Сыздыханова Гулжан Аманжолқызы

Сыздыханова Гулжан Аманжолқызы
Сыздыханова Гулжан Аманжолқызы 1977 жылдың 1 шілдесінде Семей қаласында туган. Ұлты қазақ. Бөкенші орта мектебін бітіргеннен кейін, Семей қаласындағы № 24 профессионалдық техникалық училищиге түсті. Аталған училищені 1995 жылы бітіріп сол жылы Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетіне түсіп, 2001 жылы экономист-бухгалтер мамандығын алды. 
Еңбек өтілі 2005 жылы Жиенәлі ауылдық округінің жер қатынастары жөніндегі маманынан басталып, 2008 жылы аталған округтың бас маман-хатшы қызметіне тағайындалды. 2013 жылдың тамыз айында Жиенәлі ауылдық округінің әкімі қызметіне тағайындалды.