Акимат » Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2014 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласында дене шынықтыру мен спорттың дамуы 2014 жылдың 1 қаңтарына

Семей қаласында бүгінгі таңда 337 620 адам тұрады, оның 78000 - мектеп оқушылары мен студенттер. Олардың қызметіне 374 спорт ғимараты, оның ішінде 7 бассейн, 4 стадион, 5 спорт кешені, 123 спорт залы, 1 дене шынықтыру – сауықтары кешені, 4 шаңғы базасы, 5 мылтық ату тирі, 2 мұз айдыны (Локомотив, Цементник), 33 бейстандарттағы хоккей қораптары, 1 коньки тебу стадионы, 127 жазықтағы спорт ғимараттары (алаңдар, трассалар), 21 футбол алаңдары, 120 мамандандырылған спорт залдары, 70 қосымша салынған спорт залдары бар.

2012 жылы № 9,15, 21, 36 мектептерде жасанды жабындымен 7 шағын футбол алаңдарының құрылысы аяқталды, 2013 жылы 14 футбол алаңдары салынды, соның ішінде 4 ауылдық округтерде.

2013 жылы 3 спорт зал пайдаланылуға берілді (Еуразия колледжі, «Жас ұлан» ерлер лицейі, № 26 орта мектептің қосымша салынған спорт залы).

Қозбағаров көшесіндегі гимнастика залына 126 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.

Хоккей модулінің құрылысы бойынша құрылыс бөлімімен қазіргі уақытта 610 млн. теңгеге мемлекеттік сараптамасымен жобалық сметалық құжаттамасы даярланып, бюджеттік тапсырыс облыстық басқармаға жіберілді.

Футбол манежінің құрылысына 20 млн. теңгеге техникалық экономикалық негіздеме даярланды. Қазіргі уақытта экономика бөлімімен құжаттар облыстық мемлекеттік жеке меншік әріптестік орталығына экономикалық сараптама жасауға жіберілді.

Қазақстан бокс федерациясымен 250 млн. теңгеге Байтұрсынов көшесінде күрес бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Аяқталу мерзімі 2014 жылдың 3 тоқсаны.

Ұлттық спорт түрлерін дамыту және насихаттау мақсатында қала әкімінің тапсырмасымен Степной кентіндегі ипподром базасында ат – спорты клубының ашылуы жоспарлануда.

Спорт саласында 683 адам, оның ішінде 297 жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары, 145 кәсіби лицейлер, колледж және жоғарғы оқу орындарының мұғалімдері, 191 спорт жөнінде жаттықтырушылар қызмет атқарады.

2012 - 2013 жылдары дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының біршама өскендігі байқалады. Мысалы, 2009 жылы спортпен айналысушылар саны тұрғындар санынан 24 465 адамды (8,7 %) құрады, 2010 жылы 31 180 адам (9,8 %), 2011 жылы 40 000 адам (12 %), 2012 жылы 50272 адам немесе  (15 %), 2013 жылдың 12 айы бойынша 80 000 адамды немесе 25,7 % -ды құрады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша ШҚО қалалары және аудандарының рейтингі бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының өсу қарқыны бойынша Семей қаласы 4 орында.

Қалада спорттың 67 түрі, соның ішінде футбол, еркін күресі, бокс, шығыс жекпе – жегі, волейбол, грек – рим күресі, самбо, көркем гимнастика, ауыр атлетика, шаңғы жарысы, қазақ күресі, дзюдо, жеңіл атлетика дамыған.

Қалалық жарыстарды өткізуге және облыстық жарыстарға қатысуға құрама командаларды жіберуге қалалық бюджеттен 27 млн. теңге бөлінді.

Қаланың спорт өміріне белсене араласатын қала спорты ардагерлерінің Кеңесі құрылды.

Спорттың даму болашағы және проблемаларын талқылау мақсатында қала әкімімінің қала спорттық қоғамымен кездесу өткізуі жақсы дәстүрге айналған.

