Фесенко Наталия Анатольевна

Фесенко Наталия Анатольевна

1962 жылы туған. Білімі жоғары, 1983 жылы Н.Крупская атындағы педагогикалық институтты қоғамтану және тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1984 жылы Семейдегі № 9 кешкі мектепте тарих пәнінен сабақ беруден бастаған. 1986 жылы қаладағы №11 мектепке сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың ұйымдастырушысы болып орналасқан ол осы мектепте 1990-1996 жылдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1996-2013 жылдарда мектеп директоры болып қызмет атқарды. 2013-2015 жылдарда «ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ басшысының орынбасары болды. 

2015 жылдың қаңтар айынан бастап Семей қаласының білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Н.А.Фесенко ҚР Білім беру ісінің үздігі (1999), «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған. 

 

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау күндері: сейсенбі күні 14.30-ден бастап 17.00 сағатқа дейін

Қабылдау бөлмесінің телефоны: 52-48-27

Сенім телефоны: 52-25-40

Электрондық адресі: n.fesenko@akimvko.gov.kz