Бөлім туралы

«Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын,  жергілікті мемлекеттік басқарудың оның құзырына жатқызылған жекелеген функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті атқарушы орган болып табылады.

Бөлім заңнамамен белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды іске асырады:

1) білімді дамыту бағдарламаларын іске асырады;

2) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;

3)  білім  алушылардың  ұлттық  бірыңғай  тестілеуге   қатысуын ұйымдастырады және білім сапасын сыртқы бағалауға жәрдемдеседі;

4) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;

5) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарын құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді;

6)  мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау жасайды және жәрдемдеседі;

7)  мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;

8)  балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

9) қала ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді;

10)  мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

11) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

12) мектептен тыс  білім  беру  ұйымдарын   қоспағанда,  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

13)  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

14)  білім  беру  ұйымдарында  оқу  бітірген  адамдарды   жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

15)  ауылдық жердегі білім беру ұйымдарына жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

16)  білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;

17)  мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

18)  білім беру мониторингін жүзеге асырады;       

19)  негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін
оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

20) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

21) білім беру  ұйымдарындағы  психологиялық қызметке әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;

22)  негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

23) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

24)  білім алушыларды мектеп жоқ елді мекендерден ең жақын мектепке және кері тегін тасымалдауды ұйымдастырады;

25) оқушыларды жалпы орта білім алғанға оқытуды жүзеге асырады және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік емес бастауыш кәсіптік білім беретін ұйымдарға қабылдау жоспарын әзірлейді;

26) ведомстволық  қарасты  білім беру  мекемелерінде  тәрбие  үдерісін ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асырады, өз құзыреті шектерінде осы бағыт бойынша өңірлік бағдарламалар мен жоспарлар әзірлейді, жоғары тұрған органдарға  есеп береді;

27) оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру;

28) Қазақстан Республикасының  заңнамасына  сәйкес  педагогтарға әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етеді;

29)  белгіленген тәртіппен білім беру мекемелерінің педагог, басшы және басқа да қызметкерлерін аттестаттауды өткізеді, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады.

Өңдеу күні: 06-01-2017