Жәрлікенов Нұркен Хұсатайұлы

Жәрлікенов Нұркен Хұсатайұлы
1961 жылы 20 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген, ұлты – қазақ. 1989 жылы Семей педагогикалық институтын «Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 
Өзінің еңбек жолын Семей қаласындағы ет комбинатында жұмысшы болып бастады. 1986-1988жж. - Семей қаласындағы топографиялық техникумның комсомол комитетінің хатшысы. 1988 жылдан 1989 жылға дейін Семей қаласындағы топографиялық техникумда тәрбиеші. 1989-1990 жылдар аралығында Семей қаласындағы облыстық еңбек штабының бас маманы. 1990-1992жж. - Семей қаласы «Созидатель» құрылыс кооперативінің цех басшысы. 1992 жылдан 1997 жылға дейін Семей қаласындағы «Жоламан» өзін-өзі басқару ұйымының басшысы. 1998 жылы Семей қаласындағы облыстық спорт мектебінің жаттықтырушысы. 1998-1999жж. – Семей қаласы әкімінің №1 муниципалдық округінің өкілі. 1999 жылдан 2001 жылға дейін Семей қаласы АҚ «Полимер-полиграфиялық комбинатының» сарапшысы.  2001-2004жж. – Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының «Көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары интернатының» директоры. 2004-2012жж. – жеке кәсіпкер. 
2012 жылдың сәуір айынан бастап 2017 жылдың тамыз айына дейн Достық ауылдық округінің әкімі.
2017 жылдың тамыз айында Достық ауылдық округінің әкімі болып қайта сайланды. 
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау:  күнделікті сағ.15.00-17.00
Телефон: 8/7222/ 57-52-45