2013 жылдың 12 айында қалада 400 – ден астам спорттық жарыстар өткізілді. Соның ішінде кейбір жарыстар күнделікті өткізілді. Мысалға:

Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған 250 адамның қатысуымен өткен «Каратэ- нашақорлыққа қарсы» атты ұранмен ХVІІ дәстүрлі жүгіріс;

3000 адамның қатысуымен Ұлы Отан Соғысының Жеңіс күніне арналған қала көшелеріндегі 72-ші дәстүрлі жеңіл атлетикалық эстафета;

70 аулалық командалардың қатысуымен 2000-дай ұлдар мен қыздар, футболдан балалар мен жасөспірімдер арасындағы, қала әкімінің жүлдесіне «Былғары доп – 2013» қалалық турнирі;

29 000 адамның қатысуымен өткен «Олимпиадалық күн» мейрамына арналған бұқаралық шаралар;

85 000 адам қатысқан,  Ертіс өзенінің жағалауында, барлық колледждер мен жалпы білім беретін мектептердің спорт алаңдарында өткізілген, «Денсаулық фестивалі-2013» республикалық спорттық шаралары өткізілді;

Футболдан әуесқой футболшылар арасында Лига құрылып, 30-дан астам командалар қатысты, ол 900 адамды құрады.

Қаланың жеңіл атлетикашылары БҰҰ ұранымен өткізілген «Бейбітшілік жүгірісі» бүкіл әлемдік эстафеталық достық жүгірісінің акциясына қатысты.

«Наурыз мейрамы» құрметіне қаланың әртүрлі алаңдарында гір тасын көтеру спортынан, таэквондодан, дойбыдан және үстел теннисінен жарыстар өткізілді.

2013 жылдың 23-27 қаңтарында «Аралас пирамида» бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді;

1983 жылдан бері алғаш рет қалада шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, ол жарысқа еліміздің әртүрлі облыстарынан 500 –ге жуық спортшы қатысты;

30 наурыз – 4  сәуір аралығында қалада 1993-1994 жылғы жастар арасында самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді;

2013 жылдың 21-23 қыркүйегінде қазақ елінің даңқты палуаны Дәулет Тұрлыханов жүлдесіне қазақ күресінен ересектер арасында ІІ Халықаралық турнирі өткізілді;

«Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Тұрлыхановтың мемориалы», грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының Кубогі өткізілді;

28 қазан – 4 қараша аралығындағы 15 команданың қатысуымен футболдан есту қабілеті төмен мүгедектер арасындағы футболдан ҚР Чемпионаты өтті.

15-17 қарашада Дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде 500 спортшының қатысуымен таэквондодан Семей қаласының кубогы өтті.

8 желтоқсанда 270 спортшының қатысуымен кобудо – каратэден қаланың ашық чемпионаты өткізілді.

Кәсіпорындардың коммерциялық, банк салаларының, кәсіподақ және күзет мекемелерінің еңбек ұжымдарының арасында спартакиадалар өткізіліп тұрады.

Жыл сайын дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылығымен салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік органдар қызметкерлерін дене шынықтыру және спортқа баулу мақсатында жеті спорт түрінен мемлекеттік қызметкерлердің қалалық спартакиадасы өткізіледі.

2013 жылдың 24 – 27 маусымында қалада спорттың 20 түрі бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімінің жүлдесіне XVII облыстық халық ойындары өтті.

Тұрғындардың қысқы демалысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар, соның ішінде қысқы спорт түрлері бойынша «Алтын шайба», «Шаңғы шақырады», «Жаңа жыл жарысы», аула клубтарының қысқы старттары және т.б. бар.

«Қазақстан – Семей» теле арнасымен бірге «Спорт Әлемі» апталық бағдарламасы жұмысын бастады. Спорттық іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында тарату бойынша ақпараттық қолдауды «Хабар», «Қазақстан – Семей», ТВК -6, 31 арналары және «Семей таңы», «Ертіс өңірі», «Спектр», «Наше дело» газеттері көрсетеді.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ШҚО және оның қалаларының белгілі спортшыларының билбордтары орнатылған.

2012 – 2013 жылғы қала активінде 100 –ден астам Азия және Әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, соның арасында: Лондондағы ХХХ Олимпиадалық ойындардың дзюдо күресі бойынша қатысушысы –  Қосаев Еркебұлан;

- Ересектер арасында бокстан әлем чемпионы Ақшалов Мерей, 26 қарашада қалалық мәдениет сарайында құрметтеу болып өтті.

- Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың жүлдесіне өткен қазақ күресінен Республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы Нұғымаров Айбек;

- Вагнер Виктория – жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Словения), Гизат Ж. – жастар арасындағы дзюдо күресі бойынша Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Тайпей), Аманбаева Ж. – таэквондодан Азия чемпионы (Душанбе), Найманбаев З. – штанганы жатып көтеру түрінен абсолюттік салмақ дәрежесінде Азия чемпионы, пауэрлифтинг бойынша Азия чемпионы Алтайбаев А.

Тюмен қаласында (Ресей) қараша айының басында гір тасын көтеру спортынан Кенжебаева Айым әлем чемпионы атанса, Мәулетова Альмира қола медальді ұтып алды.

5-15 желтоқсанда Түркияда кикбоксингтен әлем чемпионаты өтіп, Құдайбергенов Бауыржан бірінші орынды иеленді.

21-25 желтоқсанда Минск қаласында қазақ күресінен әлем чемпионаты болып, Айбек Нұғымаров және Мұхит Тұрсынов чемпион атанды.

350-ден астам спортшылар әртүрлі республикалық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары атанды.

Ардагерлер мен зейнеткерлер үшін дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде «Денсаулық тобы» ұйымдастырылған;

Әкім аппаратыныңжәне дербес бөлімдердің қызметкерлері аптасына 2 рет спорт залға барады.

Қалада «Ел-Қайраты» және «Жастар» ерікті спорттық қоғамдары құрылған.

Қазақстан футболының 100 – жылдығын мерекелеу аясында жыл басынан бері жүзден астам спорттық іс – шаралар өткізілді. Күрестен, жеңіл атлетикадан, бокстан, велосипедтен, волейболдан, каратэден, пауэрлифтингтен өткен жарыстардың барлығы Қазақстан футболының 100 – жылдығына арналды.

- 511 млн. теңге қаражатына «Спартак» стадионына күрделі жөндеу жүргізілді.

- қалада және ауылдық округтерде 14 шағын футбол алаңы салынды, соның ішінде 6 бюджет қаражаттары есебінен, 8 қаланың кәсіпкерлері есебінен;

- «Миллиондар кубогының» ақтық жарыстарында республикамыздың 12 мықты командасынан 400 –ге жуық футболшы ойын көрсетті;

- «Спартак» Москва, «Динамо» Тбилиси, «Динамо» Киев, «Спартак» Семей, «Алга» Бішкек, «Рубин» Қазан, «Қайрат» Алматы, әйгілі командалар ардагерлерінің арасында блиц – турнирлер өткізілді;

- Қызылорда - Қарағанды – Павлодар – Семей бағытында республикалық веложүгіру өтті;

- қала көшелерінің бірі «Қазақстан футболына 100-жыл» көшесіне ауыстырылды.  

Футболдан Қазақстан Республикасының чемпионатында «Спартак» командасы күміс медальді ұтып, премьер – лигадағы ойындарға қатысуға жолдаманы ұтып алды.

1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың күніне орай, қалада 2000 адамды қамтыған, 11 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Біздің жетекші палуандарымыз Тараз қаласында өткен «Еуразия барысы» турнирінде бас жүлдені ұтып алды.

2013 жылдың 15 – 20 қарашасында Өскемен қаласында дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, 73 кг. салмақ дәрежесінде Дастан Ықыбаев чемпион атанды, абсолюттік салмақ дәрежесінде Даурен Нұралинов бірінші орынды жеңіп алды.

2013 жылдың 30 желтоқсанында қалалық футбол федерациясының жиналысы болып, жылдың қорытындысы, негізгі проблемалар және болашақтағы Семей футболының даму мәселелері бойынша сұрақтар қаралды.

2014 жылдың басында қала әкімінің тапсырмасымен дене шынықтыру ұжымдарының арасында футбол бойынша, ауыл жастары спартакиадасын және студенттер универсиадасын жаңғырту жоспарлануда.

Ұлттық спорт түрлерін дамыту үшін 2014 жылдың 1 қаңтарынан «Тұлпар» ат-спорты клубы құрылды.

Өңдеу күні: 04-11-2014