Басы » Акимат » Актуально » Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы

 

Өнеркәсіп. 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қаланың өндірістік кәсіпорындары 118,7млрд.теңге сомасына тауар өнімін өндірді. Нақты көлем индексі – 100,0%.

Аграрлы секторда жалпы өнім көлемі 2011 жылдағы 15,3 млрд.теңгеге қарсы 16,9 млрд.теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 103,3%.

Ет өндіру 10,5% - ға (20,4 мың тоннаға қарсы 22,6 мың тонна),сүт өндіру 1,0 % өсті, жұмыртқа өндіру - 93,2%-ға (өткен жылғы кезеңдегі 45,8 млн. данаға қарсы 3,1 млн. тонна) кеміді.

2012 жылдың 1 желтоқсанына ірі қара мал басы – 3,5% ға қой мен ешкі – 0,2% -ға, жылқы – 8,5%-ға (17,4 мың басқа қарсы 18,9 мың бас) , құс – 41,4%-ға (592,47 мың басқа қарсы 855,5 мың басқа)  көбейді.

Бөлшек тауарайналымының көлемі111,6 млрд. теңгені құрады немесе 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда (92,3 млрд.теңге) 20,7%-ға көбейді. НКИ-116,5%.

2013 жылдың 1 желтоқсанына шағын бизнестегі белсенді кәсіпорындар саны 970 бірлікті немесе 2011 жылдың осындай кезеңіне (969 бірлік) 100,1%-ды құрады. 

Негізгі капиталға инвестиция 40,4 млн.теңге сомасында игерілді немесе 2011 жылдың деңгейіне (34,7 млрд.теңге) - 116,4% құрады. Соның ішінде экономиканың нақты секторында – 18 620 млн.теңге. НКИ- 90,9%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 15,2 млрд.теңге, немесе өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 4,1 %-ға жоғары (14,5 млрд.теңге). НКИ- 101%.

Есепті кезеңде жалпы ауданы 75,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өткен жылғы деңгеймен сәйкес.

2013 жылдың 1 қаңтарына жеке табыс көздері бойынша қала бюджеті 101,8%-ға орындалды. 10 609,3 млн. теңге жоспардың орнына 10 795,2 млн. теңге түсті.

2013 жылдың 1 қаңтарына Семей қаласы бюджетінің шығыс бөлігі 23 491,9 млн.теңге жоспардың орнына 23 373,9  млн. теңге сомасында немесе 99,5%-ға атқарылды.

2013 жылдың 1қаңтарына жұмыссыздардың тіркелген саны 2011 жылдың осындай мерзіміндегі 1150 адамға қарсы 1110 адамға есептелді немесе 40 жұмыссызға аз.

1 қаңтарға аз қамтылған азаматтар саны 4280 адамды құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен (4370 адам) салыстырғанда 90 адамға аз.

Орта және ірі кәсіпорындардағы қызметкерлердің орташа айлық атаулы жалақысы 2012 жылдың қаңтар-қарашасында  78385 теңгені құрады, 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда (65 120 теңге) 20,4 %-ға артты.