Акимат » Семей қаласындағы ветеринария туралы 2019 жылға

Семей қаласындағы ветеринария туралы 2019 жылға

Семей қаласындағы ветеринарияның дамуы туралы 
(2019 жылдың 1 қазанына) 
 
 
Қаланың ветеринариялық қызметінің басты мақсаттары мен міндеттері – аумақты ауылшаруашылық малдарының қауіпті ауруларының енуінен қорғау, ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шараларды жүргізу, инфекциялық аурулар және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне тұрақты эпизоотиялық  қолайлылықты қамтамасыз ету.
2019 жылға қала мен ауылдық округтердің аумағында эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспары бекітіліп, оны жүзеге асыру үшін қалалық бюджеттен 115 448 000  теңге бөлінді.
Жыл басынан бері 64 008 бас ірі қара мал, 84 923 бас ұсақ қара мал, 30 912 бас жылқы, 891 бас шошқа бірдейлендіріліп, компьютерлік деректер қорына енгізілген. 
Тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 13 ішкі сауда объектілерінде (базарлар) күн сайын ветеринария бөлімінің мамандары  қала базарларында сатылатын ауылшаруашылық өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама (бұдан әрі ВСС) жүргізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Қаланың базарларында және жәрменкелерінде барлығы 13 ВСС зертханалары бар, олардың ішінде 10 зертханаға жеке кәсіпорындармен  қызмет көрсетіледі және 3 зертхана «Республикалық ветеринарлық зертхана» Семей өңірлік филиалының бақылауында.
Бүгінгі күнге қаланың ішкі сауда объектілеріне 11 196 сиыр еті, 2 851 жылқы еті, 6 204 қой етіне, 2 001 ұша шошқа еті, 121,6 тонна сүт және сүт өнімдері,      1 377 280 дана жұмыртқа, 127,5 тонна құс еті, 57,5 тонна балық келіп түсті және тексерілді.
Бекітілген жылдық жоспарға сәйкес, мемлекеттік тапсырыс бойынша бруцеллезге диагностикалық зерттелген мал басы саны: ірі қара мал – 59 307 бас, ұсақ қара мал – 76 422 бас, жылқы - 177 бас, шошқа - 150 бас. Зерттелген ауылшаруашылық жануарларынан бруцеллезге оң нәтиже көрсеткендері: ірі қара мал - 189 бас, ұсақ қара мал - 156 бас, жылқы - 1 бас.
Санитарлық союға «Семей ет комбинаты» ЖШС-мен екі жақты меморандум жасалды. Бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен барлық жануарлар уақытында санитарлық союға жіберіледі. 
Семей өңіріндегі ірі қара малының бруцеллезімен күресу мақсатында 4 қолайсыз пункт бар. Ондағы сауықтыру іс-шараларын «Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ» Республикалық Мемлекеттік мекемесі жүргізеді. Сауықтыру жұмыстары жалғасуда.
Қаланың және ауылдық округтердің аумағында ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай келетін 2 сою пункті, 1 етті қайта өңдеу кәсіпорны,  19 сою алаңы және ауылдық округтерде 13 типтік мал қорымы қызмет етеді.
Тоғыз айдың ішінде сібір жарасына қарсы: 47,0 мың бас ірі қара мал, 60,0 мың бас ұсақ қара мал, 18,0 мың бас жылқы; аусылға қарсы: 90,1 мың бас ірі қара мал, 130,0 мың бас ұсақ қара мал; құтырғанға қарсы: 14,0 мың бас ірі қара мал, 5,0 мың бас етқоректілер; пастереллезге қарсы: 15,0 мың бас ірі қара мал; қарасанға қарсы -       30,0 мың бас ірі қара малына алдын алу екпесі жүргізілді. 40,0 мың бас ірі қара малы туберкулезге аллергиялық тұрғыда зерттелді.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 14,486 млн. теңге бөлінді. 2019 жылдың басынан қала мен ауылдық округтерде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бригадаларымен 5 084 бас қараусыз жануарлар ауланып жойылды, соның ішінде        4 508 ит, 576 мысық. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың өлекселері жақын маңдағы ауылдық округтердің мал қорымдарында жойылады. Қазіргі таңда бөлінген қаржаттан 11,1 млн. теңге толығымен игерілді.
2019 жылдың басынан ветеринария бөлімінің мамандары қызметтік хаттар мен қаланың тұрғындарынан келіп түскен өтініштер негізінде 30 қадағаланатын объектілерге тексеру жүргізді. Тексерулер барысында кәсіпкерлердің тарапынан ветеринария саласындағы бұзушылықтар анықталып, оларға қатысты жалпы сомасы 492,3 мың теңгені құрайтын айыппұл түрінде әкімшілік өндіріп алу шаралары қолданылды. 
Сонымен қатар, ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес ветеринария бөлімімен 96 858 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: ауылшаруашылық жануарларын сәйкестендіру және ветеринариялық паспорт беру – 90 047 қызмет, ветеринариялық анықтама беру –  6 776 қызмет, ветеринариялық-санитарлық қорытынды беру - 35 қызмет.
Қаланың ветеринария бөлімінің мамандары ауыл тұрғындарының жиналысында ветеринария мәселелері бойынша ағартушылық жұмыс жүргізіп тұрады. 
 

Ветеринария бөлімі


 
 
 
 
 
 
Өңдеу күні: 08-10-2019