Әдкеев Жаннұр Маратұлы

Әдкеев Жаннұр Маратұлы
1986 жылы 4 қарашада Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген.  Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін ветеринариялық санитарлық дәрігер мамандығы бойынша бітірген. Екінші жоғары білімін Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінде экономика мамандығы бойынша алған.
Еңбек жолы:
2003-2008 ж.ж Шәкәрім атындағы СМУ, ветеринария мамандығында оқыды.
2010 ж. мамыр айынан шілде айына дейін Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман – ветеринар міндетін атқарушы.
2010 ж. шілде айынан бастап Айнабұлақ ауылдық округі әкімшілігінде  бас маман – ветеринар болып қызмет атқарды.
2014 жылдың маусым айынан 2017 жылдың тамыз айына дейін Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман.
2013-2015 жылдары Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінде экономика мамандығын алды.
2017 жылдың 14 тамызынан бастап Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.
2017 жылдың 12 қазанынан бастап Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі.
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау күндері: дүйсенбі- 14- 30 дан 16- 00 ге дейін, сәрсенбі- 10- 00 ден 15- 00 ге дейін, жұма- 9- 00 ден 17- 00 ге дейін
Байланыс телефоны: 8-72-259-2-00-13