өндірістік ғимаратының құрылысы аяқталды. Келесідей проблемалары бар:

- «Игеру» Ш/Қ ЖШС озық технологияларды қолдану арқылы, тозған көлік шиналарын әртүрлі жіктегі резина қиқымдарына қайта ұқсату арналған құрал-жабдықтарды сатып алуға несие қаражаттарын тарту жөнінде мәселе екінші жыл шешілмей келеді, «Еуразиялық банкі» АҚ –мен жасалған жұмыс оң шешімін тапқан жоқ. Қазіргі уақытта «Сбербанк России» АҚ және Еуропалық банктердін біреуін тарту бойынша «MeWA» компаниясы құрал-жабдықтарды жеткізушілер арқылы екі бағытта жұмыс жүргізілуде.

- «ИГЕРУ» Ш/Қ» ЖШС-нің «Жылжымалы теміржол құрамына арналған тежегіш қалыптар мемлекеттік стандартты әзірлеудің аяқталу үстінде, апробациядан кейін жарты жыл бойы кәсіпорын сериялық өндіріске кіріседі.  өндірісі» атты жобасы.

«Биофторполимер» ЖШС «Тұрлаулы тұрмыстық қалдықтарды қайталама шикізат бойынша өндірісті ұйымдастыру» атты жобасы бойынша қажетті инфрақұрылымды тарта отырып, өндірістік ғимарат салынуда.

«Р.А. Қуанов» жеке кәсіпкер «Залалсыздандырғыш құралдарын шығару бойынша зауыт салу» және жеке кәсіпкер «Нұғманов С.К.» «Құрылыс материалдары өндірісі бойынша шағын зауыт салу» атты екі жоба бойынша, жобалық-сметалық құжаттамаларды рәсімдеп, келісу жөнінде белсенді жұмыс атқарылуда.

«Семей Руно» ЖШС «Жүнді кешенді қайта өндеу өндірісін ұйымдастыру және жоғары өндіргіштік жабдықтарды сатып алу» және ЖК «Демеубаева А.А.» «Көкшөп, қияр, қызынақ және құлпынай өсіруге арналған жылыжай құрылысы» атты екі жоба қаражат іздестіру үстінде.

Көкөністі қайта ұқсату бойынша жылы жай және цех салу бойынша жобаны іске асыру үшін «Сергей» Ш/Қ  10 га. жер теліміне құқық беруші құжаттарды рәсімдеу үстінде.

Ұзындығы 2,6  км болатын «Қазақкабель» ЖШС кәсіпорнынан «Өндіріс» индустриалды аймақ территориясына дейінгі темір жол бағыты құрылысына 15,3 млн. теңге бюджеттен бөлінген,  темір жол тармағын салу үшін жобаның техникалық-экономикалық негізін әзірлену үстінде.

Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

Өңдеу күні: 08-11-2016