Сабитов Равиль Кенжебекович

Сабитов Равиль Кенжебекович

Сабитов Равиль Кенжебекович,

1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. 2001 жылдан 2005 жылға дейін Өскемен қ. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық университетінде, «Ұйым менеджменті»  мамандығы бойынша «Экономика және менджмент» факультетінде білім алды.

2001 жылдан 2005 жылға дейін Алматы қ. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетінің  Халықаралық Бизнес Мектебінде (IBS) оқыды, мамандығы – «МВА Жалпы менеджмент», академиялық дәрежесі – Іскерлік  басқару магистрі (МВА)/.

2005 жылдан 2008 жылға дейін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалында менеджер ассистенті, сосын Персональды сервис орталығында менеджер болып еңбек етті.

2008 жылдың қыркүйегінен қазіргі кезге дейін Р.К. Сабитов «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да жұмыс істейді. Банктегі еңбек жолын тәуекел-менеджер қызметінен бастады. Осы 8 жыл ішінде қарапайым клиенттермен жұмыс жүргізу менеджерінен филиал директорына дейін көтерілді. 2013-2014 жылдары Өскемен қ. Банк филиалының қызмет көрсету орталығының бастығы болып қызмет етті. Сосын 2014 жылдың наурыз айында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Алматы қ. Орталық аппаратына Өңірлік менеджер қызметіне ауысты. Аталған жылдың қыркүйек айында Алматы облыстық филиалына филиал директорының орынбасары болып жіберілді. 2016 жылғы маусым айында Равиль Кенжебекович  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасының шешімімен Семей қ. филиалдың директоры қызметіне тағайындалды.