Басы » Акимат » Общая категория » Қала әкімдігі бойынша 2018 жылға тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі есеп

Қала әкімдігі бойынша 2018 жылға тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі есеп

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес Семей қаласының жергілікті атқарушы органдары 93 Мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, бұл ретте 61 қызмет көрсетуге өтініш мемлекеттік органдарға берілуі мүмкін, 51 қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы, 50 - Электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. 
2018 жылы қала әкімдігімен 187 240 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік органдар арқылы – 29837(16%), "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы – 38729(20,7%), электрондық түрде (қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы, ЭҮП және "Е-лицензиялау" арқылы - 118674(63,3%).  
Бүгінгі күні тұрғындар арасында жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу, білім беру, ветеринария және жер қатынастары саласындағы қызметтер сұранысқа ие.
Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу бойынша 2017 жылы – 57468 қызмет, 2018 жылы - 62431 қызмет көрсетілді. 2017 жылы "Ветеринариялық анықтама беру" қызметін 10 623 өтініш беруші пайдаланды, 2018 жылы – 8581.
" Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу " қызметы бойынша 2017 жылы – 7293, 2018 – 7618 қызмет көрсетілді.
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» қызметы бойынша өтініштер саны 2017 жылы - 6096, 2018 жылы-7237 құрайды.
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» қызметі 2017 жылы - 6945 өтініш берушіге ұсынылды, 2018 жылы өтініштер саны - 7579.
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» қызметі бойынгша 2017 жылы – 8451, 2018 жылы - 10581 қызмет көрсетілді. 
"Тұрғын үй көмегін тағайындау" "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы"  қызметіне 2017 жылы 870 қызмет көрсетілген, 376 өтініш берушіге есепке қоюдан бас тартылды. 2018 жылы 796 адам кезекке қойылды, оның ішінде 253 өтініш берушіге есепке қоюдан бас тартылды.
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіретін жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізеді.  
Семей қаласы әкімінің аппараты басшысының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 138 бұйрығымен бекітілген 2019 жылға арналған Семей қаласының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау іс-шараларының жоспары негізінде 9 бақылау іс-шаралары өткізілді. Анықталған бұзушылықтар саны-269. Бақылау іс-шаралар қорытындысы бойынша 5 жаза берілді .
2011 жылдан бастап әкімдікте Call-орталық жұмыс істейді: 52-11-98 телефон нөміріне қоңырау шалып, азаматтардың электрондық үкіметтің дамуы және электрондық қызметтер туралы сұрақ қоюға және түсініктеме алуға мүмкіндіктері бар. Азаматтар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қажетті ақпаратты қала әкімінің ресми сайтынан ала алады. Сондай-ақ, қала әкімінің сайтында балабақшаға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне кезек туралы ақпарат бар. Тізімдерді жаңарту мерзімділігі-ай сайын. Бұл ретте контентті алу үшін авторизация немесе аутентификация талап етілмейді, бұл сайтқа барлық келушілердің тізіміне еркін кіруге мүмкіндік береді.
Халық арасында электронды түрде қызмет көрсетуді танымал ету және цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында Семей қаласы әкімінің аппараты "Азаматтарға арналған үкімет" МК "КЕ АҚ ШҚО Семей қаласы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің, "Қазпошта" акционерлік қоғамының өкілдерімен бірлесіп 29 оқыту семинары өткізілді. Семинар өткізу нәтижесінде 3824 адам оқытылды. 2018 жылғы 21 желтоқсандағы қала әкімі аппараты басшысымен бекітілген «электрондық үкімет» порталын насихаттау бойынша тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу медиа жоспарына сәйкес жергілікті теледидар бойынша жеті бағдарлама өткізілді және электрондық тәсілмен мемлекеттік қызметтерді алу мәселесі бойынша мақалалар орналастырылды.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар қабылдануда. Мемлекеттік органдардың барлық ғимараттары пандустармен жабдықталған, тірек-қимыл аппараты мүгедектерінің қол жетімділігі үшін санитариялық - гигиеналық үй-жайлар, көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған тактильді ақпарат құралдары (Брайль жүйесі бойынша қаріпті қайталайтын тактильді тақтайшалар) бар. Қызмет көрсету туралы көрнекі ақпарат құралдары, өтініш үлгілері, қажетті құжаттар тізбесі және т. б. бар стендтер орнатылған.
 
 
 

Қала әкімдігі бойынша 2017 жылға тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі есеп

 

Қала әкімдігі бойынша 2015 жылға тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі есеп 

 

Қала әкімдігі бойынша 2014 жылға тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі есеп 

 

Қала әкімдігі бойынша 2013 жылға тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі есеп 

Пока еще нет комментариев
Captcha